Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

«Әш-Шамаил әл-Мухаммадийя» - 1 ші дәріс. Ұстаз Ризабек Батталұлы

«Әш-Шамаил әл-Мухаммадийя» - 2 ші дәріс. Ұстаз Ризабек Батталұлы

«Әш-Шамаил әл-Мухаммадийя» - 3 ші дәріс. Ұстаз Ризабек Батталұлы

Рисалятуль мустаршидин. 1 Кiрiспе - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Рисалятуль мустаршидин. 1 ші дәріс - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Рисалятуль мустаршидин. 2 ші дәріс - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Рисалятуль мустаршидин 3 ші дәріс Ерсін Әміре Абу Юсуф

Рисалятуль мустаршидин 4 ші дәріс Ерсін Әміре Абу Юсуф

Рисалятуль мустаршидин. 5-ші дәріс - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Рисалятуль мустаршидин. 6-ші дәріс - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Рисалятуль мустаршидин. 7-ші дәріс - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Рисалятуль мустаршидин. 8-ші дәріс - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Рисалятуль мустаршидин. 9-ші дәріс - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Рисалятуль мустаршидин. 10-ші дәріс - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Рисалятуль мустаршидин. 11-ші дәріс - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Рисалятуль мустаршидин. 12-ші дәріс - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Рисалятуль мустаршидин. 13-ші дәріс - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Рисалятуль мустаршидин. 14-ші дәріс - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Рисалятуль мустаршидин. 15-ші дәріс - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Рисалятуль мустаршидин. 16-шы дәріс - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Понедельник, 10 Апрель 2017 16:44

Ихъя улюмиддин — Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 21. Ихсан білімінің маңыздылығы - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 22. Атақ құмарлық дерті 1-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 23. Атақ құмарлық дерті 2-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 24. Атақ құмарлық дерті 3-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 25. Риякершілік 1-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 26. Риякершілік 2-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 27. Риякершілік 3-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 28. Риякершілік 4-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 29. Риякершілік 5-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 30. Ашулану 1-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 31. Ашулану 2-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 32. Көреалмаушылық 1-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 33. Көреалмаушылық 2-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 34. Көреалмаушылық 3-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 35. Тәкапарлық 1-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 36. Тәкапарлық 2-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 37. Тәкапарлық 3-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 38. Тәкапарлық 4-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 39. Тәкапарлық 5-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 40. Тәкаппарлық 6 бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Понедельник, 10 Апрель 2017 14:17

Мәуліт кеші

01

Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігінің әйелдер-қыздар секторының өкілі Аяулым Ермекқызы дін жолында ұстаздық етіп жүрген Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешітінен Диана Қуанышқызы және Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінен Жансая Салауатқызының атқарып жатқан жұмыстарының жемісін көрсетті.

01

Бұл шараға отызға жуық шәкірт қатысып, өздерінің қарым -қабілеттерін танытты. Онда ұстаздың қадірін білу және шәкірт пен ұстаздың арасындағы қарым қатынасты көрсететін көрініс ұйымдастырылды.

01

Сонымен қатар жастардың діни жат ағымдардан бойларын алшақ ұстау және басқа да маңызды жайлар айтылып, қатысушылар көп жайды көңілдеріне түйді.

01

Осы басқосудан соң дастарқан жайылып, құрмет көрсетілді.

01

ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

«Төрт мәзхабтан басқаға ергенге қарсы жауап» - Ерсін Әміре Әбу Юсуф (1-дәріс)

«Төрт мәзхабтан басқаға ергенге қарсы жауап» - Ерсін Әміре Әбу Юсуф (2-дәріс)

Четверг, 06 Апрель 2017 19:52

Науырзымдағы рухани кеш

Жақында Науырзым аудандық Жамбыл орта мектебінің акт залында мұсылман жамағатының қатысуымен сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің туған күніне арналған рухани кеш болып өтті.

01

Осынау қасиетті мерекені Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет ашты.

01

Басқосуда аудан әкімі Талғатбек Даиров жұртшылықты аталған мейраммен құттықтады. Ол еліміздің ауызбірлігін нығайтып, адами құндылықтарымызды насихаттауда, жастарымызды рухани тұрғыдан байытуда Ислам дінінің алатын орны зор екенін атап өтті.

01

Мерекелік кеш барысында Пайғамбарымыздың хадистерінен үзінділер оқылып, мысалдар келтірілді. Мұсылман қауымын зиялылық пен тектілікке, адалдық пен адамгершілікке шақыратын уағыздар да жүректерді қозғады.

01

Сондай – ақ жиында көршілес Әулиекөл ауданынан келген намазхан жігіттер діни сипаттағы тағылымға толы қойылым қойса, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері жастарға арнап өсиет пен діни әндерді нәшіне келтіріп орындады.

01

Мәуліт мерекесі құрметіне мешіт жанашыры, жеке кәсіпкер Елжас Шора демеушілік етіп, әлеуметтік жағдайы төмен жеті отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бахытбек Нұрғабылұлы бір топ азаматтарға Алғыс хатты салтанатты түрде тапсырды.

Олардың қатарында өңірге есімдері белгілі Бағытжан Мұттақов, Сержан Алдажұманов, Нұрқат Жұмабекұлы, Әділет Сұлтанов, Өмірзақ Бекділдәұлы, ағайынды Алма және Ботагөз Серікқыздары, Елжас Шора, Ернар Омаровтар бар.

Рухани кештен соң жүрегі жомарт жандардың қолдауымен мереке құрметіне «Шапағат» мейрамханасында ас берілді. Онда жастарға өнеге болар ұлағатты сөздер айтылды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Среда, 05 Апрель 2017 10:33

Өңірдің намысын қорғайды

Қостанай облыстық мешітінде кезекті үш күндік семинар өткізіліп, кейін «Нұрлы мінбер» облыстық имамдар байқауы өтті. Оған өңірдегі қалалар мен аудандардағы имамдардың арасынан 8 үміткер қатысты.

01

Баршаға мәлім, қазіргі таңда имамдардың заманға сай білімдерін жан-жақты жетілдіру аса қажет. Байқаудың негізгі мақсаты - дәстүріміз бен мәдениетіміздің діңгегі болып табылатын асыл дініміздің құндылықтарын кеңінен насихаттау, бұқара халық арасында имам беделінің артуына ықпал ету, қоғамдағы бәсекеге қабілетті имам келбетін қалыптастыру, имамдардың эстетикалық қабілетін шыңдап, өзіндік білім жетілдіруіне мүмкіндік туғызу.

01

Осынау сан сатылы байқауда уағызы өтімді, сөздері ұтымды, білікті имамдар «Сәлем – сөздің атасы», «Бәйге», «Жеті жарғы», «Жағдаят» және «Имам мінбері» турлары бойынша бақтарын сынап, білімі мен біліктіліктерінің дәрежесін көрсетті.

01

Сынға түскен имамдар алдымен өздерін таныстырды. Содан соң «Бәйге», «Жеті жарғы» турларында діни және басқа да маңызды сұрақтарға балдық жүйе бойынша жауап берді.

01

Ал «Жағдаят» турында әр имамға өмірде кездесіп жататын түрлі оқиғадан мысалдар берілді. Осы сауалдардың шешімін табу имамдардың білімі мен ой жүйріктігіне қалдырылды.

01

Соңғы «Имам мінберінде» деп аталатын шешуші турда дін қызметкері қысқа мерзімде белгілі бір тақырып бойынша уағыз айтудан сайысқа түсті. Шешендік шеберлігі мен сөз саптауы, шариғатқа байланысты білім дәрежесі мен парасат-пайымдары да сарапқа салынды.

Әділ қазылар алқасының ұйғарымымен бас жүлде Қостанай қалалық мешітінің бас имамы Шоқан Ғазизұлына берілді. Ол енді Республикалық «Нұрлы мінбер» байқауында өңірдің намысын қорғайтын болады.

Біз белгілі дін қайраткері Шоқан Әмірхановтың қуанышына ортақтаса отырып, оған сәтті сапар тілейміз!

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником