Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев арнайы іс-сапармен Наурызым ауданындағы Шилі ауылына барды.
Ол алдымен аталмыш елді-мекендегі салынып жатқан мешіттің құрылысымен танысты. Осы имандылық ордасының тұрғызылуына мұрындық болған жергілікті белсенді тұрғындармен кездесті.
Жүздесу барысында мешіттің осы жылдың аяғына дейін пайдалануға берілетіндігін және білікті діни маманның қажеттігін білді.
Сондай-ақ Бектұрсын Торғайбайұлы ауыл тұрғындары және елді-мекендегі орта мектептің ұстаздарымен де жиын өткізіп, онда білім, мейірімділік, қайырымдылық, қазіргі таңдағы өзекті мәселе діни рәсімдердегі ысырапшылдықтың алдын алу жөнінде уағыз-насихат айтты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі