Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Понедельник, 22 Сентябрь 2025 09:20

Жамағаттың алғысына бөленді

Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітіне қасиетті жұма күні халық көп жиналды.

Онда намаздан кейін жамағатқа ыстық тамақ пен тәтті сусындар таратылды.

Көпшілік қауым имандылық ордасының қызметкерлері мен демеушілік еткен азаматтарға шынайы алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 19 Сентябрь 2025 15:02

Мешіттегі Мәуліт мерекесі

Жуырда Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы қасиетті Рабигуль айында Мұхаммед пайғамбарымыздың туған күнін атап өтті.

Қонақтар шешен қауымдастығы жамағатының Мәуліт шарифі мен мешіт шәкірттерінің салауат- сәлемін ұйып тыңдады.

Бас имам Шоқан Ғазизұлы үгіт-насихат айтты. Мерекенің соңында Тұрғын ақсақал бата берді. Жиналғандар кешкі намазын оқып, көңілді тарқасты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Иран Ислам Республикасының Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының басшысы Мехди Иманипурды қабылдады.

Қабылдауда мәдениет пен ғылым саласындағы ықпалдастық, діни-ағартушылық жобаларды жүзеге асыру және рухани мұраларды насихаттау мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықтың ортақ бағыттарын айқындап, болашақта бірлескен бастамаларды қарастыруға ниет білдірді.

Дереккөз: БАС МҮФТИ ИРАН ӨКІЛІ МЕХДИ ИМАНИПУРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ , Muftyat.kz

Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Финляндия архиепископы Тапио Юхани Луомамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қоғамның тұрақтылығы мен адамзаттың ортақ құндылықтарын қорғаудың өзектілігін атап өтті. Архиепископ форумды халықтар мен мәдениеттерді жақындастыратын маңызды алаң деп бағалап, Қазақстанның осы бағыттағы тәжірибесін қолдайтынын жеткізді.

Сонымен қатар съездге Финляндия елінің ресми өкілі ретінде қатысқан мәртебелі қонақ Финляндия мұсылмандарының да Қазақстан халқына арнайы сәлемін жеткізді.

Дереккөз: ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ФИНЛЯНДИЯ АРХИЕПИСКОПЫМЕН КЕЗДЕСТІ , Muftyat.kz

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің жабылу рәсімі өтті. Айтулы шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы екі күнге созылған съезд жұмысын қорытындылап, түрлі дін өкілдерін бір арнаға тоғыстырған форумның маңыздылығына тоқталды.

«Меймандарымыздың діні мен ділі бөлек болса да, тілегі мен ниеті бір екені сөзсіз. Съездің қорытынды Декларациясы – соның айқын дәлелі. Құжатта ортақ идеялар мен ұсыныстар көрініс тапты. Жалпы, форумның түпкі мәні де – осы. Біз құрмет пен сыйластыққа негізделген сындарлы диалогтың куәсі болдық. Ең бастысы, дінбасылар ортақ мүдде жолында күш біріктіруге дайын екенін көрсетті», – деді Президент.

Жабылу рәсімінде бірқатар мәртебелі меймандар сөз сөйлеп, форум жұмысына жоғары баға берді.

Алқалы жиында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің қорытынды Декларациясы қабылданды.

Дереккөз: ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ VIII СЪЕЗІ АЯҚТАЛДЫ , Muftyat.kz

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен әл-Азһар шейхы, Жоғарғы имам Ахмет Тайыптың орынбасары, профессор, доктор Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайни Ислам әлемінің көрнекті ғұламасы, шейх Ахмет Тайыптың «Ислам дініндегі негізгі ұстанымдар» атты еңбегінің тұсаукесеріне қатысты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кітаптың маңызына тоқталып: «Бұл еңбекте сенім, құлшылық және көркем мінез қағидалары жүйелі түрде түсіндірілген. Ол дін қызметкерлері үшін уағыз-насихат пен діни оңалту бағытындағы маңызды құрал болмақ. Сонымен қатар, медресе шәкірттері мен жастардың имандылығын арттыруға, рухани дүниесін байытуға септігін тигізеді деп сенеміз», – деді.

Іс-шараға әл-Азһар шейхы, Жоғарғы имам Ахмет Тайыптың орынбасары, профессор, доктор Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайни, Мұсылман Ақсақалдар Кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Абдельсалам, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Мұсылман ақсақалдар кеңесі Орталық Азия кеңсесінің бас үйлестірушісі Дархан Қыдырәлі, сондай-ақ ҚМДБ Ақсақалдар кеңесі мүшесі Жабал Ерғалиев пен Діни басқарма өкілдері қатысты.

Бұл туынды ислам ғылымының тереңдігін айқындап көрсететін рухани тәрбие құралы ретінде бағаланады.

Дереккөз: ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МЕН ӘЛ-АЗҺАР ШЕЙХЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ДІНИ ЕҢБЕКТІҢ ТҰСАУКЕСЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ , Muftyat.kz

Четверг, 18 Сентябрь 2025 17:26

Жамағатқа кесенелер таныстырылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы "Darhan Dala" жобасы аясында Қостанай облысындағы Жангелдин және Арқалық аудандарының жамағаттары Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлы мен Кейкі батырдың кесенесіне зиярат жасады. Онда ұлы тұлғалардың рухына Құран бағышталды.

Мешіттердің Бас имамдары жұртшылыққа кесенелерді таныстырып, зиярат етудің әдебі жөнінде уағыз- насихат жүргізді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Бүгін Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Сенім экстремизмге қарсы: діндердің бітімгерлік әлеуеті» тақырыбындағы төртінші секция отырысында баяндама жасады.

Өз сөзінде Бас мүфти еліміздегі бейбітшілік дәстүрінің маңызын атап өтіп: «Бірлік пен бейбітшіліктің алтын бесігіне айналған еліміз тұрақты түрде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін өткізіп келеді. Мемлекет басшысы қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы бір сөзінде: «Бұл форумды өткізуге Қазақстанның бастамашылық етуі бекер емес. Себебі қазақ жері ғасырлар бойы Батыс пен Шығыстың арасындағы көпір болып келеді. Осында, яғни Ұлы дала төрінде небір алып көшпелі империялар өмір сүрген. Діни ұстамдылық – олардың бәріне ортақ сипат. Съездің өткізілуі – еліміз бен бүкіл әлемде диалог пен ынтымақтастықты нығайтуды көздейтін Қазақстан саясатының маңызды бағыты», – деп атап өткен еді», – деді.

Сонымен қатар, Наурызбай қажы Тағанұлы: «Расында бұған дейінгі форумдарда қабылданған декларацияларда қандай идеялардың атын жамылғанына қарамастан радикализм, зорлық-зомбылық пен қақтығыстар әрдайым сынға алынды. Қазіргі күрделі жағдайда діни көшбасшылардың бір үстел басына отырып, кез келген қайшылықты еңсеретін ізгі амалдың үлгісін күллі әлемге көрсетуі аса маңызды», – деп ой түйді.

Басқосу барысында Сауд Арабиясынан Ислам ынтымақтастығы ұйымы Бас хатшысының орынбасары доктор Юсеф Мұхаммед Әлдубай, Финляндия Эвангелиялық-лютеран шіркеуінің примасы Тапио Юхани Луома, Франция Сыртқы істер министрлігінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Жан-Кристоф Пооссель, Еуропалық мұсылман көшбасшылары кеңесінің төрағасы имам Яхья Паллавичини, АҚШ-тағы Еуразиялық еврейлерді қолдау ұлттық коалициясының жетекшісі Марк Левин, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Елнар Берікбаев және Чехия Республикасының Сыртқы істер министрлігінің арнайы өкілі Роберт Ржегак баяндама жасады.

Дереккөз: БАС МҮФТИ СЪЕЗД АЯСЫНДА «СЕНІМ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ: ДІНДЕРДІҢ БІТІМГЕРЛІК ӘЛЕУЕТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ , Muftyat.kz

«78910111213141516»
Page 12 of 397

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником