Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінде «Қайырымды жұма» қайырымдылық акция аясында 10 көмекке мұқтаж көпбалалы отбасыларына азық-түлік таратылды.

Кезінде ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыз өзінің хадис-шарифінде мұсылман үмбетіне: «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар»,- деген өсиет қалдырған.

Осынау ұлағатты қағиданы бойтұмардай ұстанған жүрегі жомарт бауырларымыздың қатары көбейіп, Алла тағала олардың ізгі ниеттерін қабыл етсін!

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 06 Июль 2023 09:22

Жақсы іс жүрек жылытар

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы қайырымдылық мақсатында қыруар жұмыстар атқарып, қолдауға мұқтаж жандардың шынайы алғысына бөленіп келеді.

Жуырда Шоқан қажы Әмірханов бастаған имандылық ордасының қызметкерлері І топтағы мүмкіндігі шектеулі үш адамға қол ұшын созды.

Мәселен, екі кісіге 230 мың теңге тұратын қос мүгедектер арбасын сыйға тартты. Сондай-ақ, бір азаматқа Құрбан айтқа шалынған мал еті берілді.

«Кең болсаң, кем болмайсың!» демекші, жомарттық танытушы азаматтардың қатары көп болғай!

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 05 Июль 2023 13:05

Әулиекөлде өткен шаралар

Биыл да қасиетті Құрбан айт мейрамы Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешіті аумағында ойдағыдай атап өтілді. Соған орай бірқатар танымдық -тағылымдық жағы мол шаралар ұйымдастырылды.

Мерекеге осы аумақтағы үлкенді-кішілі қауым жиналып, көп жайға қанықты. Мәселен, тәтті тағамдар жәрмеңкесі, көздің жауын алған қолөнер бұйымдарының көрмесі, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалар үлкен әсер қалдырды.

Жергілікті мешіттегі кішкентай бүлдіршіндерге арналған сайыстар мен жарыстар өте көңілді өтті. Бұл мерекеде барлық қатысушыларға сыйлықтар мен ойыншықтар табыс етілді.

Сондай-ақ, осынау мұсылмандардың ерекше мерекесінің құрметіне балаларға балмұздақ, сусын, кәмпиттер үлестірілді. Ал мешіт қонақтары арнайы дайындалған ыстық палау мен бауырсақтан дәм татты.

Мерекенің тиісті деңгейде ұйымдастырылуына белсене атсалысқан жандарға Алланың нұры жаусын!

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 04 Июль 2023 12:10

Құрбан айттағы қайырымдылық

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша Қостанай облыстық мешітінің жанындағы Зекет және қайырымдылық қорының қызметкерлері Құрбан айт мерекесі барысында қарқынды жұмыс атқарды.

Үш күнде Мұхаммед Пайғамбарымыздың, ұлтымыздың біртуар тұлғасы Кенесары және тәуелсіздігіміздің жарқын болашағы үшін ғұмырын арнаған Алаштың бес арысының атынан құрбандық шалынды.

Атап айтатын болсақ жоғарыда аталған күндерде 1 түйе, 26 ірі қара, 311 қой, 1 ешкі сойылды. Нақты мәліметтерге сүйенетін болсақ, 22 тонна 380 келі ет көмекке мұқтаж жандарға таратылды. Бұл мақсатқа 62 млн. 867 400 теңге жұмсалды.

«Кең болсаң, кем болмайсың» деген қағиданы берік ұстанған демеушілер мен қайырымдылық шараларды ұйымдастырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігі айтарлықтай іс тындырып, халықтың шынайы алғысына бөленді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қостанай қалалық"Жайлаубай ата" мешітінің үйымдастырумен биылғы 5-30 маусым аралығында оқушыларға арналған "Имани жаз" атты жазғы діни сауат ашу курсы өткізілді.

Нақты деректер мен дәйектерге тоқталатын болсақ, дәріс барысында 22 ер бала мешітте жатып оқыды. Ал 40 қыз және 80 ер бала үйлерінен қатынап сауаттарын ашты.

Курс барысында 142 оқушы білім алып,сертификатқа ие болды. Ал мешітте жатып оқыған 22 талабаға барлық жағдай жасалды. Оларға күніне бес мезгіл тамақ берілді. Дүние танымдарын кеңейту мен саламатты өмір салтына баулу мақсатында мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Түлектерге сертификатпен қоса «Айттық» сыйлығы да тапсырылды.

Жоғарыда аталған "Имани жаз" курсына Астана медресесі мен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінен дәріс беру үшін бес шәкірт арнайы шақыртылды. Оларға жамағаттың көмегімен шәкірт ақы берілді.

Болашақта түлектеріміздің ішінен Қарилар мен дін саласында танымал ғалымдар шығып жатса нұр үстінен нұр емес пе.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Үстіміздегі жылы күллі мұсылмандар қауымы ерекше қадірлеп, қастерлейтін Құрбан айт мейрамы Ұзынкөл ауданыңда тиісті деңгейде аталып өтті. Үш күн бойы ағайындар бір-бірін шын жүректен құттықтап, ілтипат танытты.

Бас имам Есенкелді қажы Сақтағанұлының ұйытқы болуымен «Балықты» мешітінде айт намазы оқылды. Содан кейін аудан көлемінде құрбандыққа 3 ірі қара және 78 қой шалынды. Сойылған ет 168 көмекке мұқтад отбасыларына таратылды. Мешіт қызметкерлері Сатай және Преснягорьков ауылдарында болып, балаларға 10 дана «Құрбан айт тәттісі» мен 20 дана «Құрбан айт қоржынын» тапсырды.

Сонымен қатар имандылық жолында жүрген азаматтар аудандық ауруханаға арнайы барып, емделіп жатқан адамдардың хал-жағдайларын білді. Оларды мейраммен құттықтап, дайындалған тағамнан дәм таттырды.

Бұл мерекеде ұлттық спорт пен салт-дәстүрді жаңғыртуға да айрықша көңіл бөлінді. Мәселен, жастар арасында қазақша күрес, арқан тарту және гір тасын көтеруден жарыстар тартысты өтті. Сондай-ақ, келіндер сайысы да ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.

Мерекенің құрметіне асханада 150 адамға дастархан жайылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 04 Июль 2023 09:58

Арқада Құрбан айт қалай өтті

Қасиетті Құрбан айт мерекесі Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде жылдағыдай жоғары ұйымшылдықпен әрі тиісті деңгейде атап өтілді.

Аталмыш имандылық ордасының алаңына арнайы киіз үй тігіліп, келген барша қауымға жайылған ақ дастарханнан дәм ұсынылды. Алғашқы күнгі айт намазы оқылып болғаннан кейін шаһар әкімі Әмірхан Біркенұлының ұйытқы болуымен «Торғай ЕТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет комбинатында құрбандық шалынды.

Қала әкімдігі, жергілікті мешіт, Абай Құспанұлы басқаратын «Алюминстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және өзге де іскер әрі жанашыр азаматтардың ізгі ниетімен 2 ірі қара және өзге де ұсақ малдар сойылды.

Сондай-ақ, ұлттық ойындарымызды жандандыру мақсатында қол күресі, өгіз және арқан тартыс, дартс, гір көтеру сынды спорт түрлерінен сайыс өткізілді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қой және ақшалай сыйлықтар, грамоталар мен медальдар салтанатты түрде табыс етілді.

Төменде осы тағылымы мол мейрамды өз көздерімен көріп, куә болған қала тұрғындарының жылы лебіздерін беріп отырмыз.

Көшер Сарин:

-Мереке шын мәнінде өте әсерлі өтті. Өзімен бірге немеремді де ала келдім. Көп жайға қанықтық. Ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз.

Марғұлан Сабыржанов:

- Құрбан айт мейрамы әрбір шаңыраққа ырыс-береке, молшылық алып келсін. Бүгінгі көрсетілген бағдарламалар жұртшылықтың көңілінен шықты. Спорттық жарыстарды тамашалап, біраз серпіліп қалдық.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Биылғы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі Құбан айт мейрамымен тұспа-тұс келді. Алайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек қажы Тәжімбет бастаған дін қайраткерлері қалыптасқан дәстүр бойынша өңірдегі мешіттердің тыныс-тіршілігін, ізгі мақсаттағы қыруар жұмыстарын жыл бойы насихаттап жүрген журналистер қауымына ілтипат танытты.

Облыстық мешіттегі салтанатты жиынға есімі көпке танымал қаламгерлер мен белсенді тілшілер арнайы шақырылды. Олардың атына жылы лебіздер айтылып, Алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Суббота, 01 Июль 2023 09:37

300 отбасына ет таратылды

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша Қостанай облыстық мешітінің жанындағы Зекет және қайырымдылық қорының қызметкерлері Құрбан айт мерекесі барысында жұмыстарын барынша ширата түсті.

Олар «Раббың үшін құрбан шал» акциясын ұйымдастырып, көмекке мұқтаж 300 отбасына құрбандыққа шалынған малдың етін таратып, халықтың ризашылығына бөленді.

Жалпы, демеушілердің қолдауымен облыс орталығындағы «Аймағанбет Спанұлы», «Марал ишан» және «Жайлаубай ата» мешіттерінің ұжымы белсенділік танытып, ортақ іске өз үлестерін қосты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Өңірімізде Құрбан айт мерекесі қарсаңында ұлттық спортымызды жаңғыртуға байланысты бірқатар тағылымды шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі – көкпардан Қостанай облысының ашық чемпионатын айрықша атап өтер едік.

Бұл жиналған қауымның делебесін қоздырып, шабандоздардың мықтылығын дәлелдейтін додаға шашасын шаң жұқтырмайтын тұлпарлар мен білекті де қайратты жігіттер қатысып, бақтарын сынады.

«Жүзден жүйрік мыңннан тұлпар» демекші, Қостанай облысының Бас имамы, ұлттық спорттың нағыз жанашыры Бахытбек қажы Тәжімбеттің айтуына қарағанда, ипподромдағы көкпар өте тартысты әрі қызықты өтті.

Әдеттегідей жеңімпаздар да дараланып көзге түсті. Оларға лайықты құрмет көрсетіліп, арнайы дайындалған сыйлықтар табыс етілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«54555657585960616263»
Page 59 of 376

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником