Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Пятница, 23 Январь 2015 00:00

Мәуліт мерекесінің құрметіне

Жақында Тобыл кенті «Ажар» мешітінің бас имамы Игілік Дильдабековтың ұйымдастыруымен Тобыл кентінде Мәуліт мерекесінің құрметіне жастар арасында шағын футболдан жарыс өтті. Оған жеті команда қатысты.

Бұл игі шараға Облыстық «Марал ишан» мешітінің найб имамдары Дархан Сыздықов пен Асқар Қуатбеков Қостанайдан арнайы келді.

Жарыс басталмас бұрын, Тобыл кентінің әкімі Баймағамбет Каутин сөз сөйлеп, жиналғандарды Мәуліт мейрамымен құттықтады.

Сондай-ақ облыстық мешіттің найб имамы Асқар Мейрамбекұлы да мұсылман қауымына ең ізгі тілегін білдіріп, «Мәуліт» айының маңызы турасында уағыз айтып құттықтады.

Шағын футболдан өткізілген жарыстың соңында жұлделі орындарға ие болған азаматтарға арнайы сыйлықтар салтанатты түрде табысталды.

ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

2015 жылдың 24 қаңтарында Астана қаласындағы Конгресс Холл сарайында республикалық Мәуліт кеші өтеді.

Рухани кеште ғибратты жыр-термелер орындалып, тәрбиелік мәні мол сахналық қойылымдар көрсетіледі. Уағыз айтылып, бейнероликтер халық назарына ұсынылады. Кештің маңызы мен мәнін арттыратын шара – пайғамбарымыз Мұхаммедке (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) салауаттар оқылып, сәлемдер айтылады.

ЕСКЕРТУ: Мәуліт кешінің билеттерін Астана қаласы мешіттерінен алуға болады.Билетсіз кіруге болмайтынын қаперлеріңізге саламыз.

www.muftyat.kz

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

Аталған заң жобасының мақсаты исламдық сақтандыруды енгізу, ислам банктерінің қызметіне едәуір қолайлы жағдайлар жасау, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің тұрақтылығы мен қаржылық орталығын қамтамасыз ету болып табылады. Осымен қатар, заң жобасымен қызметкерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жолымен Қазақстанда толыққанды исламдық қаржыландыру жүйесін құру қарастырылады.

Бұл ретте заң жобасымен исламдық қаржыландыру жүйесін одан әрі дамыту үшін исламдық сақтандыруды енгізу қарастырылып отыр. Әдеттегі сақтандыру исламның сақтандыру қағидаттарына қайшы келетіні айқын. Бұл исламдық қаржы жүйесінің қатысушыларының тәуекелдерін жабуға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты құжатта исламдық қаржыландырудың негізгі қағидаттарын заң деңгейінде бекіту және исламдық сақтандыруды ынталандыру ұсынылады.

«Екінші оқылымға әзірлеу барысында депутаттар тарапынан кейбір нормаларды жетілдіруге бағытталған бірқатар түзетулер жасалды. Атап айтқанда, сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқор жүйесін қалыптастыру, исламдық сақтандыру ұйымының қызметіне қойылатын талаптарды нақтылау, исламдық лизинг пен негізгі қағидаттарын енгізу мен айқындау, сондай-ақ, исламдық банк операцияларын жасау тәртібі мен талаптарын оңайлату болып табылады», - дейді депутат Нұртай Сабильянов.

Оның айтуынша, заң жобасымен банктердегі ұлттық валютадағы депозиттерге кепілдік көлемін 5 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейін ұлғайту қарастырылады. Ал шетел валютасындағы депозит көлемі 5 млн. теңге шамасында қалады.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады.

www.inform.kz

Дінімізде басқаның қажетін өтеп, жетім-жесірге қамқор болу, жағдайы төмен адамдарға көмек қолын созу, дін жолында ілім алып жатқандарға жәрдем беру айырықша бағаланатын асыл қасиеттер. Имам Тирмизиден жеткен бір хадисте Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Су отты қалай сөндірсе, садақа да дәл солай күнәларды жояды» деп мұқтаждардың қажетін өтеуге үндеген. Рудный қалалық «Нұр» мешіті де Мәуліт айының құрметіне жеті мұқтаж отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетіп, жалғыз басты анаға пәтер жалдап, Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» университетінде оқып жатқан Рудныйлық шәкірттерге көмек көрсетті.

Мешіт тарапынан қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру - Қазақстан мұсылмандыр діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы еліміздің мешіттеріне белгілеп берген басым бағыттардың бірі,- дейді мешіт имамы Сейіт Темірбекұлы.

Понедельник, 19 Январь 2015 00:00

Төрт шәкіртке сыйлық тапсырылды

Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінде Мәуліт мерекесі құрметіне қайырымдылық жасау дәстүрге айналған. Ол биыл да өзінің жалғасын тапты. Енді осыған қысқаша тоқталып өтелік.

Қазақтың іскер жігіті, дін саласында едәуір тәжірибе жинақтаған, яғни жоғарыда аталған мешіттің бас имамы Азамат қажы Серікбайұлы басқаратын мешіт қызметкерлері Ұлы Пайғамбарымыздың туған күніне орай өңірімізге кеңінен таныс, ұлтымыздың мақтанышы Нұржан Наушабаев атындағы мектеп-интернатта білім алып жатқан төрт шәкіртке оқу барысында қолданатын құрал-жабдықтарды табыс етті.

Осындай сыйлыққа ие болған әлгі оқушылар өздеріне қамқорлық жасаған мешіт қызметкерлеріне шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдіріп, оларға халыққа көрсетіп жатқан игі істері үшін дән риза екендіктерін айтты.

ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 19 Январь 2015 00:00

Мешітте Мәуліт оқылды

Асылхан қажы Түсіпбек ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкіл имамы болып тағайындалғалы бері барлық деңгейдегі мешіттерде әрбір діни мерекенің тек ұйымдастырылуына ғана емес, оның жұртшылыққа берер тәлімдік-тәрбиелік жағына айрықша назар аударып келеді.

Сол себептен де болар, облыстық Марал ишан мешітіндегі әрбір басқосудың өзіндік орны бар. Мәселен, жуырдағы жұма намазында Асылхан қажы қасиетті Мәуліт айының құрметіне орай жиналған жамағатқа Мұхаммед Пайғамбардың өмірбаяны турасында уағыз айтты.

Сонымен қатар осы басқосуда Мәуліт оқылды. Бұл орайда облыстық Марал ишан мешітінің наиб имамдары Дархан Сыздықов пен Асқар Қуатбековтердің тың ізденістері мен біліктіліктерін ерекше атап өткен жөн.

Киелі орынға жиналған қауым Мәуліттің мән-жайын терең түсініп, дін қайраткерлеріне өздерінің шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдірді.

ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 19 Январь 2015 00:00

Затоболдағы Мәуліт мерекесі

Ұлы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің туған күні, яғни Мәуліт мерекесі Қостанай өңірінде де жылда жоғары деңгейде өткізіліп келеді. Оны ұйымдастыруда аудандар мен қалалардың имамдары да жоғары саналылық пен іскерлік танытуда.

Жергілікті мұсылман қауымы да жыл сайын бұл мерекені асыға күтеді. Өйткені оның кейінгі жастарға да берер тағылымдық-тәрбиелік маңызы ерекше. Сондықтан биыл да аталмыш мейрамға қандастарымыз жан-жақты әзірлікпен келді.

Осы сөзімізге нақты мысал ретінде жуырда ғана облыс орталығымен іргелес жатқан Қостанай ауданының орталығы Затобол кентіндегі «Алтын дән» мәдениет үйінде өткізілген Мәуліт мерекесін атап өткеніміз жөн.

Оған «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Азамат қажы Серікбайұлы мұрындық болды. Оны жергілікті іскер азаматтар қолдап, өнерпаздар өздерінің өнерлерін көрсетті.

Жиналған қауымды осынау дәстүрге айналған мейраммен Қостанай ауданының әкімі Тәуба Исабаев шын жүректен құттықтап, оларға алдағы уақытта да мықты денсаулық, отбасына бақыт тіледі.

Осы айтулы күнді өткізуге мұқият көңіл бөліп, имамға қолдау көрсеткен ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкіл имамы Асылхан қажы Түсіпбек барша мұсылмандарға Мәуліт мерекесінің мән-маңызын түсіндірді. Оның ғибраттық жағына айрықша көңіл бөліп, қой жылы барша жамағатқа тек молшылық, ізгілік әкелсін деген ең ізгі лебізін білдірді.

Мұндай мерекелер қалталы әрі жанашыр азаматтардың көмегінсіз болмайтындығы белгілі. Сондықтан басқосуда аудандық мешітке тұрақты қамқорлық жасап, нағыз демеушілік жасап келе жатқан бірқатар азаматтарға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері талғампаз жұртшылыққа екі сахналық қойылымды көрсетіп, олардың құрметіне бөленді. Облыстық балалар үйінің өкілдері арнайы келіп, өздеріне тұрақты назар аударып, жоғары адамгершілік қасиеттермен ұл мен қыздардың ерекше ілтипатына ие болған облыстық Марал ишан және Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің бас имамдары Асылхан Түсіпбек пен Азамат Серікбайұлына да ризашылықтарын білдірді.

Қос дін қайраткеріне Алғыс хаттар тапсырылды. Бұл да болса аты-жөндері аталған имамдардың «Жетім көрсең, жебей жүр» деген қағиданы берік ұстанып, балалардың арасында үлкен беделге ие болғандығын айғақтаса керек.

Сондай-ақ мерекеде аудандық «Маңдай батыр» мешітінде жұма намазы алдында шәкірттер Мәуліт және Салауаттар оқуда әбден шыңдалып, білімдері тереңдеп келе жатқандықтарын айқын дәлелдеді.

Міне, осылайша бұл мереке барлық қонақтар мен жиналған қауымға үлкен ой салды. Олардың Ұлы Пайғамбарымыз Мұхаммедке деген құрметтерін бұрынғыдан да арттыра түсті.

ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником