Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітінің Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы және Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Нұрхан Асанұлы бірқатар кездесулер өткізді.
Олар жергілікті политехникалық колледжі және медициналық колледж студенттерімен жүздесу барысында «Ізгі қоғам-білімді ұрпақ ел ертеңі» тақырыбын әңгімеге өзек етті.
Бұл жастармен ұйымдастырылған жиын өте әсерлі өтті. Имамдардың жауаптарына дән риза болған білім ордасының студенттері шынайы алғыстарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Тәжімбет Арқалық қаласына сапары кезінде жергілікті «Мухтасиб Әлмухаммед» мешітіне ат басын бұрып, имандылық ордасының тыныс-тіршілігімен танысты.
Онымен бірге Қостанай қалалық «Марал ишан» және Рудный қалалық «Нұр» мешіттерінің Бас имамдары Бектұрсын Торғайбайұлы мен Сабыржан Есмурзин болды.
Бахытбек Нұрғабылұлы мен Сабыржан Зейнелғабиденұлы Арқалық қалалық УК 161/12 түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен жүздесті.
Жазасын өтеушілер арнайы келіп, мағыналы әңгіме өткізгендері үшін имамдарға ризашылығын жеткізді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жақында Федоров ауданының Успенов елді мекенінде жиын болып өтті. Онда халқымыздың дәстүрінде бар тасаттыққа байланысты намаз оқылды.
«Жиентай қажы» мешітінің Бас имамы Ерлан Тілегенов арнайы жайылған дастарқан басында жергілікті жұртшылыққа тасаттық жайлы уағыз айтты. Оның мәні мен мақсатын жан-жақты түсіндірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Тобыл қаласындағы «Маңдай батыр» мешітінің найб имамы Думан Сәндібекұлы Қостанай аудандық мемлекеттік мұрағаттың қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуде адам өмірі, құндылықтар туралы сұрақ жауаппен алысып, онан соң негізгі тақырып аясында сөз қозғалды.
Дін қызметкері жалпы дінімізде «Қарыз берудің сауабы және уақытында қайтарудың жауапкершілігі» тақырыбында насихат айтылып, көкейіндегі сауалдарға жауап берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облысы Федоров ауданындағы Баннов жалпы білім беретін мектебінде тағылымы мол кездесу болып өтті. Оған ұстаздар және оқушылар қатысты.
Онда аудандық «Жиентай қажы» мешітінің Бас имамы Ерлан Тілегенов «Тәрбие-тал бесіктен басталады» деген тақырыпта уағыз айтты. Жиналғандар оның әңгімесін ұйып тыңдады.
Қозғалып отырған мәселе өте өзекті. Өйткені, еліміздің жарқын болашағы болып табылатын балалардың мінез-құлқы, еңбек пен білімге құштарлығы, отбасы мен мектеп қабырғасында қалыптасады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Ұлы пайғамбарымыздың мұсылмандарды ағаш егуге ынталандыратын бірнеше хадистері бар. Мысалы, бір хадисінде: «Қайсыбір мұсылман ағаш көшетін отырғызса, немесе егін ексе, кейін оның жемісінен адам жесе де, құс шұқыса да, мал жесе де, ол үшін садақа болып жазылып тұрады» делінген.
Тіпті Мұхаммед пайғамбарымыздың өзі де көзі тірісінде абаттандыруға ерекше көңіл бөлген. Оның тәлімі мол ісінен ғибрат алған азаматтардың бірі - Қостанай облыстық мешітінің жамағаты Алмат бауырымыз.
Ол жуырда Алтынсарин аудандық «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінің ауласына 27 терек отырғызды. Сөйтіп, жергілікті азаматтарға үлгі көрсетті. Қазақтың: «Атадан мал қалғанша, тал қалсын" деген мақалы да жұртшылыққа белгілі. Имандылық ордасының айналасына көшет отырғызуға мұрындық болған Алматқа Алланың нұры жауа берсін!
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Биыл еліміздің бірқатар өңірлерінде құрғақшылық болып тұр. Қар еріп, көктем келгелі бері жаңбыр жауған жоқ. Бұған әрине, егін өсіріп, мал бағып, содан нәпақасын айырып отырған диқандар мен малшылар қауымы алаңдаулы.
Мұндай кездері елді-мекендерде ғұмыр кешіп жатқан ағайындар қалыптасқан дәстүр бойынша мал сойып, дұға оқиды. Жуырда Қарабалық ауданындағы Бөрлі ауылы жамағаты бірігіп, тасаттық берді.
Аудандық «Ғашура ана» мешітінің Бас имамы Серік қажы Темірбекұлы жиналғандарға тасаттық жайында мол мағлұмат келтіріп, уағыз айтты. Тасаттық намазы оқылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі