Ауызашар берілді
Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы Ережеп айының құрметіне ораза ұстаған жамағатқа ауызашар дастарқанын жайды.
Онда наиб имам Қазбек Кошеров намазхандарға орыс тілінде “Богобоязненность причина вхождения в Рай” тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Жиынның соңында ақсақалдар бата берді.
Мешітте дәріс оқылды
Жоғарыда аталған мешіттің бастамасымен намазхандарға үнемі уағыз-насихат айтылып, дәрістер өткізіліп келеді. Өйткені, жамағат сауатты болса, дініміз де алға басатыны белгілі.
Жақында наиб имам Бақберсін Ізбасаров ”Исламдағы әйел кісінің мәртебесі“ деген тақырыпта дәріс оқыды. Оны жамағат ұйып тыңдады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі










