Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Понедельник, 20 Май 2019 10:31

Жақсылыққа жарысайық

Қасиетті Рамазан айында өзгелерге шарапатын тигізген адамдарға Алла Тағала нұрлы шуағын төгетіндігі белгілі. Сондықтан да болар, мұны жете ескерген Денисов ауданы Фрунзе ауылы «Аят» намазханасы тарапынан көмекке мұқтаж отбасыларға «Жақсылыққа жарысайық» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Онда асыраушысынан айырылған жалғызбасты жандар және мүгедек және тағы басқа көмекке мұқтаж 10 жанұяға «Аят» намазханасының молдасы Болат қажы Куандыковтың ұйымдастыруы және демеуші азаматтардың қолдауымен отбасылық азық-түлік пакеті үлестірілді.

Сондай-ақ әрбір отбасына ұн, күріш, май, қант, макарон секілді күнделікті тұтынуға қажетті тауарлар табыс етілді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Понедельник, 20 Май 2019 10:29

Арқалықта да «Рамазан сыйы»

Он екі айдың төресі, қасиетті де берекелі Рамазан айындаАрқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Аталмыш іс-шара жайлы мешіттің бас имамы Бектұрсын Уәлиев жан-жақты тоқталды. Ол өз сөзінде: «Баршаңызға мәлім, Рамазан - бұл берекелі ай, қайырымдылық пен қамқорлық айы. Сондықтан осындай сауаптар еселенетін керемет маусымда көңілі жабырқаған мұқтаж жандарға қолұшын беру мақсатында ұйымдастырылып отырған игілікті іс. Мұндай сауапты іске намазхан кәсіпкер бауырларымыз демеушілік жасап отыр» деді.

Осынау көпке үлгі боларлық игілікті шарада әлеуметтік жағынан аз қамтылған көпбалалы 30 отбасына қайырымдылық пакеттері таратылды. Мұндай қайырымдылық бастамалар өңіріміздің барлық аудандық, қалалық мешіттерінде жалғасын табады деген үміттеміз.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Понедельник, 20 Май 2019 10:39

Білімді өмір шырағы

Понедельник, 20 Май 2019 10:34

Зират басы тазаланды

Жақында Арқалық қаласы бойынша зират тазалығы күні өткізілді. Бұл іс-шара алдын-ала шаһар халқына арнайы телеарна арқылы хабарланып, түсіндірме-насихат жұмыстары жүргізілді. Оған қала халқы үшін мешіт жанынан арнайы үш автобус бөлінді.

Рамазан айында ұйымдастырылған сауапты да игі шараға қала жұртшылығы қолдау білдіріп, белсене атсалысты. Таңертеңнен бастап жергілікті азаматтар зиратқа жиналып, ұйымшылдық танытты. Әсіресе, жастар, мешіт шәкірттері аталмыш істе ерекше көзге түсті.

Жиналған қауымға мешіттің бас имамы Б.Торғайбайұлы жалпы Исламның тазалықты қолдайтын дін екендігін, сондықтан әрбір мұсылман тазылық мәселесіне айрықша назар аударулары қажет екендігін айтты.

Мешіт ұжымының игілікті істері көпшілік тарапынан зор қолдау тапты. Зираттағы сенбілік ойдағыдай өтіп, жиналған қоқыстар арнайы көліктермен сыртқа шығарылды.

Аталмыш шара қалаға қарасты Восточный, Фурманов, Сарыөзен сияқты өзге ауылдарда да жалғасын тапты.

ҚМДБ-нің Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Жітіқара жұртшылығы биылғы қасиетті Рамазан айын ерекше қуанышпен қарсы алды. Әрине, оған тыңғылықты әзірліктер жасалды. Күнделікті екінді намазынан кейін мешітте Құран хатым оқылады.

Аудандық мешіт қызметкерлері жамағатқа тұрақты дәріс оқып, уағыз- насихат айтуды дәстүрге айналдырған.Үстіміздегі жылғы Оразаның алғашқы күндері аудандық әкімдік пен мешіт жамағаты бірге ауыз ашар берді.

Қазіргі таңда мешіт асханасында күн сайын ұйымдастырылатын ауызашарға шамамен 250 адам қатысады. Тарауық намазынан кейін қала бойынша тегін автобус бөлінгендіктен жұртшылықты үйлеріне тасымалдайды.

ҚМДБ-нің Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Среда, 15 Май 2019 16:35

Өкіл имам Ұзынкөлде болды

Үстіміздегі жылғы қасиетті Рамазан айы Қостанай өңірінде де ұйымшылдықпен өтіп жатыр. Әу баста облыстық мешітте басталған ауызашар беру дәстүрі барлық имандылық ордаларында жалғасын тауып жатқаны өте қуанышты.

Олардың арасында қалталы азаматтар да, үлкенді-кішілі қауым да бар. Жуырда Ұзынкөл аудандық «Балықты» мешітінде кешегі қанды майданды бастан кешкен 96 жастағы абыз ақсақал Әнуар Жүсіпов әулетінің атынан ауызашар берді.

Үлкенді сыйлап өскен ұрпақ емеспіз бе? Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек қажы Тәжімбет қызметке кіріскен уақыттан бері халықтың бел ортасында жүріп, олардың өмірдегі қуаныштарына да ортақтасуды өзінің парызы санайды.

Белгілі дін қайраткері аталмыш Ұлы Отан соғысы ардагерінің жерлестеріне жайған берекелі дастарқанына арнайы шақыру бойынша қатысып, өзінің көпшіл жан екендігін танытты.

Әрине, Рамазан айы болған соң өзінің ізгі тілегін де білдіріп, баршаға ырыс-береке, молшылық тіледі.

Осы «Балықты» мешітінің бас имамы Есенгелді қажы Әжімахантегінің айтуына қарағанда, бас имамның жауапты қызметіне қарамастан уақыт тауып өздеріне келуі үлкенге деген нағыз құрметтің үлгісі болды. Онда өнерлі азаматтар өсиетке толы термелерін орындап, жиналғандарға рухани азық сыйлады.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Среда, 15 Май 2019 16:31

50 шәкірт білім алды

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтап, елу шәкірт тәлім алды.

Өткен жылдың 10 қазаны мен үстіміздегі жылдың 10 мамыры аралығында шәкірттерге «Фиқһ», «Құран», «Тәжуид» пәндерінен дәрістержүргізіліп, тағылымы мол уағыз-насихаттар айтылды.

Онда шәкірттер білім алумен шектеліп қана қойған жоқ. Олар мешітте өткізілген қоғамдықжұмыстарға белсене араласып, жасы келген қарт кісілердің үй шаруаларына көмектесті.

Жоғарыда аталған мешіт ұстазы Арлан Бауыржанұлының айтуына қарағанда, биылғы оқу жылында 50 шәкірт тиянақты білім алды.

Енді олар алдағы уақытта ел игілігі үшін аянбай қызмет атқаратын болады. Оларға тек қана сәттілік тілейміз!

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Жуырда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің найб имамы Нұрлан Сейдағалиевтің ұйымдастыруымен «Қош келдің, Рамазан!» атты Мұхаммед пайғамбарымыздың 40 хадисін жатқа оқудан шәкірттер арасында сайыс өткізілді.

Бұл шәкірттерге берері мол байқау Бас имам Шоқан қажы Әмірхановтың сөзімен басталды.

Жарысқа Қостанай облыстық мешітінен - 4, Рудный қаласының «Нұр» мешітінен - 4, Қостанай ауданының «Маңдай батыр» мешітінен - 2 және «Жайлаубай ата» мешітінен 5 талапкер қатысып, бақтарын сынады.

Сайыс негізінен 3 бөлімнен тұрды. Онда шәкірттер тест сұрақтарына жауап берді, хадисті жатқа айтып, жазды.

Жарыс болған жерде жеңімпаз болары да белгілі. Барлық сынақтан сүрінбей өтіп, топ жарған Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің шәкірті Рамазан Маханбет жүлделі орынды жеңіп алды. Ал екінші орынға Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің шәкірті Айбек Ормаров иеленді.

Сонымен қатар, жүлделі қос үшінші орындарды облыстық мешіттің шәкіртері Бекжан Сақыбеков пен Абылай Хайруллалар өзара бөлісті.

Жеңімпаздар арнайы мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің бас имамы М.Қапарұлы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Актаеваменбірге Приречное ауылының мал шаруашылығы саласындағымамандарменқазіргі таңдағы аса өзекті жат ағымдардың алдын алу жөнінде әңгіме өткізді.

Бас имам өз сөзінде: «Қазіргі уақытты жат пиғылды діни ағымдар белсенді жұмыс жасап отыр. Қоғамда біз діни имммунитет қалыптастыруымыз керек, сондай ақ діни сауатты ҚМДБ бекіткен діни мамандардан алуымыз керек» деді.

Осындай маңызды кездесу Львов ауылының тұрғындарымен жалғасын тапты. Дәстүрлі Ислам дінінің құндылықтары және деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі жайында айтылды.

Тұрғындар тарапынан қойылған діни тақырыптағы сауалдарға тұшымды жауап берілді. Жиналған қауым осындай аса қажетті игі іс шараларды ұйымдастырған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Актаеваға шынайы алғыстарын білдірді.

Мұндай қос кездесу көпшілікке үлкен ой салды. Жүздесулердің жақсы әсер қалдырғандығы анық.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Арқалық шаһарында да қасиетті Рамазан айы биылда өз деңгейінде атқарылып жатыр. Ерекше атап өтер жайт, ол ораза ұстауға ниет білдірушілер саны жыл өткен сайын арта түсуде. Оның айқын дәлелі – мешітте ине шаншар орынның болмауы.

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша жиналған жамағатты мешіттің имамы Бектұрсын Торғайбайұлы Рамазан айымен шын жүректен құттықтап, ораза мен тарауиқ намазы жайлы кеңінен мағлұмат берді.

Жұртшылықты ай бойы мешіт жамағатын қасиетті Құран аяттарына ұйытып, тарауих намаздарына имамдық ететін, яғни сонау Түркия елінен келген қаримен таныстырды. Ол Адана қаласынан келген 42 жастағы Уахап Ажджыоғлу бауырымыз.

Жалпы, Арқалық қаласы 2013 жылдан бастап, Рамазан айына арнайы қари алдырып келе жатқандығын айтып өткеніміз жөн. Қала халқы бұл үрдіске әбден үйренген.

Рамазанның алғашқы күнгі ауызашар рәсімін мешіт ұжымы өздері бастап берді. Онда мұндай іс-шараның сауабы орасан зор екендігі айтылды. Келесі күні-ақ бұл ауызашар рәсімі одан әрі жалғасын тауып, қала әкімі Э.Қонысбайұлының атынан арнайы дастарқан жайылып, намазхан қауымды Рамазан айымен құттықтады.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником