Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Четверг, 02 Сентябрь 2021 17:31

Қостанай - Рудный

Жалпы мешіттердің қызметінің бірі қайрымдылық шараларын өткізу болып табылады. Осы орайда облыс орталығы Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» және Рудный қалалық «Нұр» мешіті жаңа оқу жылына өз үлестерін қосты.

Аталмыш мешіттерде облыстық мешіттен бастау алған «1000 бала» шарасы аясында «Мектепке жол» қайырымдылық науқаны өткізіліп, көмекке мұқтаж көпбалалы отбасылар т.б. кісілерге қолдау көрсетілді.

Бұл мақсатта «Жайлаубай ата» мешітінде 40 балаға ал Рудный қалалық «Нұр» мешіті 30 балаға мектепке қажетті оқу құралдары табыс етті.

-Біз қолымыздан келгенше жылда осы кезеңде аталмыш іс-шараны ұйымдастырамыз. Демеушілердің қолдауымен оқушыларға сөмке, дәптер, қалам-қарындаш секілді мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз еттік. Жалпы қалалық білім бөлімімен тығыз байланыста жұмыс істейміз, - дейді мешіт имамы Бектұрсын Уәлиев. 

Мешіт ұжымы қуаныштан жүздері бал-бұл жанған оқушыларға оқуда үздік нәтижелерге жетулеріне тілектестіктерін білдірді. Ал олардың ата-аналары шараны ұйымдастырушыларға және демеуші жандарға алғыстарын білдірді.

Қостанай облысының баспасөз қызметі

Четверг, 02 Сентябрь 2021 16:35

Науырзым сапары

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Науырзым ауданында іс-сапар болып, аудан орталығындағы ақсақалдармен кездесті.

Содан кейін жергілікті мешітке 2 000 000 теңгеге сатып алынған асхана ғимаратын аралап, ондағы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты.

Осы сапар барысында ауданның «Қожа» ауылындағы намазханаға атбасын бұрды. Осынау имандылық ордасының қазіргі таңдағы тыныс-тіршілігін біліп, алдағы жүзеге асырылар істер жайлы өз ойын ортаға салды.

Қостанай облысының баспасөз қызметі

Пятница, 27 Август 2021 16:10

Арқалықта жаңа имам

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет қасиетті жұма күні Арқалық шаһарында іс-сапармен болды. Онда ол жергілікті «Мухтасиб Әл-мұхаммед» мешітіне атбасын бұрып, жамағатпен кездесті.

Жүздесуде кадрлық мәселе қаралды. Осы кезге дейін Бас имам болып қызмет атқарған Дархан Қосылбаевқа атқарған жүмыстары үшін алғысын білдіріп, иығына шапан жапты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиінің бұйрығымен Арқалық қаласының Бас имамы Бақтыбай Нұрхан Асанұлына жамағатқа таныстырылды.

Сонымен қатар Бахытбек Нұрғабылұлы шаһардың әкімі Асанов Әмірханға жаңадан тағайындалған Бас имамды таныстырып, қаладағы діни ахуал туралы сөйлесті. Өз кезегінде қала әкімі жауапты қызметке кіріскен Нұрхан имамға жергілікті халықпен тіл табыса отырып, сенім биігінен көріне беруіне тілектестігін жеткізді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 26 Август 2021 11:36

1000 бала

Мына тіршілікте балалардың жүздері бал-бұл жанып, қуанып, шаттанғандарына ештеңе жетпейді. Мұны дін саласында жүрген азаматтар да жақсы түсінеді. Сондықтан болар, Қостанай облыстық мешітінің ұжымы жылда қалыптасқан дәстүр бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын биыл да тиісті деңгейде ұйымдастырды.

Жалпы быйылғы жылғы аталмыш шарасы аясында өңір бойынша 1000 балаға мектепке киетін киім-кешек, сабақ барысында қолданатын қажетті құрал-жабдықтар мен сөмекелері берілетін болатынын облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет атап өтті.

Облысымыз бойынша барлық мешіттерде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына қайырымдылық көмегін көрсете отырып, жаңа оқу қарсаңында табыс тіледі.

Өз кезегінде ата-аналар қауымы «Бар жақсылық - балаларға» деген қағиданы берік ұстанып, қашан да қол ұшын беруге дайын тұратын мешіттің Бас имамы мен барша қызметкерлеріне, “Зекет және қайырымдылық” қорының өкілдеріне шын жүректен шыққан шынайы алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ислам дініне құрметпен қарайтын азаматтар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы «Халал даму» бөлімі құрылғаннан бері біздің солтүстік өңірде де таза өнім өндіретін яғни онымен шұғылданатын мекемелер, кәсіпорындар және дәмханалар қызуғышылық танытып келеді.

Осы орада сөзіміз жалаң болмасы үшін нақты мысылдарға жүгініп өтелік. Қазіргі таңда астықты аймақ Қостанай облысында да «Халал дамуға» байланысты сертификат алушылар қатары арта түскенің айтып өткен абзал.

Мәселен, өңірдегі «Халал даму» бөліміне жетекшілік ететін Әлішер Ертайұлы қаншама игі істерге ұйытқы болып, жұмысты барынша жандандыра түсуде.

Мәселен жуырда облыстағы «Хан сарай» дәмханасы, «Agro trade 10» асханасы жаңадан сертификатқа ие болды. Сондай ақ «Ару ана 2010» диірмені, «Север ет» қасапханасы сертификаттарын жаңартты. Бір тәжірибелі қасапшы осындай маңызды құжатқа ие болды.

Міне, өткен апта бойы Әлішер Ертайұлы осы ұжымдардың басы-қасында болып, оларға сертификаттарды табыс етіп, халық игілігі жолындағы қызметтерінде толағай табыс тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 19 Август 2021 15:12

«Құран жарысы» өтті!

Ислам дінінің негізі, қайнар көзі - қасиетті Құран Кәрім екені баршамызға белгілі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы, Қостанай облысы бойынша мешіт шәкірттері арасынан жыл сайын түрлі сайыстар тұрақты ұйымдастырылып келеді. Тамыз айының 18-ші жұлдызында Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде «Құран сенің шапағатың» атты Х Республикалық Құран жарысының іріктеу сайысы өтті.

Қазылар алқасы Құранның тәджуиді мен махражына (әріптің дұрыс шығуы) және оқу мақамына әрі жаттау қабілетіне аса мән берді.

Аталмыш облысымызда карантин режимінің сақталынуына байланысты сайысқа жалпы саны 20-ға жуық қатысушы қарилар қашықтықтан яғни, онлайн жүйедегі «zoom-платформа»-сы арқылы қатысты. Бұл іс-шара Құранның 30, 20, 10 парасын жатқа және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша ұйымдастырылды.

Мәнерлап оқу бойынша: І орын – Әбілқасым Абдурахманұлы

10 пара бойынша: І орын – Нагим Ахмет Мейрамбекұлы

20 пара бойынша: І орын – Әбдішаих Бекзат Нурланұлы

30 пара бойынша: І орын – Расулов Гуламжан Гафуржанович

Жарыста әр 4 номинацияның 1-ші орынға иеленген қатысушы қарилар ғана Республикалық жарысқа жолдама алды. Ал қалған жарысқа қатысушы қариларға ынталандыру ретінде сыйлықтар табысталды.

Алла Тағала қари-хафиздарымыздың санын арттырып, елімізге, дінімізге адал қызмет етуін баршамызға нәсіп етсін!

 

Қостанай облысы «Марал ишан»

мешітінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником