Жақында Арқалық қаласындағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал даму» бөлімінің маманы Нұрбек Қанатұлы арнайы іс сапармен болды.
Оның мұнда келудегі басты мақсаты – шаһардағы «Торғай ет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты комбинатына халал дамусертификатын беруге байланысты тексеріс жұмыстарын жүргізу еді.
Ол тексерістің барысында осы жерде өндірілетін консервілер мен шұжықтар талапқа сай келетіндігін және алдағы уақытта тиісті сертификат берілетіндігін айтты.
Елордамыз Астанадан келген білікті маман имандылық ордасында жамағатпен кездесті. Жиынға қатысушылардың қойған сауалдарына нақты жауап беріп, ризашылықтарына бөленді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі