Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Понедельник, 28 Январь 2019 11:31

Адамның тағдыры есіміне байланысты ма

Осы тақырыппен «Қостанай» телеарнасының «Ақ Орамал» ұлтық-рухани хабарында кеңінен талқыланды. Хабарға Қостанай облыстық Марал ишан мешітінің наиб имамы Әлішер Балахмет Ертайұлы, АХАЖ бөлімінің бас маманы Тұрсынкүл Аймұхамбетова Сапабекқызы, парапсихолог Айсұлу Жақанова, телеарнаның «Күн шауақ» бағдарламасының жүргізушісі Шахерезада және оның анасы Гүлнұр Исламхан қатысты.

Бағдарлама барысында: Қазақ халқы, жалпы мұсылман қауымы баласына ат қоярда сақтықпен қараған. Өйткені есімге сай оған жүктелетін жауапкершілікті де ойлап, ырымдаған. Ырымның қадірін кетмеудің де маңызды екендігі талқыланды.

Сондай-ақ наиб имам Әлішер Ертайұлына да біраз мұсылман қауымын толғандырып жүрген сауалдар қойылды. Мысалы, «Азан шақырып ат қоюдың маңызы қандай?», «Туған сәбиге қашан ат қойылады?», «Нәрестеге ат қоюға кім құқылы?» т.б. сауалдарға наиб имам нақты да толық жауап берді.

Осылайша «Ақ орамал» бағдарламасының көрермендері өздеріне үлкен мәлімет алып, хабардың қонақтарына шынайы алғыстарын білдірді.

ҚМДБ-ның Қостанайц облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 28 Январь 2019 11:31

Шығармашылық сайыс өтті

Жуырда Қостанай облысының Денисов аудандық «Жұма» мешітінің бас имамы Болатжан Ғалымжанұлының ұйымдастыруымен аудандық №3 қазақ орта мектебінде тағылымды шара өтті.

Бұл пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) туған айы құрметіне оқушылар арасындағы «Менің сүйікті пайғамбарым» деп аталатын шығармашылық сайыс еді.

Оған аталмыш мектептің 9-11-ші сыныптарының оқушылары қатысты. Бас имам жастарға сәттілік тілеп, білім жолындағы ізденістерінің жемісті болуына тілектес екендігін білдірді.

Аталмыш сайысқа қатысқандар арасында Зарина Успанова, Жадыра Астаева және Ерлан Исмағұлов үздік шығып, оларға мадақтама қағазы мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Мұндай жарыстардың қатысушыларға берері мол. Өйткені, үнемі ізденеді. Олар талапкерді тек қана алға жетелейді. Осы сайыс та соны көрсетті.

ҚМДБ-ның Қостанайц облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіт салудың арнайы ережесін бекітті. Бұл туралы Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астанада өткен алқалы мәжілісте мәлімдеді.

ҚМДБ Ғұламалар Кеңесі бекіткен құжат «Қазақстан Республикасында типтік жобадағы мешіт ғимаратын салудың тәртіп ережесі» деп аталады.

Бұл – еліміз бойынша типтік жобадағы мешіт ғимаратын салудың тәртібін қалыптастыратын негізгі құжат. Ереже ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар ҚМДБ Жарғысына сәйкес әзірленді.

Бұдан былай мешіт ғимараты жергілікті жамағаттың санына орай 3 деңгейде салынады: ауылдық (сыйымдылығы 70-500 адам), аудандық (сыйымдылығы 500-1500 адам), облыстық, қалалық (сыйымдылығы 1000-5000 адам).

Құжатқа сәйкес, болашақта жаңадан салынатын мешіттің құрылысы заманауи талапқа сай жүргізілуі тиіс. Демек, Алла үйін тұрғызуға шешім қабылдаған адам ғимараттың көрікті болуына көңіл бөлуі шарт. Мешіт салуда заманауи озық үлгілерді, Исламның және жергілікті сәулет өнерін пайдалану міндетті. Мешіттің мұнарасы, күмбезі және ішкі-сыртқы безендірілуі жергілікті дәстүрге сай болуы тиіс.

Сонымен қатар, ҚМДБ қабылдаған құжат бойынша, енді мешіт жергілікті жамағаттың санына лайықтап салынатын болады. Бұған қоса мешіт ауласына автотұрақ, саябақ, т.б. қажетті нысандар тұрғызылмақ. Мешіт құрылысына сапалы және ұзақ мерзімге жарайтын материалдарды пайдалану талап етіледі. Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында арнайы құрылғылар да орнатылады.

Айта кетер жайт, 2018 жылы еліміз бойынша 38 мешіт пайдалануға берілді. Бүгінде республика бойынша 2 626 мешіт халыққа қызмет етуде.

www.muftyat.kz

Жақында Ұзынкөл ауданының «Балықты» мешіті Қазақстан мұсылмандарн діни басқармасының тапсырмасы бойынша «Жастар» жылына байланысты «Қайырымдылық керуені» акциясы Пресногорьков орта мектебінде ұйымдастырылды. Негізінде мұндай шара мешіттің атсалысуымен ауданымыздың барлық өңірінде өткізілуде.

Бұл маңызды шараға бас имам Есенгелді қажы Сақтағанұлы, алқа төрағасы Рамазан қажы Иржанов пен Кенесары Мырзахметов, әйелдер қоғамының төрайымы Күлтәй Қапезқызы, мешіттің жанынан құрылған жастар алқасының басшысы Төрехан Мұқашев, салауатты өмір салтын қалыптастыру алқасының жетекшісі Ильяс Елемисов, сонымен қатар «Нұрлы жол» газетінің тілшілері қатысты.

Қайырымдылық акциясы аясында мешіт ұжымы Пресногорьков орта мектебіндегі екі мектеп оқушысына әлеуметтік көмек ретінде спорттық киім, осы білім ордасында орналасқан «Солнышко» бала бақшасына кілем тарту етті.

Сонымен қатар мектеп балаларына денешынықтыруға керекті спортық 2 доп сыйлады. Одан соң осы мектептің ұстаздарымен «Қоғамдық сананы жаңғырту тұрғысынан моральдық және рухани білім берудің тиімді механизмдері» , «Аға буын өкілдері – ел беріктігінің кепілі», «Жастар жылы» тақырыптары аясында сөз қозғап, өз ойларын ортаға салды.

Аталған білім ордасында жасөспірімдер арасында спартакиадалық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.

Жастарды ауыз бірлікке үндеуде спорттық шаралардың алатын орны ерекше екендігі көпке белгілі.

Шара соңында «Балықты» мешітінің бас имамы Есенгелді қажы Сақтағанұлы Пресногорьков селосының жастарымен кездесу өткізді. Аталмыш акция шеңберінде осынау білім ордасының асханасында 178 балаға түскі ас берілді.

ҚМДБ-ның Қостанайц облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пятница, 25 Январь 2019 11:33

Ұзынкөл жаналығы

Пятница, 25 Январь 2019 10:09

Алғыс хатпен марапатталды

Арқалық қаласына қарасты Үштөбе ауылының молдасы Айтмағанбет Жолдыбаев ағамыз бірнеше жылдан бері халыққа қызмет етіп келеді. Ол кісі ауылда мешіт болмаса да, қолынан келгенше Алла разылығы үшін асыл дінімізді насихаттаудан шаршаған емес.

Қазіргі кезде 65 жасқа келген ағамыз ауыл халқының ынтымағы мен бірлігіне зор үлес қосып, ауыл ішінде орын алған жағдайларды ақылмен, сабырмен шешуге тырысады.

Оны ауыл халқы Айтан молла деп атап кеткен. Ол арнайы дін оқуын тәмамдамаса да, Арқалық қалалық мешітіне келіп үнемі дәріс-семинарларға қатысып, үнемі ізденіс үстінде жүреді.

Осынау ел арасында сыйлы ақсақалды ауыл әкімі Аман Ермағанов марапатқа ұсынды. Сөйтіп, Айтмағанбет ағамыз қала әкімі Эльдар Қонысбайұлының қолынан «Құрмет грамотасын» алды.

Әлбетте бұл ең алдымен дініміздің сондай-ақ дін қызметкерлерінің абыройы, еңбектерінің еленгені деп білгеніміз жөн.

Біз де өз тарапымыздан Айтан ағаға Алла разы болсын дей отырып, келешекте де дін қызметкерлері халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, абыройлары асқақтай берсін деген игі тілегімізді білдіреміз.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Четверг, 24 Январь 2019 11:34

Жас ұрпаққа тәлім

Жақында Әулиекөл ауданына қарасты Аманқарағай ауылындағы қазақ орта мектебінде «Әмит ишан» мешітінің имамдарымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге мектеп ұстаздары және жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Мешіттің наиб имамы Нұрсұлтан Жаңаберген оқушыларға Ислам дініндегі теріс ағымдар туралы және шииіттік ағымдар туралы мәліметті келтіре отырып, ұлағатты сөз айтты.

Осынау басқосуда мешіттің бас имамы Нұрбол Балахметов және әйелдер - қыздар секторының меңгеруші Гаухар Аязбаева аталмыш мектептің жүрегі нәзік, мейірімді ұстаздарына және қыз балаларға «Адалдық пен арамдық қасиеттері» жайлы баяндады.

Сонымен қатар бойжеткен қыз балаларға ұлттық қазақи тәлім тәрбие беру туралы ой-тұжымдарын ортаға салды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Четверг, 24 Январь 2019 11:35

Арқалықта «Жастар жылы» басталды

Бүгінгі жас – ертеңгі кәсіби маман, болашақ отбасының тірегі. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез-келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Себебі патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де ортамен араласудан туындайды.

Осындай рухани тәлім-тәрбиені насихаттауды мақсат тұтқан Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіт қызметкерлері қалалық спорт бөлімімен бірлесе отырып, жастар жылы аясында тоғызқұмалақ және шахматтан «Жігерлі жастар» атты жарыс өткізді.

Жарысқа 18 бен 35 жас аралығындағы 65 адам қатысты. Сайыстың арнайы ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары мен ардагерлер кеңесінің төрағасы сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар жарыстың басында өңіріміздің дін жанашыры Мираш қажы ақ батасын берді.

Келесі күні 5-ші сынып оқушылары арасында «Қыс қызығы – сырғанақ» деп аталатын сырғанақтан жарыс та ұйымдастырылып, оған 85 оқушы қатысты.

Балалар қуанышты көңіл-күйге еніп, аталмыш жарысты дәстүрге айналғанын қалайтындықтарын білдірді. Бірге келген ата-аналар да мешіт ұжымына шынайы алғыстарын білдірді. Жарыс соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Жастар жылы аясындағы мұндай іс-шараларды өткізудің мақсатын мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы былайша түсіндірді: Балалардың қыстық ойын түрлеріне қызығушылықтарын ояту, ынталандыру, ойын ойнату арқылы әр мектептің оқушыларын достыққа, бір-біріне деген мейірімділікке, имандылық пен кішіпейілдікке тәрбиелеу. Сондай-ақ үйде телефонға телміріп отырмастан, сыртқа шығып шынығып, ептілік пен жылдамдыққа машықтандыру. Қосымша сайтымыздың ФОТОГАЛЕРЕЯ айдарында қараңыздар.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником