Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Қостанай өңіріне сапары барысында облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітіне ат басын бұрды.

Онда ақсақалдар алқасы және дін қызметкерлерімен кездесті. Маңызды басқосуды облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали жүргізді.

Мәлік Нұржанұлы биыл Атырауда өткен үшінші Ұлттық Құрылтайдағы мемлекет басшысының бағдарламалық баяндамасына жан-жақты тоқталды.

Біз үшін басты міндет - тәуелсіздігімізді баянды ете отырып, әр азамат өз қызмет орнында адалдық, жауапкершілік танытулары қажет екендігін айтты.

Ол жүздесуде қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға күнделікті өмірден нақты мысалдар келтіре отырып, жауап берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 20 Июнь 2024 14:53

Құрбан айттағы қайырымдылық

Қостанай облысында үстіміздегі жылы Құрбан айт мерекесі тиісті деңгейде аталып өтті. Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша биыл да қайырымдылыққа айрықша көңіл бөлінді.

Жалпы, өңір бойынша сол күндері 700-ге жуық қой, 100-ге жуық ірі қара құрбандыққа шалынды.

Соның ішінде мешіттер арқылы 452 қой, 61 сиыр сойылды. Көмекке мұқтаж 4839 отбасыға 33179 келіні құрайтын ет таратылды. Шаңырақ иелері мешіт қызметкерлеріне шынайы алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 20 Июнь 2024 12:53

Лисаковта Құрбан айт

Лисаков жаңалықтары

Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешіті ұжымының ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесіне орай 3 ірі қара, 18 қой құрбандыққа шалынды.

Сойылған малдың еттері шаһардағы көп балалы, жалғыз басты, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі 60 отбасына ет таратылды.

Футболдан турнир

Жақында Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің ұжымы Құрбан айттың құрметіне футболдан қалалық турнир ұйымдастырды. Оған 4 команда яғни аталған мешіт, өрт сөндіру бөлімі, денсаулық саласы, күзет қызметкерлері қатысты.

Турнирдің қорытындысында жүлделі І орынды денсаулық саласы, ІІ орынды мешіт, ІІІ орынды өрт сөндіру бөлімінің командалары иеленді.

Ойын соңында Бас имам Әкімбек Асанов қатысушыларды марапаттап, шынайы алғысын жеткізді. Содан кейін мешіттің ауласында құрылған киіз үйде дастархан жайылды. Жиналғандар ұйымдастырушыларға дән ризашылығын білдірді.

Балалар қуанышы

Жуырда Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің қызметкерлері жаны жайсаң жомарт жандардың қолдауымен Құрбан айт мерекесіне орай 30 балаға тәттілер үлестірді.

Өскелең ұрпақ біздің болашағымыз. Сондықтан олар осындай ұлық мейрамдарды сезініп өсуі әрқашан басты назарда. Сол күні бүлдіршіндер жанашыр азаматтардың дарқан пейілдері мен ыстық ықыластарынан қуанышқа бөленіп, ұмытылмастай әсер алды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жақында ЖАНТ мүшесі, Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің найб имамы Бақберсін Ізбасар Сарыкөл аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері және жергілікті мешіт жамағатымен кездесу өткізді.

Онда ол ана тілімізде «Ислам және дәстүр құндылығы» тақырыбында уағыз - насихат айтты. Жиналғандар көп жайға қанығып, өздерінің көкейінде жүрген сауалдарына нақты жауап алды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жақында Федоров аудандық «Жиентай қажы» мешітінің Бас имамы Руслан Маратұлы жергілікті Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушыларымен кездесті.

Онда әрбір өскелең ұрпақ жастық шақты тек оқу және тынымсыз ізденіспен өткізулері қажет екендігі, қамшының сабындай қысқа өмірде парақорлық, нашақорлық, жемқорлық секілді тағы да басқа абырой әпермейтін жат әдеттерден аулақ болулары жөнінде жан-жақты айтылды.

Басқосуда ислам дінінде біреудің ақысын жеу үлкен күнәлардың бірі болып табылатындығы, адал еңбек қана адам баласын бақыт пен көздеген мақсатына жеткізетіндігі хақында тілге тиек етілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы демеушілердің қолдауымен үнемі қайырымдылық мақсатында нақты жұмыстар жүргізіп келеді.

Осы сөзіміздің дәлелі ретінде жуырда көмекке мұқтаж 27 отбасына азық-түлік тапсырылды. Әрине, шаңырақ иелері имандылық ордасының қызметкерлеріне өздерінің шынайы алғысын білдірді.

Жүрегі мейірімге толы дін қызметкерлері мен жомарт жандарға Алланың нұры жауа берсін!

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 05 Июнь 2024 10:01

Қостанай: Qamqor-Sharapat семинары

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облыстық өкілдігі «Жайлаубай ата» мешітінде «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығы және ас беру мәдениеті» тақырыбында семинар өткізді.

Бұл іс-шараға қала имамдары, облыстық мешіттің найб имамы Әлішер Балахмет қатысты. Жиында «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының жауапты қызметкері Ерлан Өмірбекұлы ақпараттық насихатты жеткізді.

Семинарға қатысуш дін өкілдері көкейдегі сауалдарын қойып, пікірлерін ортаға салды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Нұрхан Асанұлының бастамасымен Халықаралық балаларды қорғау күні ойдағыдай аталып өтілді.

Мәселен, ол бастаған қызметкерлер аталмыш шаһардағы даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернатында болды. Онда тәрбиеленіп жатқан жиырма оқушыға тәттілерді табыс етті.

Бас имам балаларды мерекемен құттықтап, оларға ең ізгі тілегін білдірді. Естелікке суретке түсті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Өткен 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің ұжымы және демеушілер жергілікті жамағаттардың балаларына есте қаларлықтай ойын-сауық ұйымдастырды.

Бұл тағылымы мол басқосуда Бас имам Әкімбек Асанов бүлдіршіндерге сыйлықтарды табыс етті. Сондай-ақ, оларға дәмді тағамдармен бірге сусындар да берілді.

Үлкен қуанышқа кенелген балдырғандар мен ата-аналар мешіт қызметкерлері және жанашыр азаматтарға шынайы алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«24252627282930313233»
Page 29 of 376

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником