Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Құрметті отандастар!

Баршаңызды мұсылмандардың қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!

Рамазан – адамзат баласын рухани тазару арқылы мейірімділік пен сабырлылыққа жетелейтін ұлық та қасиетті айлардың бірі.

Ораза айттың шуақты күндерінде мұсылмандар бір-біріне айттап, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдіреді.

Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қуанышқа кенелту де – қасиетті мерекенің жарқын көріністерінің бірі.

Ораза айт – бір шаңырақтың астында ауызбіршілік пен келісімде өмір сүріп жатқан барша қазақстандықтарды біріктіре түсетін ынтымақ мейрамы.

Осы мызғымас құндылықтарымыздың арқасында біз Тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жылда қарқынды түрде дамып келеміз.

Қастерлі Қазақстан жерінде өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өркениеттер үндестігіне сүбелі үлес болып қосылуда.

Ораза айт мерекесіндегі игі істер исламның қайырымдылық пен мейірімділіктің, өзара көмек пен жанашырлықтың діні екенін айшықтай түседі.

Қасиетті мейрам күндері әрбір шаңыраққа шаттық пен денсаулық, игілік пен бақ-береке тілеймін.

Елімізде бірлік пен келісім салтанат құра берсін!

Ораза айт мерекесі құтты болсын!

akorda.kz

Понедельник, 04 Июль 2016 18:09

«Қалааралық тегін такси» акциясы

Облыс орталығына жақын орналасқан Рудный қалалық «Нұр» мешіті қасиетті Рамазан айында сауапты істер қатарындағы қайырымдылық шараларына ерекше назар аударғаны белгілі.

Осы сөзіміздің нақты дәлелі ретінде Рудный қаласында „қала аралық тегін такси акциясы„ ұйымдастырылып, шаһар тұрғындары Рудный-Қостанай бағытында тегін тасымалданды.

Сондай-ақ, аталмыш шараға арнайы қатысқан Рудный қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Сейіт Темірбеұлы жолаушыларды жылы лебізбен қарсы алды. Оларға қасиетті Рамазан айы мен Қадір түнінің ұлықтығын айта келіп, сәт-сапар тіледі.

Қала тұрғындары «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші, осынау шараға белсене атсалысып, өздерінің игі мақсаттағы көмектерін тигізіп жатқан такси жүргізушілеріне шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын жаудырды.

Оларға Алла тағала Қасиетті Рамазан айындағы жасап жатқан игі істеріңіз бен ниеттеріңіз қабыл болып, елімізде тыныштық пен ауызбірлік нығая берсін демекпіз.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пятница, 01 Июль 2016 13:37

«Жұмадағы сауапты амал»

Рамазан айындағы басталған игі іс-шаралар өз жалғасын табуда. Бұл жолғы қайырымдылық акциясы қасиетті жұма күні болып өтті.

Рудный қалалық «Нұр» мешіті кәсіпкерлерің демеушілігімен жағдайы төмен отбасылар мен көп балалы аналарға азық-түлікпен көмек көрсетті.

Шара барысында мешіт имамдары мен қызметкерлері азық-түліктерді отбасылардың үйлеріне жеткізіп алғыстарын алды.

Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт Темірбекұлының бастамасымен басталған қайырымдылық игі іс шаралар жағдайы төмен отбасыларға біршама септігін тигізуде.

Садақа күналарды кетіреді демекші, Рамазан айында жасалып жатқан қайырымдылықтар мен игі іс-шаралар Алла алдында сауаптан жазылып, Жаратушымыз елімізге тыныштық пен берекетті нәсіп еткей!

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Таяуда Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің ұйымдастыруымен Алтынсарин, Таран және Федоров аудандарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің атынан ауызашар берілді.

Осынау ауызашар рәсіміне облыс имамы Бахытбек Тәжімбет қатысып, Рамазан айының ерекшелігі мен қадір-қасиеті жайында уағыз-насихат айтты. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Алла Тағала ең болмаса бір түйір құрма, тіпті бір ұрттам сумен болса да қамқорлық жасағанға сауап жазады…» – деген. Сондықтан осы қасиетті айда кімде-кім мүмкіндігінше жақсылық жасайтын болса, Аллах Тағала тарапынан сауапқа молынан кенелетінін сөзге тиек етті.

Сондай-ақ Бахытбек Нұрғабылұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен қазіргі таңда Ислам дінін өркендету, қалың жұртшылықты имандылыққа баулу, үлкенді-кішілі қауымды теріс ағымдардан сақтандыру мақсатында атқарып жатқан жұмыстарына да кеңінен тоқталды.

Ауызашарға қатысқан жамағат муфти хазреттің атынан берілген ауызашарға шынайы ризашылықтарын білдірді. Оған жауапты да абыройлы қызметінде табыс, деніне саулық тіледі.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Соңғы біраз жылдардан бері қасиетті Рамазан айында облыс орталығына іргелес жатқан Рудный кеншілер қаласында да мұсылман азаматтар ауызашар беруді дәстүрге айналдырды.

Осы таяуда ғана шаһардағы Соколов – Сарыбай кен байыту өндірістік комбинатының президенті Береке Сағатұлы Мұхаметқалитегі Рамазан айының құрметіне арнайы дастархан жайып, жиналған жұршылықтың құрметіне бөленді.

Бұл ауызашарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бақытбек қажы Нұрғабылұлы, облыс әкімінің орынбасарлары, Рудный қаласының әкімі Бақытжан Темірұлы және жергілікті мекеме басшылары қатысты.

Жиналған қауым алдында Қостанай облысының бас имамы Бақытбек Нұрғабылұлы барша жамағатқа Рамазан айының қадір – қасиеті мен Қадір түнінің ұлықтығы жайлы кеңінен әңгімеледі. Биылғы бұл ауызашардың ерекшелігі бас қосқан 300-ден астам жамағат ауыздарын қасиетті зәм-зәм суымен ашты. Олар Береке Сағатұлы мен барша игі ниетті азаматтарға шынайы алғыстарын айтты.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Ақтөбе қаласында орын алған жағдайлардан кейін облыс көлемінде насихат және түсіндіру жұмыстарының маңызы арта түсуде. Сол мақсатта Рудный қаласындағы «Рудныйавтотранс», «Рахат» көгалдандыру және абаттандыру мекемесінің цехы, «Туберкулезге қарсы балалар санаторийі» қызметкерлері және Горняцкий кенті тұрғындарымен «Ағымдардан сақ болу» атты тақырыпта ауқымды семинарлар болып өтті. Аталмыш семинарларға Қостанай облыстық дін істері жөніндегі басқармасының маманы Нұрсұлтан Әбішев Қостанай қаласы «психологтарды тәжірибелеу қауымдастығының» өкілі Юлия Амантайқызы және Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт Темірбекұлы қатысты.

Осы басқосу барысында Нұрқанов Сейіт Қостанайдан келген мамандардың сөйлеген сөздерін жалғастыра отырып, қазіргі таңдағы діннің қоғамдағы маңыздылығы жайында түсінік берді.

Ол сондай-ақ ислам бейбітшілікті қолдайтын дін екенін, оны өзге түрлі теріс, радикалды ағымдармен шатастыруға болмайтынын тілге тиек етті. Сонымен қатар қазіргі таңда кез-келген адам дін төңірегінде сауатты болуы керектігіне де тоқталды. Семинарға қатысушыларға дінге қатысты мәселелерге жауапты тек қана өзі басқаратын қаладағы мешіт имамдары мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы сайттарынан алуға болатындығын ескертті.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником