Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Нұрхан Бақтыбай жергілікті Назипа Құлжанова атындағы гуманитарлық және медицина колледждерінің студенттерімен кездесу .
Шараға арнайы Амангелді аудандық «Сатыбалды ишан» Бас имамы Нұрсұлтан Мұхаммеднұрұлы мен «Сарбас қажы» намазханасының молдасы Ысқақов Аслан шақырылған.
Олар «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында тұшымды насихаттар айтты. Колледждердің шәкірттері өздерінің ойларында жүрген көкейтесті сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жуырда Лисаков қаласындағы «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің Бас имам Әкімбек Асанов «Тілдерді оқыту» орталығының ұжымымен бірге Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне орай «Ақ бата» байқауын ұйымдастырды.
Осынау кейінгі жастарға тәрбиелік маңызы зор шараға шаһардың батагөй ақсақалдары белсене қатысты. Онда қаншама даналыққа толы ойлар айтылды.
Әкімбек Нұрханұлы аға буын өкілдерінің парасаттылығын танытқан байқауда өздерін жан-жақты көрсеткен барша қатысушыларға арнайы мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің ұйымдастыруымен «Дін діңгегім, дәстүр тірегім» атты ұлттық ойын түрлерінен спорттық іс-шара өткізілді.
Сонымен қатар жұма намазына келген жамағатқа алдағы келе жатқан Ұлыстың ұлы күнінің құрметіне Наурыз көже таратылды.
Жиынның соңында спорттық жарыстарға белсене қатысып, жүлделі орындарды иеленген азаматтарға сый-сияпат жасалып, мақтау қағаздары табыс етілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітінің «Әйел-қыздар» секторының ұстазы Гүлдана Жаңабайқызы «Асыл дінді ұлықта, салт-дәстүрді ұмытпа» атты мерекелік іс-шара өткізді.
Онда Бас имам Бектұрсын Торғайбайұлы басқосудың негізгі мақсатына жан-жақты тоқталды. Жиналғандарды алдағы мерекемен құттықтап, игі іске белсене атсалысқан қауымға алғыс хаттар мен сыйлықтарды табыс етті.
Ал, Гүлдана Жаңабайқызы дін мен дәстүрдің сабақтастығы жайлы насихат айтты. Бұл ғибраты мол іс-шарада тұсау кесер, тілашар сияқты салттар көрсетіліп, ұлттық асыл мұраларымыз жайлы әңгіме өрбіді.
Сондай-ақ, көпшілік жайылған дастархандағы ұлттық тағамдар мен наурыз көжеден дәм татты. Осылайша өскелең ұрпақ құнды әдет-ғұрыптарға қанығып, пайдалы мағлұматтар алды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Таяуда РАНТ мүшесі, Атыраудағы «Иманғали» мешітінің ұстазы Олжас Ысқақов қызмет бабымен өңірімізде болды.
Ол сапар барысында алдымен Қостанай қаласындағы №76 еңбекпен түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесті.
Сонымен қатар облыстағы дін саласындағы қызметкерлерімен «Жат ағым мүшелерімен сұхбат жүргізушінің әдістері» тақырыбында семинар өткізді. Сол күні кешке облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде жамағатпен кездесіп, орыс тілінде «История сподвижников» тақырыбында уағыз айтты.
Екінші күні №36 еңбекпен түзету мекемесінде жалпы жазасын өтеушілермен жүздесіп, алда келе жатқан қасиетті Рамазан айы жөнінде насихат жүргізді.
Содан кейін «Жайлаубай ата» мешітіндегі жайылған дастархан басында жамағатқа «Разделение общины» тақырыбында әңгіме өрбітті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жақында Руслан Жиенбаев Сарыкөл ауданындағы ауылшаруашылық колледжінде болды. Онда арақ пен темекінің адам баласына келтіретін зияны және қауіпті дерт суицид жөнінде әңгімеледі.
Бұл жүздесу орыс тілінде өткізілді. Студенттер өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Жалпы, жиын тиісті деңгейде ұйымдастырылып, жұртшылықтың көңілінен шықты.
Сондай-ақ, Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітінің ұстазы Наурызбек Сабыров аталмыш аудандық орталық кітапхана қызметкерлері және қазақ мектебінің мұғалімдерімен кездесті. Басқосуда «Дін және дәстүр» тақырыбы жан-жақты сөз болды.
Ол осы сапарында жергілікті мешіттегі бесін намазына қатысып, жиналған жамағатқа уағыз айтты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұстазы Арлан Бауыржанұлы жергілікті полиция басқармасымен бірге «Кейкі батыр» атындағы №4 орта мектебінде жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Онда «Ислам – ынтымақ, бейбітшілік діні» тақырыбында әңгіме өрбітті. Уағыз-насихат айту барысында жат ағымнан аулақ болып, діни мағлұматтарды тек мешіт имамдарынан ғана алу қажеттігін еске салды.
Имамның көпшілікке ой салар толғаныстарын ұстаздар мен шәкірттер ұйып тыңдап, таным көкжиектерін кеңейтті. Жиын үлкен әсер қалдырды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти
РАМАЗАН – РУХАНИ КЕМЕЛДЕНУ АЙЫ
Қадірлі отандастар!Сіздерді исі мұсылман баласы асыға күтетін, он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа бірлік пен береке, бақыт пен шаттық тілеймін! Рамазан айы құтты болсын!
Алла Тағала қасиетті Құранда: «Уа, иман келтіргендер! Өздеріңе дейінгі қауымдарға парыз етілгендей тақуалыққа жетулерің үшін сендерге де ораза ұстау парыз етілді» («Бақара» сүресі, 183-аят) деп баяндайды. Шариғатымыз бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз. Алайда жолаушылар, науқас жандар мен сырқаты асқынып кетуінен қауіптенген адамдар, сондай-ақ жүкті немесе емізулі баласы бар әйелдер ораза ұстауды кейінге қалдыруына болады. Бұған шариғатымыз рұқсат береді.
Рамазан айының қадірі мен қасиетін терең түсінген ізгілер оразаға алты ай қалған сәттен бастап: «Раббымыз, бізді Рамазан айына аман-есен жеткізе гөр!» – деп дұға жасаған. Сан ғасырдан бері Ислам дінін рухани тірегі еткен халқымыз берекелі Рамазан айын ерекше дайындықпен күтеді. Сауаптар еселеніп жазылатын айда ауызашар беріп, көмекке мұқтаж жандарға пітір садақасын үлестіріп, үлкендердің алғысы мен батасын алуға тырысады. Оразада игі ниетпен орындалатын ізгі амалдар бүгінде салт-дәстүрімізге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.
Рамазан – Алла Тағаланың мұсылмандарға берген ұлы сыйы, нығметі. Қасиеті мен шарапаты мол айда күнәларымыздан арылып, сауап жинауға, жан-дүниемізді тазартуға тырысқан абзал. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз үмбетін: «Бұл айда жәннат есіктері ашылады. Ораза тұтқан адамның алдыңғы және кейінгі күнәлары кешіріледі», – деп сүйіншілеген.
Рамазанда ауыз бекіткен исі мұсылман баласы өзін ішіп-жеуден ғана шектемей, жаны мен тәнін жамандықтан сақтап, ізгілікке ұмтылады. Іс-әрекетін мұсылманға тән әдеп аясында орындауға тырысады. Өйткені Рамазан – кез келген ізгі амалды риясыз ниетпен жасауға тәрбиелейтін, адамды тақуалыққа үйрететін ай.
Рухани кемелдену айы – Рамазанда барынша әдепсіз әрекет пен қате-кемшіліктен арылуды көздеген адам әдеп білмес жандардың дөрекі әрекеттерін кешіріп, сыпайы түрде «мен оразамын» деп кешірім жолын ұстанады. Кісінің кемшілігіне сабыр ету де – үлкен сауап. Алла Тағала «Шура» сүресінің 43-аятында: «Әрине кім сабыр етіп, кешірімді болса, дау жоқ, істердің ең маңыздысы осы», – деген.
Аштық пен шөлге төзіп, Алла разылығын алуды шынайы ниет еткен адамға берілетін сый мен құрмет ерекше болмақ. Алла Тағала құдси хадисте: «Аузы берік адам ішіп-жеуін Мен үшін доғарды. Ораза – Мен және құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен беремін. Аузы берік құлымның аштық пен шөлдеу себебінен шыққан ауыз иісі Мен үшін миск әтірінен де қайырлы», – деген.
Рамазан – Раббымыздың мейірім-махаббатына бөленетін ай. Берекелі, сауабы мол айда Алланың мейіріміне бөленіп, әрбір ізгі амалымыздың жақсылығы еселеніп жазылғай! Еліміз аман, жеріміз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай! Жаратушы Жаббар Иеміз келер жылғы ораза айына аман-есен жетуімізді нәсіп еткей! Әмин!
Наурызбай кажы ТАГАНУЛЫ,
Председатель ДУМК, Верховный муфтий
РАМАДАН – МЕСЯЦ ДУХОВНОГО СОВЕРШЕНСТВОВАНИЯ
Уважаемые соотечественники!Искренне поздравляю вас с наступлением священного месяца Рамадан, султаном двенадцати месяцев, которого с нетерпением ждет мусульманская умма! Желаю единства и благополучия, счастья и радости каждой семье! Пусть будет благословенным месяц Рамадан!
Всевышний Аллах повелевает в Священном Коране: «О те, которые уверовали! Вам предписан пост, подобно тому, как он был предписан тем, кто был до вас, чтобы вы стали богобоязненными» (Аль-Бакара, аят 183). Согласно нашему Шариату, пост в месяц Рамадан является обязанностью каждого мусульманина, достигшего половой зрелости и находящегося в здравом уме. Однако путешественники, больные и люди, которые опасаются, что их болезнь ухудшится, а также женщины, которые беременны или кормят детей, могут отложить пост. Наш Шариат это позволяет.
Богобоязненные люди, глубоко осмысливающие ценность и достоинство месяца Рамадан, за шесть месяцев до начала поста обращаются ко Всевышнему со словами: «Всевышний, благополучно приведи нас в месяц Рамадан!». Наш народ, издревле сделавший ислам своей духовной опорой, с особой подготовкой ждет благословенного месяца Рамадан. В месяц умножения наград стараются получить благодарность и благословение старших, раздавая милостыню тем, кто нуждается в помощи. Добрые дела, совершенные с чистыми намерениями, помыслами во время поста, стали нашей традицией и продолжаются из поколения в поколение.
Рамадан – великий дар и благословение Всевышнего Аллаха мусульманам. Лучше постараться избавиться от своих грехов, собрать награды и очистить душу в этом месяце, полном добродетелей и блага. Достопочтенный Пророк Мухаммад (да благословит его Аллах и приветствует) обрадовал свою умму: «В этом месяце откроются врата Рая. Предыдущие и последующие грехи постящегося будут прощены».
В Рамадан мусульманин не только ограничивает себя в еде и питье, а оберегает душу и тело от зла и стремится к духовному очищению и обогащению. Он пытается совершать свои поступки в рамках мусульманской морали. Потому что Рамадан – это месяц, который воспитывает совершать любое доброе дело с бескорыстным намерением и учит человека благочестию.
В Рамадан – месяце духовного совершенствования, человек, который хочет максимально избавиться от безнравственных поступков и ошибок, прощает грубые поступки людей и идет по пути прощения, проявляя максимум выдержки должен произнести: «Я соблюдаю пост». Быть терпеливым к своим недостаткам — тоже великая награда. Всевышний Аллах сказал в 43 аяте суры аш-Шура оповестил: «А если он терпит и прощает, то, воистину, это из дел, требующих решимости».
Особой будет награда и почитание человека, терпящего голод и жажду и имеющего искреннее желание получить довольство Всевышнего. Всевышний Аллах сказал в хадисе Кудси: «Соблюдающий пост, перестал ради Меня есть и пить. Пост — это поклонение между Мной и Моим рабом. Только Я отмерю ему награду и воздам за нее. Запах изо рта постящегося приятнее для меня, чем благоухание мускуса».
Рамадан – месяц милости нашего Создателя. Пусть Всевышний дарует Свою Милость в этот благословенный и вознаграждающий месяц, пусть умножатся добрые дела каждого из нас! Пусть наша страна будет в безопасности, наша земля будет мирной, а наша независимость будет вечной! Да дарует нам Всевышний Джаббар благополучно дойти до священного месяца следующего года! Аминь!
Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінің Бас имамы Нұрбол қажы Балахметов Құсмұрын ауылындағы №28 қазақ орта мектебінде кездесу өткізді.
Аталмыш жүздесуге білім ордасының 8-11 сынып оқушылары қатысып, біраз жайларға қанықты. Онда белгілі дін қайраткері балаларға Отанды сүю, жат ағымдардан сақтану, ата-ананы ардақтау, сапалы білім алу, ұстаздарды сыйлап, құрмет көрсету жайлы насихат айтты.
Ал, жергілікті ауыл молдасы Омар Закарин өз кезегінде дәстүрлі исламның құндылықтарына ден қойып, өскелең ұрпақ өкілдеріне үлгілі де тәртіпті шәкірт атануларына тілектестігін білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қасиетті Рамазан айының алдында Сарыкөл аудандық Аққозы мешітінің бас имамы Асылхан Түсіпбек Крылов ауылында болды. Онда ол жергілікті тұрғындармен кездесті.
Дін қайраткері Оразаның ерекшелігін түсіндіре келіп, жиналған қауымға оны ұстау әрбір дені сау азаматқа мұсылмандық парыздың бірі болып табылатындығын тілге тиек етті.
Сондай-ақ басқосуда дін және дәстүр тақырыбында кеңінен уағыз-насихат айтып, қойылған сауалдарға тұшымды жауап берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі