Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Индонезия Ғұламалар Кеңесі төрағасының орынбасары Әнуар Аббас екіжақты ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Кездесу барысында тараптар құжаттың өзара ынтымақтастықты арттыруға бағытталғанын атап өтіп, бейбітшілікті ілгерілету мен «Ихсан» ілімі аясындағы серіктестікті кеңейтуге ниетті екендіктерін білдірді.

Сондай-ақ келіссөздерде радикализмнің алдын алу, пәтуа және шариғат саласында тәжірибе алмасу, өркениетаралық диалогты дамыту, жасанды интеллектті пайдалана отырып ислам құндылықтарын насихаттау мәселелері қаралды.

Меморандум қазақ, индонезия және ағылшын тілдерінде әзірленді.

Дереккөз: ҚМДБ МЕН ИНДОНЕЗИЯ ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ , Muftyat.kz

Четверг, 18 Сентябрь 2025 10:52

Мәуліт мерекесі аталып өтті

Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешітінің әйел-қыздар ұстазы Аяулым Ермекқызы "Адамзаттың асыл тәжі" атты мәуліт мерекесін өткізді.

Онда Алланың кәләмі Құран оқылып, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің құрметіне салауат пен оның өнегелі өмірі жайлы уағыздар айтылды.Сондай-ақ, "Пайғамбарға сағыныш хаты" атты хат жазудан жарыс ұйымдастырылды.Сайыстың қорытындысы бойынша жамағаттың арасынан Гульсира Ким бірінші орынды иеленді. Мәуліт мерекесіне атсалысқан барлық азаматтарға Алла сауаптан жазсын!

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымының (ICESCO) бас директоры Салим бин Мұхаммед әл-Малик мырзамен ресми кездесу өткізді.

Кездесу барысында білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық, мәдени мұраны сақтау және рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ ислам әлеміндегі бірлік пен өзара түсіністікті нығайтудың маңызы атап өтілді.

Дереккөз: СЪЕЗД АЯСЫНДА БАС МҮФТИ ICESCO БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ , Muftyat.kz

Среда, 17 Сентябрь 2025 17:23

Имамдар белсенділік танытты

Хадистердің бірінде "Тазалық- иманның жартысы' делінген. Түсінген адамға бұл даналық сөздің астарында үлкен мән жатыр.

Жуырда Қостанай облыстық "Аймағанбет қажы Спанұлы" мешітінің іші-сыртына тазалық жұмыстары жүргізілді. Оған барлық имамдар мен мешіт қызметкерлері белсене атсалысты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Бахрейн Корольдігінің Ислам істері жөніндегі Жоғары кеңестің төрағасы Абдурахман бен Мұхаммад бен Рашид Әл-Халифа мен Ислам істері жөніндегі Жоғары кеңес Төрағасы кеңсесінің директоры Саид Мұхаммад Жалал Абдулла Абдурахим мырзаларды қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Бахрейн арасындағы діни-рухани байланыстарды дамыту, ислам құндылықтарын насихаттау және өзара тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Мәртебелі меймандар Қазақстанда дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің өтуін әлемдік деңгейдегі маңызды бастама екенін атап өтті.

Басқосу соңында Бас мүфти Рашид Әл-Халифаға ілтипат көрсетіп, сый-сияпат тарту етті.

Дереккөз: ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ БАХРЕЙН КОРОЛЬДІГІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАДЫ , Muftyat.kz

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллмен кездесті.

Кездесуде дінаралық татулықты нығайту және қоғамда рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелері сөз болды.

Кездесу соңында тараптар Съездің қазіргі замандағы диалог пен бейбітшілікке қосып отырған үлесінің маңыздылығын атап өтті.

Дереккөз: БАС МҮФТИ МӘСКЕУ ЖӘНЕ БҮКІЛ РУСЬ ПАТРИАРХЫ КИРИЛЛМЕН КЕЗДЕСТІ , Muftyat.kz

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі өз жұмысын бастады.

Биылғы форумның тақырыбы – «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия». Съезге әлемнің 60-тан астам елінен 100-ден аса делегация, оның ішінде түрлі діндер мен халықаралық ұйымдардың беделді өкілдері қатысуда.

«Қазір жер жүзінде сын-қатерлер көбейіп, халықаралық ахуал ушығып тұр. Соның салдарынан түрлі қақтығыстар көбеюде. Алмағайып кезең ешкімге оңай болып жатқан жоқ. Өкінішке қарай, соғыстың сипаты мен болмысы белең алуда. Дегенмен біз өткен заманнан дұрыс сабақ алып, сындарлы әрі ашық келіссөздерге ұмтылуымыз керек. Мәмілеге балама жоқ. Бұл тұрғыдан алғанда, бүгінгі Съездің мән-маңызы айрықша. Дін басшыларын гуманистік көзқарастарды ту еткен Бейбітшілік елшілері деп айтуға болады. Сіздер ортақ мүдде үшін бірігіп, әлем жұртшылығын игі мақсат жолында жұмылдыруға ниет білдіріп отырсыздар. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде.

Съезд жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да қатысуда.

Айта кетейік, VIII съезд екі күнге жалғасып, пленарлық және секциялық отырыстар форматында өтеді.

Дереккөз: АСТАНАДА ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ VIII СЪЕЗІ БАСТАЛДЫ , Muftyat.kz

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі – қазіргі әлемдегі дінаралық татулықты нығайтып қана қоймай, бүкіл адамзатқа ортақ құндылықтарды қорғауға, жастардың бойына ізгілік пен парасаттылықты сіңіруге зор мүмкіндік береді.

Қазақстанның бастамасымен дәстүрге айналған бұл халықаралық форум – еліміздің бейбітшілік пен келісім жолындағы игі үлесінің айқын көрінісі.

Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Біріккен Араб Әмірліктерінің Ислам істері және уақыптар жөніндегі Бас басқармасының төрағасы Омар Хабтур Әл-Дарий мырзамен ресми кездесу өткізді.

Мәртебелі мейман Қазақстанда дәстүрге айналған халықаралық форумның бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтудағы рөліне жоғары баға беріп: «Қазақстан – дінаралық татулықтың, толеранттылық пен бейбітшіліктің жарқын үлгісі. Осындай ұстаным діни бірлік пен өзара құрметті дәріптеумен ерекшеленеді. Съездің тұрақты өткізілуі – соның айғағы», – деп атап өтті.

Кездесуде тараптар өзара ынтымақтастықты арттыру мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, діни пәтуа беру, жасанды интеллектті қолдану, діни білім беру және тәжірибе алмасу бағыттары бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы қарастырылды.

Дереккөз: VIII СЪЕЗ АЯСЫНДА ҚМДБ МЕН БАӘ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА РЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ , Muftyat.kz

Бүгін Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Дүниежүзілік Ислам лигасының Бас хатшысы Мұхаммед ибн Абдулкарим әл-Исамен кездесті.

Мәртебелі мейман алдымен Республикалық Бас мешітті аралап, оның сәулеттік ерекшеліктерімен және діни-ағарту бағытындағы қызметімен танысты.

Кездесу барысында тараптар ислам құндылықтарын насихаттау, бейбітшілік пен келісім мәдениетін ілгерілету, өркениеттер арасындағы өзара түсіністік пен диалогты дамыту мәселелерін талқылады. Осы мақсатта ҚМДБ мен Дүниежүзілік Ислам лигасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат өзара теңдік, құрмет, ашықтық және ортақ мақсаттарға адалдық қағидаттарына негізделген.

Кездесу соңында тараптар игі бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға уағдаласты.

Дереккөз: ҚМДБ МЕН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИСЛАМ ЛИГАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ , Muftyat.kz

«891011121314151617»
Page 13 of 397

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником