Жақында киелі Түркістан шаһарында есте қаларлықтай айтулы оқиға болды. Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кезінде Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабын Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне табыс етті.
Осынау рухани іс-шараға Кенесары хан мен Марал ишан бабамыздың ұрпақтары және зиялы қауым қатысып, тарихи сәтке куә болды. Қостанай облысынан барған белгілі қоғам қайраткері, дін жанашыры Оралхан Таңжарықов, қалалық «Марал ишан» мешітінің Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев және Ұзынкөл аудандық «Құрман баба» мешітінің бас имамы Есенгелді қажы Ажмахан, журналист Қыдырбек Қиысхан сапардан үлкен әсермен оралды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі