Жақында Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Нұрхан Асанұлы және қалалық әкімдік қызметкерлері ежелден келе жатқан дәстүрімізге сай тасаттық ұйымдастырды.
Онда ауылшаруашылық саласы өкілдерінің демеушілігімен ірі қара мал құрбандыққа шалынып, жамағаттың қатысуымен намаз оқылды. Олар жаратушыдан егін және шабындық бітік болуы үшін жауын сұрады.
Бас имам жиналған қауымға «Алладан кешірім сұраудың» маңыздылығы жайында уағыз айтты. Басқосуда қала әкімі Әмірхан Асанов сөз сөйлеп, халықтың тілегі қабыл болсын деген ізгі тілегін білдірді.
Тасаттыққа жалпы қала тұрғындары және қалаға қарасты ауылдардан әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы мүшелері шақырылды.
Көптің ниеті орындалып, елдің ырыс-несібесі арта берсін!
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі