Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің бас имамы Мейіржан Бердіғожин ауданынымыздағы екі қазақ мектебінде өткен кездесуге қатысты. Білім ордаларындағы жиынның басты тақырыбы «Діни экстремизм мен терроризм» болып, имам аталған тақырып жайында мол мағлұмат берді.

Басқосуда бас имам жиналған қауымға Ислам – бейбітшіліктің діні және қантөгіс атаулының дінімізге жат екенін айтып өтті. Сондай-ақ асыл дініміз әр адамның ар-намысы мен өміріне зиян тигізбеуге, әр адамның діни сенімі мен түр-сипатына қарамай мейірімді, сыпайы болуға шақыратынына да ерекше тоқталды. Қазіргі таңдағы, әсіресе, жастарымыздың арасында діни сауаттылықты арттыру – діни алауыздықтан сақтандыратынын, жастардың діни уағызды кез-келген жерде кездейсоқ адамдардан естіп, соның нәтижесінде адасушылыққа тап болатынын баса айтты. Жастардың жат ағымның жетегінде кетпей, ислами дұрыс бағытта жүруінің бірден-бір ықпалы ата-ана тарапынан екенін де тоқталып, әрқашан да ата-ана мен бала бір-бірімен өте тығыз байланыста болулары керек деген тұжырымдама жасады.

Жиын соңында бас имам Мейіржан Қапарұлы ата-аналардың қойған сауалдарына нақты және толық жауап беріп отырды. Сондай-ақ, жалпы Ислам дініне қатысты сұрақтар бойынша тек қана Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының бекіткен мешіт имамдарына қойюлары керектігін ескертіп, қажетті мағлұматты тек аталған басқарманың ресми сайттарынан ғана алуды қадап айтты.

Пятница, 16 Ноябрь 2018 15:51

«Ең дәмді тағам» сайысы

Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағаты арасында «Ең дәмді тағам» атты сайыс ұйымдастырылды. Сайыстың шарты бойынша қатысушылар ыстық тамақ және торт тағамын жасауда шеберліктерін көрсету.

Бұл шараға жарысқа арнайы келген Қостанай облысы «Әйел-қыздар секторы» өкілі Рыскүл Қылышбайқызы жиналған жамағатқа өзінің тартымды уағызын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Тату үйдің тағамы тәтті» демекші жарыс қатысушыларының жасаған тағамдары бірі-бірінен өткен дәмді болып, төрешілердің арасында алғырды анықтау қиынға соқты. Дегенмен, жеңімпас қашанда алдан көрінер демекші, қатысушылар арасындағы ең дәмді жасаған жүйрік анықталып арнайы марапатталды.

Атап айтар болсақ бірінші орынға ие болған қатысушыға Рудный қаласындағы «Муслима» кафесіне 5000 теңгеге жолдама берілді, екінші және үшінші орындарға арнайы сыйлықтармен марапат қағаздары тапсырылды. Сайыс соңында барша жиналған жамағат бір дастархан басына отырып, жасалған тағадардан дәм татты.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Алтынсарин ауданы бас имамы Ерік Ыбырай ауданның Обаған ауылындағы кітапханада Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 7-9 сынып оқушыларымен «Рухан жаңғыру жылы» және өткен «Рухани келісім күні» аясында кездесу өткізді.

Шара барысында Ерік қажы «Рухани келісім және зайрлылық» тақырыбында әңгіме өрбітті. Қай кезеңде болмасын қазақ халқы басқа ұлтқа қыйыншылығында демеу болып, жат деп сыртқа теппегенін. Мұндай қасиет адам бойына Алланың хақ діні арқылы және ұяда берілген тәрбиенің арқасында екендігін айтып өтті.

Кездесу соңында оқушылар мен кітапхана қызыметкерлері өздерінің сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды.

Сонымен қатар аудандағы атақты ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің туған жеріндегі «Ыбырай құдығы» салтанатты түрде ашылып, оған аудан басшылары мен бас имам қатысты.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Вторник, 06 Ноябрь 2018 17:40

Халал сертификаты табысталды

Ислам дінінде адамның күнделікті тамақтанатын асының адал болуына өте үлкен мән береді. Сол себепті Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы «Халал даму» ЖШС тарапынан еліміздің көптеген кісіпорнына куәлік табыс етіліп ол кісіпорындардың өндіріп шығаратын өнімдерін адал болуын қадағалайды. Осындай куәліктердің тағы біреуін Рудный шаһарындағы кәсіпорынына берілді.

Қасиетті жұма күн Рудный қалалық «Нұр» мешітінде жиналған жамағаттың алдында мешіттің бас имамы Азамат Серікбайұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал Даму» ЖШС тарапынан Рудный қаласындағы «Торговый Дом Аманат» ЖШС кәсіпорнына берілген Куәлік Сертификатын табыстады. Берілген куәлік «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын талаптар стандартына сай екендігін растайды.

Халал өнімді өндіру және дамыту ұлт болашағы үшін өзекті мәселі. Халықтың денсаулығы күнделікті тұтынып жүрген тағамның сапасына тікелей байланысты. Сондықтан кәзіргі уақытта еліміздің осындай халал сертификаты табыс етілген кәсіпорындардың күннен-күнге көбеюі үлкен жетістік.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

2019 ЖЫЛ-ЖАСТАР ЖЫЛЫ

Қостанай облыстық мешітінде Жастар ісі секторы ү.ж. 5 қазандағы Елбасының Жолдауы бойынша және жастармен 2019 жылға арналған жұмысы жоспарын құру мақсатында жастарымен кездесу өткізді.

Жиында Қостанай облысының өкілі бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы жастарға Елбасының жолдауының маңыздылығы турасында айтып, онда алдағы 2019 жылдың жастарға тікелей қатысты екенін атап өтті.

Отырыста Қостанай облысы бойынша «Жастар ісі секторы» өкілі Әлішер Ертайұлы жастарға 2018 жылы жасалған жұмыстардың қортындысын айтып өтті.

Сонымен қатар алдағы 2019 жылға арналған жұмыс жоспары туралы жастардың ұсыныстары тыңдалып, жоспар құрылды. Жиын соңында бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы жастардың көкейдегі сұрақтарына жауап беріп, уағыз-насихатын айтып өтті.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Қазақ ертеден «Жетім көрсең – жебей жүр» деген ұлағатты терең бойына сіңіріп өскен халық. Жетімге қарайласу Алла Тағаланың алдындағы ұлы сауапты амалдардан бірі болып табылады. Алланың елшісі ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жетімнің басын сипап қамқорлық көрсетуді көп насихаттаған.

Осындай Алла Тағаланың алдындағы ұлы сауапты қайырымдылық, Рудный қалалық «Нұр» мешітіндегі «Зекет қоры» жұмысының бастамасы болды.

Нақтырақ айтар болсақ, бас имам Азамат Серікбайұлы және «Зекет қоры» басшысы Серік Қаратайұлы мешіт қызметкерлерімен бірге Рудный қаласындағы Қостанай облыстық «Балалар үйіне» арнайы қайырымдылық іс-шарасымен барып, ондағы тәрбиеленуші балалармен кездесіп, сұхбаттасып, олардың алдағы мақсаттарына жетуіне тілектестігін жеткізді.

Сондай-ақ денсаулық кепілі спортпен шұғылданатын азаматтар болсын деген ниетпен балаларға спорт аяқ қиімдердін сыйға тартты. Бүлдіршіндердің бір сәт қуанышына куә болды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Облысымыздың Жітіқара аудандық «Шер 777» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Шералы Пазыловқа ҚМДБ-ның «Халал» сертификаты табыс етілді.

Жітіқара ауданындағы аталмыш кәсіпкердің наубайханасы біраз жылдан бері жұмыс жасап, ұн өнімдерін шығарумен айналысып келеді. Сондай-ақ бұл кәсіп орын күніне 120 тоннаға дейін ұн өндіріп, шетелге өнімдерін тасымалдайды.

Қостанай облысынан жіберілген уәкіл Азамат Мурзаканов арнайы «Шер 777» наубайханасына келіп, ҚМДБ-ның «Халал Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің халал өнімдерін стандарттау ұйымының талаптарына толық сай екендігіне көз жеткізіп, оң қорытындысын шығарды.

Жұма намазының уағызынан кейін «Ержан Тәтішев» мешітінің бас имамы Мейіржан Бердіғожин жиналған жамағатқа қуанышты хабар айтып, Шералы Пазыловқа ресми түрде «Халал Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің халал өнімдерін стандарттау ұйымының «Халал» сертификатын табыстады.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Жуырда Қостанай облысы Наурызым ауданы орталығындағы «Түркебай» мешітінің найб имамы А. Кенжеғара және аудандық «Ішкі саясат» бөлімінің дін мәселелері жөніндегі әдіскері А. Серікбай «Мереке» және «Қожа» ауылдары тұрғындарымен «Жастар тәрбиесі» тақырыбында кездесулер өткізді.

Бұл кездесуде жастар тәрбиесінің маңыздылығы туралы жан-жақты айтылды. Мұндағы басты мақсат – жастарды еліне адал қызмет ететін патриот қылып тәрбиелеу жайы әңгіме өзегіне айналды.

Бала тәрбиесінде ата-ананың алар орны ерекше екені белгілі. Өйткені бала еліктегіш болып келеді. Сондықтан ата-ананың бойында дұрыс қасиет көрсе, олардың жақсы қырларын бала бойына сіңіріп өсетіні белгілі. Сол себептен балаңызға көп көңіл бөліп, онымен әрдайым сырласып, аптасына бір күніңізді жанұяңызға арнап, балалырыңызбен әңгіме-дүкен құрып өткізген жөн. Сонда ғана сіз жасыл желектей желпілдеп өсіп келе жатқан ұрпағыңызға оң әсер етіп, олардың болашақта байыпты да салиқалы ұрпақ тәрбиелеп шығаратыныңыз белгілі.

Аталмыш кездесу соңында арнайы жергілікті халықпен кездескен меймандарға түрлі сұрақтар қойылып, тұшымды жауап та алынды. Бұл жүздесуден көпшілік рухани ләззат алып тарасты.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пятница, 19 Октябрь 2018 15:43

Министр мешітте болды

Бұл күндері елімізде Елбасының үстіміздегі жылдың 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып жатқаны белгілі.

Осы аса маңызды құжатты халыққа түсіндіру мақсатында біздің өңірімізге Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев келді. Осы сапары барысында мәртебелі мейман облыстық мешітке атбасын бұрды.

Онымен бірге облыс әкімі Архимед Мухамбетов болды. Дархан Аманұлына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет облыстағы діни ахуал жайлы жан-жақты айтып берді.

Министр елімізде діни басқармамен бірге тығыз байланыста атқарылып жатқан маңызды жұмыстарға тоқтала келіп, алда тұрған келелі міндеттері жайлы сөз етті.

Бұл мешіттегі басқосуға өңірдегі аудан және қала имамдары қатысып, біраз жайға қанықты. Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрі Лисаков қаласының бас имамы Сабыржан Зейнелғабиденұлының қойған сауалына нақты жауап берді. Кездесу өте әсерлі өтті.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пятница, 19 Октябрь 2018 15:30

Біздің күшіміз – рухани бірлікте!

18 қазан Қазақстан халқының Рухани келісім күніне орай Қостанай облысының Ұзынкөл ауданындағы №1 Ұзынкөл орта мектебінде дөңгелек үстел өтті.

Бұл кездесу «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен 2017-2020 жылдарға арналған дін саласының мемлекеттік саясаты Концепциясын және Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен рухани құндылықтарды тәрбиелеуді талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Маңызы зор осындай шараға мектеп директорының м.а. Қ.Х. Алиев, «Балықты» мешітінің имамы Есенкелді қажы Сақтағанұлы, мешіттің алқа мүшелері атынан Күмажанов Жамбыл ақсақал, мектеп ұжымы және оқушылар қатысты. Өзінің толымды ойымен Есенкелді қажы Сақтағанұлы Рухани келісім күнінде аяулы аналардың тәрбие беруде орны бөлек екенін айқара ашып, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде қажырлы еңбек керектігін айтып өтті.

Сонымен қатар Жамбыл ақсақал мұғалімдер ұжымының жемісті еңбегін айта отырып, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында айтқан мұғалімнің мәртебесі жайлы толымды ойларын көпшілікке паш етті.

Аталмыш дөңгелек үстел соңында келген қонақтар жылы лебізді тілектерін білдірді. Сонымен қатар, ауқымды шарадан соң, бас имам балаларға сыйлығын ұсынып, құрмет көрсетті.

Бұл кездесу мақсаты жас ұрпақты отансүйгіштікке, бірлік пен достыққа тәрбиелеу, ата-ананы, үлкен мен кішіні сыйлауды үйрету.

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником