Жуырда Арқалық қалалық “Мухтасиб Әлмұхаммед” мешітінің бас имамы Нұрхан қажы Асанұлы Ашутасты ауылындағы “Ашутасты” мешітінде іс-сапармен болды.
Ол аталмыш елді мекенге ат басын бұрғанда жергілікті имандылық ордасының тыныс-тіршілігімен, ондағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Осындағы жұма намазына қатысып, уағыз-насихат айтты. Ауылдағы жамағаттар оның ой-пікірлерін ерекше ықыласпен тыңдап, ұмытылмас әсер алды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі