Бүгін Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Әулиекөл ауданында іссапармен болды. Ол жаңадан салынып жатқан мешіттің құрылысымен танысты.
Жоспар бойынша аталмыш имандылық ордасы осы жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілмек. Қазіргі таңда мешітте жұмыс барынша қарқын алған. Оның іші-сырты қазіргі уақыт талабына сай болуына айрықша көңіл бөлінуде.
Бас имам дін қызметкерлерімен кездесу барысында ғимараттың көпшіліктің жиі бас қосатын рухани орнына айналуына тілектестігін білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі