Қостанай қаласындағы тамақтаны орындарында тексеріс жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» мамандары Мейіржан Бауыржанұлы мен Алишер Балахмет орындады.
Тексеріс барысында кәсіпорындардың өндірістік аумақтары, тағам дайындау процестері, шикізат пен дайын өнімнің сақталу талаптары, жабдықтардың тазалығы және қызметкерлердің санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауы жан-жақты қаралды.
Сонымен қатар, халал стандарттарының талаптарына сәйкестігі, құжаттаманың дұрыс жүргізілуі, өнім жеткізушілердің сертификаттарының бар-жоғы да жіті тексерілді. Анықталған кемшіліктер бойынша кәсіпорын иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, талаптарды толық орындау үшін нақты ұсыныстар берілді. Кейбір нысандарға ескерту жасалып, олқылықтарды түзету үшін уақыт белгіленді.



«Қостанай Агро продукт», «Север ет», «Қарасу ет» қасапханаларында аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен Алишер Балахмет орындады.
Тексеру барысында қасапханалардың өндірістік алаңдары, малды қабылдау және сою процесі, қажетті құжаттамалардың жүргізілуі, сондай-ақ халал стандарттарының сақталу деңгейі жан-жақты қаралды. Әсіресе, малды сою әдістерінің талаптарға сай орындалуы, құрал-жабдықтардың тазалығы мен жеке қорғаныс киімдерінің дұрыстығы ерекше назарға алынды.
Сонымен қатар, шикізат пен дайын өнімнің сақталу температурасы, тасымалдау ережелері, ветеринарлық құжаттардың өзектілігі және өнімді таңбалау талаптары тексерілді. Аудит нәтижесінде анықталған кішігірім кемшіліктер бойынша кәсіпорын жауапты тұлғаларына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оларды түзету бойынша нақты ұсыныстар берілді. Бірқатар нысандарға белгіленген мерзім ішінде олқылықтарды жою туралы ескертулер жасалды.






Қостанай облысындағы «Beef Export» және «Terra» қасапханаларында жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында өндірістік аймақтардың тазалығы, малды қабылдау және сою процесінің талапқа сай орындалуы, құжаттамалардың дұрыстығы мен халал стандарттарының сақталу деңгейі жан-жақты қаралды. Аудит жұмыстарын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен жергілікті өкіл Алишер Балахмет орындады.
Сонымен қатар, жауапты мамандар қызметкерлердің арнайы дайындық деңгейін, құрал-жабдықтардың санитарлық жағдайын және өнімнің қадағалау тізбегін тексеріп, бірқатар ұсыныстар мен ескертпелер берді. Алынған нәтижелер бойынша кәсіпорындарға талаптарды толық орындау және халыққа адал өнім ұсыну бағытында тиісті шаралар ұсынылды.










Көзі қарақты оқырманның есінде болар, Атыраудағы Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы жаппай кітап оқитын ұлтқа айналудың маңызына ерекше тоқталған болатын. Бұл орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан да атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.
Жақында Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің кітапханасында «Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру» деген тақырыпта көпшілікке ой саларлық жиын болып өтті.
Онда Бас имам Бектұрсын қажы Уәлиев жалпы кітап оқудың мәні мен артықшылығына, парасатты азамат болып қалыптасуда тигізетін ықпалы жайлы кеңінен баяндады. Президенттің көтеріп отырған мәселесі халықтың көкейіндегісін дөп басып, қолдау тапқандығын, жалпы кітап оқу адам баласының ойлау жүйесін қалыптастыруда ерекше орын алатындығын тілге тиек етті.
Өзге қызметкерлер де сөз алып, кітап оқудың орасан пайдасын мысалға келтіре отырып, кімді болсын рухани жағынан байытып, ой-өрісін дамыта түсетіндігін айтты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі





Қостанай облысы, Аймағамбетов қажы Салықұлы мешітінде Қажылық-2026 маусымына қатысты маңызды мәліметтер жамағатқа жеткізілді.
Кездесу барысында:
Алла Тағала ниет еткен әрбір мұсылманға Қажылық жолын жеңіл етсін!






Жуырда Науырзым ауданындағы Дәмді ауылында халықпен кездесу ұйымдастырылды. Онда ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүріміз туралы насихаттар айтылды.
Сондай-ақ, жергілікті орта мектептегі оқушылармен өткізілген жүздесу барысында оларға сабақтан тыс кездері мешітке келіп, дін қайраткерлерінен дәрістер алу жөнінде де сөз болды.
Басқосуда білім ордасының шәкірттері тарапынан қойылған барлық сауалдарға нақты жауап берілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі


Қостанай облысына қарасты қала, аудан мешіттерінде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жамағатпен арнайы кездесу өткізіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді.
Кездесу барысында мамандар тұрмыстық жағдайда өрттің жиі шығу себептеріне тоқталып, электр құралдарын пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігін айтты. Сонымен қатар мешіттердің өзінде де өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуы, эвакуациялық жолдардың ашық болуы, өрт сөндіргіш құралдардың жарамдылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар нақты жауап беріп, ақпараттық жадынамалар таратты. Бұл алдын алу шаралары өңір мешіттерінде қауіпсіздік мәдениетін күшейтіп, кез келген төтенше жағдайдың алдын алуға бағытталған.












Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұстазы Аяулым Ермекқызының ұйытқы болуымен “Ана дауысы” атты семинар өткізілді.
Аталмыш семинардың мақсаты - ерекше балаларды тәрбиелеп жатқан аналарға қолдау көрсетіп, көкейде жүрген сауалдарына нақты да септігін тигізер жауап табу.
Жиында жамағат осындай балаларды білікті мамандармен кездестіріп, олардың ой салар пікірлерін тыңдады.
Семинар соңында аналарға гүл шоқтары ұсынылып, массажға тегін сертификаттар табыс етілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі





Қарабалық ауданының “Ғашура ана” мешітінің Бас имамы Есбол Айтмұханбекұлы Федоров ауданына келіп “Жаркөл”аудандық мешітінде құптаң намазының алдында “Білімнің маңыздылығы”жайында уағыз насихат айтып сұрақтарға жауап берді. Құптан намазынан кейін құрметті қонаққа және жамағатқа дастарқан жайылып ыңтымақ, бірлік жайында насихат айтылды. Жиын соңында алқа мүшесі Сәбит ақсақал бата берді. Жамағат рухани азық алып, дән риза болып тарқасты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі



Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұйымдастыруымен рухани-танымдық бағыттағы маңызды кездесу өтті. Шараға арнайы шақырылған ақын Абылай Мауданов «Кітап оқитын ұлт» тақырыбында ақсақалдар мен жиналған қауымға тағылымды әңгіме өрбітті. Ол кітап оқудың адам санасын, ой-өрісін кеңейтудегі рөлін атап өтіп, жастар мен үлкендерге пайдалы бағыттарда кеңестерін жеткізді.
Жиынға облыстық кітапхананың мамандары да қатысып, тыңдаушылар назарына арнайы әзірленген кітап көрмесін ұсынды. Қатысушылар еліміздің тарихы, руханияты, әдебиеті туралы құнды еңбектермен танысып, кітапхана қоры жайында мәлімет алды.
Шара соңында сөз сөйлеген дін өкілдері мен ақсақалдар кітап оқуға шақырудың маңызын атап өтіп, қоғам дамуы ең алдымен сауаттылық пен білімге ұмтылудан басталатынын жеткізді.
«Ұлтымыз білімді болса – қоғамымыз түзеледі. Білімге ұмтылған елдің болашағы да жарқын» деген ортақ пікір айтылып, қатысушылар кездесуден рухани әсер алып тарқасты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі


