Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет арнайы іс-сапармен Қостанай ауданында болды. Ол алдымен, Тобыл қаласындағы «Маңдай батыр» мешітіне атбасын бұрып, киелі орындағы құрылыс және жұмыс жайымен танысты.
Содан кейін аталмыш ауданға қарасты Алтынсарин ауылындағы «Әлжан» мешітіне келіп, жүргізіліп жатқан құрылыстың барысын көзбен көріп, жергілікті ақсақалдармен кездесті.
Бұл имандылық ордасы осы жылдағы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында пайдалануға берілмек. Соған орай Бас имам облыстық мешіттің жанындағы Зекет және қайырымдылық қорының атынан ашылатын асханаға қажетті орындықтар мен басқа да керекті жабдықтар берілетіндігін тілге тиек етті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі