Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Понедельник, 01 Август 2016 13:07

Ұстаз Сансызбай Құрбанұлы Қостанайда

Өткен аптада қасиетті жұма күні Қостанай шахарына Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлім басшысының орынбасары ұстаз Сансызбай Құрбанұлы ат басын тіреді.

Облыстық «Марал ишан» мешітінде өткен «Сенімге селкеу түспесін» атты тақырыптағы жұма уағызында Сансызбай ұстаздың Ислам дінінің негізін құрайтын ИМАН туралы уағызы дүйім жұрттың көңілінен шықты.

Сол күні жамаған ақшам намазынан соң Қостанай қалалық мешітіне жиналып «Алла Тағаланың бізге нәсіп еткен бейбітшілік нығметіне шүкір ету» туралы уағызын тыңдап көкейдегі сұрақтарын қойысты.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 01 Август 2016 13:02

Мешіт ауласы абаттандырылады

Қостанай қаласының Маяковский көшесіндегі жаңа мешіттің құрылысы ерекше қарқынмен жүріп жатыр. Қазірдің өзінде ақшаңқан ғимараты алыстан менмұндалайды. Алтын өңдес күмбезі күнмен шағылысып тұр. Құрылысшылар бүгіндері мешіттің іші-сыртын әрлеп, ою-өрнектермен сәндеуге кіріскен. "Алла үйінің" айналасы да абаттандырылады. Арам шөптен көрінбей кеткен іргесіндегі 1,46 гектар жер саябаққа айналмақ. Ағаштар отырғызылып, төңірек түгел жасылдандырылып, тиісті бөліктері тас төсемелермен тегістелетін болады. Жаңбыр суын сіңіретін құбырлар жүргізіліп, саябақты суарып тұратын қондырғылар орнатылады. Бұған қоса, 50 орынға шақталған автотұрақ та осы мешіт маңынан орын теппекші. Жобаның жалпы құны — 91 млн. теңге. Бүгіндері мердігерлікке үміткерлер арасында конкурс өткізілуде. Анықталысымен құрылыс-монтаждық жұмыс басталады.

kostanaytany.kz

Пятница, 29 Июль 2016 15:11

Жұртшылық назарына!

Кең болсаң, кем болмайсың

001

Баршаға мәлім, жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша жаңа оқу жылы қарсаңында өңірде «Мектепке жол» акциясы басталады. Бұл шараның мақсаты – көп балалы, тұрмысы төмен отбасыларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға көмектесу.

002

Бұл істе жүрегі жомарт жандар шама -шарқы келгенше өздерінің үлесін қосса нұр үстіне нұр болатыны сөзсіз.

Сондықтан Қостанай облыстық "Марал ишан" және облыстағы қалалар мен аудандардағы барлық мешіттердің ұжымы үстіміздегі жылдың 15 тамызына дейін азаматтарды осы қайырымдылық шарасына қатысуға шақырады.

003

Балалар - біздің болашағымыз. Олардың келешегіне тек ата-аналары ғана емес , баршамыз да жауаптымыз. Ендеше «Кең болсаң, кем болмайсың» деген қағиданы берік ұстанайық.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Қостанайдағы намазхан әйелдер мен қыздар қайырымдылық мақсатында өздерінің қолдарымен дайындалған тәтті торттар мен тағамдарын әзірлеп, оларды жәрмеңкеге шығарды.

001

Сонымен қатар осы шараға жеке кәсіпкерлер де өздерінің үлестерін қосты. Оның ішінде қаламыздағы халал тағамдарын дайындайтын дәмханалар да бар.

Бұл жәрмеңкеде жұртшылыққа ұсынылған тағамдар нарықтағы бағадан 50 пайыз төмен бағамен сатылды.

Сондай-ақ жәрмеңке барысында Марат есімді мұсылман бауырымыз балаларға балмұздақты тегін таратып, жиналғандардың көңілінен шықты.

Жалпы, аталған іс-шараның көздеген мақсаты - «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, облыс орталығындағы салынып жатқан жаңа мешітімізге және қамқорлыққа мұқтаж жандарға қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да үлестерін қосу еді.

Біз игі бастамаға ұйытқы болған намазхан әйелдер мен қыздарымызға Алланың нұры жауа берсін дейміз.

002

003

004

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Жақында Жітіқара қаласында жұршылыққа тағылымдық жағы мол „Дін және қоғам„ деп аталатын семинар ұйымдастырылды. Оны аудан әкімі Алмат Досмұхамедов ашып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Осы басқосуға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет , Рудный, Арқалық қалалық және Жітіқара аудандық мішіттерінің бас имамдары Сейіт Нұрқанов, Бектұрсын Уәлиев пен Сабыржан Зейнелғабиденұлы, осындағы проваславиелік шіркеудің өкілі Михаил Бойков және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.

Онда бірқатар мазмұнды баяндамалар жасалды. Облыстан арнайы шақырылған өкіл имам Бахытбек Нұрғабылұлының „Дәстүрлі дінді ұстанудың артықшылығы„ деп аталатын тақырыптағы баяндамасы өте тартымдылығымен барша жұртшылықтың ықыласын аударды.

Сондай-ақ Рудный , Арқалық қалаларының, Жітіқара ауданының бас имамдарының ұлағатты сөздері де көпшіліктің көңілінен шықты. Олардың баяндамаларының тақырыбы да өзектілігімен тәнті етті.

Жұртшылыққа ұсынылған бейне роликтің де өзіндік берер тағылымы ерекше болды. Мұндай басқосудың қашанда әсері зор.

Семинарды Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары Алмат Кәкімжанұлы қорытындылап, барлық қатысушылар мен қонақтарға алғысын білдіріп, ең ізгі тілегін жеткізді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Өткен сенбі күні Қостанай облысының 9-шы шағын ауданындағы қалалық мешітінің алаңына таңертеңнен бастап жанкүйерлер жинала бастады. Бұлар ұлттық күресімізден өтетін жарысты тамашалауға келген нағыз спорт жанашырлары-тын. Одан бұрын хабарлағанымыздай, есімдері елімізге белгілі азаматтар облыстық «Марал ишан» мешітінің Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет, Марат Жұрқабаев жетекшілік ететін «Социум & Я» қоғамдық бірлестігі және Нұрхан Нөгербеков басқаратын облыстық дін істері жөніндегі басқармалардың ұйытқы болуымен ұйымдастырылған осынау күрес жоғары деңгейде өтті.

Бұл «Дін мен Дәстүр» аясындағы өткен күрес пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) сүннеті және ежелден келе жатқан ұлттық спортымыз күрестің мәртебесін көтеру мен оның ерекшелігін насихаттауға арналған біріншілік жалпы жұртшылықтың көңілінен шықты. Оған салмағы 70 -тен жоғары намазхандар яғни (кәсіби палуандардан басқа ) азаматтар қатысты. Жарыс өте тартысты өтті. Сағат 10-да басталған күрес түс әлетіне дейін жалғасты.

Даладағы күннің ыстықтығына қарамастан қатысушылар шеберліктің жарқын үлгісін танытты. Жарысты ұйымдастырушылар да, ұлттық спортымыз десе ішкен астарын жерге қоятын замандастарымыз да дән риза болысты. Сонымен «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»-демекші, бірінші орынға тігілген Умра қажылығына жолдаманы Әулиекөл ауданындағы «Әмит ишан» мешітінің өкілі Ерлан Қасымов жеңіп алды. Сонымен қатар екінші орынға арналған жүлдені яғни ірі қараны Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешіті атынан қатысқан Ербол Мұқанов иеленді. Үшінші орынға тігілген қой Алтынсарин ауданы «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінің жамағаты Қайыржан Әбикеновке тапсырылды. Сонымен қатар көрермендер көзайымы атанған Қайрат Дилхановқа арнайы сыйлықты демеушілер атынан Ғабит Мұқанов табыс етті.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Жасұлан Жүсіпбеков өзінің демалысында уағыз-насихат жүргізуде

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді. Халықтың жайын ойлап, өз кәсібін мәртебе тұтқан жігіттер біздің арамызда да баршылық. Соның бірі - Қостанай облысы Торғай өңірінің тумасы, Нұр-Мүбәрак университетінің Әбу Ханифа атындағы ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Жасұлан Жүсіпбеков.

Дін саласындағы ұстаз өзінің еңбек демалысына қарамастан көпшіліктің сұранысы бойынша уағыз насихаттарын жүргізуде. Ол өңірдегі алғашқы кездесуін облыстық «Марал ишан» мешітінің бас имамы Бахытбек Тәжімбет және наиб имам Азамат Мурзакановпен бірге Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінде орналасқан 161/2 Түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан намазхандармен кездесуден бастаған-ды.

Содан кейін ол облыстық «Марал ишан» мешітінің жамағатымен жүздесті. Онда жиналған қауымның көкейдегі жүрген сұрақтарына нақты жауап беріп, өзінің білімді де білікті азамат екендігін көрсетті.

Сондай-ақ, өткен қасиетті жұма күні белгілі дін қайраткері Шоқан қажы Әмірханов басқаратын 9-шағын ауданда орналасқан Қостанай қалалық мешітінде болып, уағыз айтты. Сөйтіп осындағы көпшіліктің ризашылығына бөленді.

ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником