Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Ғасырдан да артық ғұмыр кешіп, қазан төңкерісі, аштық, соғыс жылдары, саяси қуғын-сүргін сияқты қиында зардапты кезеңдердің куәсі болған– Ұлтай әжеміз 115 жасқа толды. Ол Бейімбет Майлин ауданында 1905 жылы дүниеге келіп, тіршілікте адалдық пен ізгілікті жанына серік етіп, ырыс-берекенің маңдай термен ғана келетіндігін ұғынып, еңбекке ерте араласты.

Қазақтың аяулы қызы 16 жасында Мұса Сыздықов екеуі шаңырақ көтерді. Сөйтіп олар кешегі өткен ашаршылықпен зұлмат жылдарды бастарынан өткізді. 

Екінші дүниежүзілік соғыс басталып, отағасы әскер қатарына алынғанда, бар ауыртпалық үйдегі жас келінге түсті. Қартайған ата-енесін бағып, аянбай еңбек етті. 

Майданға аттанған ер-азаматтардың орнын жоқтатпады. Қандай қиындық болса да еңсесін түсіріп, ауыртпалықтарға мойымады. Ол өгізге соқа жегіп, жер жыртып, шөп те шапты. Таңның атысынан күннің батысына дейін белді бекем буып, қарбалас жұмыстың ортасында жүрді. 

Ұлтай әжені әңгімеге тарта қалсаңыз қазірге дейін ұзақ жасауының ешқандай құпиясы жоқтығын, оның бар сыры кезінде сол қазыналы қарт ата-енесінің жүректерін жарып шыққан ыстық лебізінде жатқандығын алға тартады. Оларды сағынышпен еске алады. 

Әрқашан да халықтың ортасында жүріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет танытатын белгілі дін қайраткері Рудный қаласы «Нұр» мешітінің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы ғасырдан асқан яғни, 115 жасқа толып отырған ардақты жанды мешіт атынан мерейтойымен арнайы құттықтады. Оған ең ізгі тілегін білдіріп, сый-сияпатын жасады. 

Әжеміздің халық жағдайын сұрап, біраз жайға қанықты. Оның сабырлылығына, қос ғасырдың куәсі болған асыл жанға тәнті болды. Көпті көрген анамыз өз кезегінде келгендерге ақ батасын беріп, жауапты қызметінде табыс тіледі. 

 Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Нұрбол Исламұлы Балахметовтың іскерлік қырлары облыс жұртшылығына бұрыннан таныс. Әулиекөл аудандық мешітінде бас имам болған кезінде де өнегелі істерімен жергілікті халықтың ыстық ықыласына бөленген еді. 

Оның Сарыкөл ауданына осындай жауапты қызметке кіріскеніне көп уақыт бола қоймаса да осы өңірдегі ағайындармен тонның ішкі бауындай араласып кетті. 

Өз жұмысына тиянақты азаматтың тікелей басшылығы әрі демеушілердін көмегімен 20 ақ жаулықты әжелерімізге арнап «Айттық қоржын» табыс етілді. 

Ораза айт мерекесін есте қалдыру мақсатында Нұрбол Исламұлы жамағаттармен бірге жоғарыда аталған әжелердің үйлеріне арнайы барып, мейраммен құттықтап, шынайы лебізін білдірді.

Мұндай сый-құрметке ақ жаулықты аналар баталарын жаудырды.

Сондай-ақ осы мейрекеде 36 сәби-бүлдіршінге тәттілерге толы «Айттық қоржыны» үлестіріліп, қуаныстарына себепші болды. 

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 22 Май 2020 15:22

Бас имам

Қазіргі таңда әлемді жайлаған коронавирус дерті біраз маңызды жайларды шектеп жатқаны баршамызға белгілі. Қасиетті Рамазан айы кезінде мұсылман қауымы барлық рәсімдерді үйлерінде атқарды.

Сондай-ақ биылғы Ораза айтқа байланысты ҚМДБ-ның да мәлімдемесі сайтымызға қойылды. Осылайша быйылғы «Ораза айт» намазы мешіттерде өтпейтін болды. Бұл жөнінде Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет жүздесуде баяндады.

Осы аталғандармен қатар өңір тұрғындары айт мерекесін көпшілік қауымсыз, яғни өздерінің туған-туыстары мен отбасында мерекелегендері абзал. Әрине, мұның бәрі де карантинге байланысты жүзеге асырылатындығы даусыз.

Бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы облыстағы барша ағайын-бауырларды алда келе жатқан «Ораза айт» мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Әрбір отбасына молшылық, ырыс-береке, амандық-саулық тілейді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қостанай облысы бойынша карантин басталғалы бері 124 рет қайрымдылық жасалып, 2 819 отбасына азық түлік қоржыны жеткізілді. Жалпы, осы мақсатқа 4 жарым миллионның қаражаты жұмсалды.

«Осы арада жаны жомарт және басқа да көмекке мұқтаж жандардыңкөмегі ерекше болғанын атап өткен жөн. Бұл шарапатты істері үшін Алла оларға берекет берсін. Мұндайкөпшілікке шапағатымызды тигізуді Алла тағала баршамызға нәсіп етсін» деді өз сөзінде облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы. 

Жалпы, бұл күндері өңірдегі әрбір қала мен аудан орталықтарындағы мешіттерде «Біз біргеміз» акциясы одан әрі жалғаса түсуде. Осы қайырымдылық шараларында, негізінен, күнделікті тұтынатын тағамдар таратылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Пятница, 22 Май 2020 15:21

Қадір түні

Қостанай өңірінде төтенше жағдайға байланысты мешіттер әлі ашылмағандықтан өткен Қадір түніне орай іс шаралар онлайн түрінде жүзеге асырылды.

Қостанай облыстық мешітінің Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет «Instagram» желісінде жамағатқа «Қадір түнін қалай өткіземіз» тақырыбында тікелей эфирде сұхбат берді.

Жұртшылыққа еркін құлшылыққа уақыт берілгеннен кейін викториналық сұрақ бойынша жауап ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлыққа діни кітаптар берілді.

Осы қасиетті Рамазан айында өңіріміздегі алғаш иджаз алған қари Мұртаза Балахмет Ертайұлы Құран кәрім «YouTube» арнасында тікелей эфирде орындаған болатын. Сол толық оқылған Құранның онлайн түрінде батасын облыстық мешіттің Бас имамы Бақытбек Нұрғабылұлы мен найб имамдары батасын жасады.

Сонымен қатар Бахытбек Нұрғабылұлының қатысуымен Facebook, Instagram желілерінде сұрақтарға жауап берілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Пятница, 22 Май 2020 15:10

Әуликөл: майдангердің үйінде

Үстіміздегі жылғы 9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы аталып өтті. Онда қаншама аталарымыз толарсақтан саз кешіп, ерліктің жарқын үлгісін көрсетті. Қаншама азаматтар майданнан оралмады. Оларға топырақ жат жерден бұйырды.

Өткен жылдарға көз жіберіп отырсақ, сол кездегі қылшылдаған жігіттердің жасы тоқсаннан асып қалды. Олардың қатары да күзгі жапырақтай сиреді.

Қазіргі таңда Әулиекөл ауданындаүш Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. Солардың бірі- Алдаберген Каскин. Қадірменді ақсақал бұл күндері 94 жаста болса да әлі тың да сергек.

Ұлы Жеңіс мерекесіне байланысты қарт майдангерге құрмет көрсету мақсатында Әмит ишан мешітінің бас имамы Нұрлан қажы Сыздықов бастаған азаматтар ардагердің үйінде болды.

Өзін құттықтай келгендерге дән риза болған кешегі Отан үшін от кешкен Алдаберген ақсақал қанды майданды бастан кешкен оқиғаларды еске алып, тебірене әңгімеледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының биылғы төтенше жағдайға байланысты

ораза айт мейрамын өткізу туралы

МӘЛІМДЕМЕСІ 

 

Аса Рақымды ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз!

 

Құрметті отандастар, қадірменді жамағат!

Мұсылман қауымының ұлық мерекесі Ораза айт мейрамымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз.

Ораза айт мерекесі – бір ай бойы шынайы ықыласпен ораза ұстап, әр күнін жақсылық жасаумен өткізген адамның құрметке, марапатқа ие болатын кезі. Алла Тағала құдси хадисте: «Пенделерiм Мен парыз еткен оразаны атқарып, ақысын алуға (айт намазын өтеуге) мешiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн…», – деген.

Ислам дінінде кез келген мереке ғибадатпен бастау алады. Шариғатымыз бойынша айт намазын жамағатпен оқу – уәжіп. Алайда, биылғы ораза айт намазы еліміздегі карантин жағдайына байланысты мешіттерде жамағатпен өткізілмейді. Ханафи мәзһабы бойынша айт намазын үйде жеке оқу дұрыс емес.

Бірақ, айт күні күн найза бойы көтерілгеннен кейін әркім өз үйінде екі немесе төрт ракағат нәпіл (дұха) намазын жеке оқи алады. Оны төрт ракағат етіп оқу – абзал. Абдулла ибн Масғуд (Алла одан разы болсын): «Айт намазын оқи алмаған адам төрт ракағат намаз оқиды. Бірінші ракағатта «Фатиха» сүресінен кейін «Сәббихисмә раббикәл-ағлаа», екінші ракағатта «Уәш-шәмси уә духааһәә», үшінші ракағатта «Уәл-ләйли изаа яғшаа», төртінші ракағатта «Уад-духаа» сүрелерін оқиды», – деген. Ал аталмыш сүрелерді жатқа білмейтін кісілер басқа да сүрелерді оқыса болады.  

Айт күні сәресін ішпейді, күндіз аузы ашық болады. Өйткені, хадисте: «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза және құрбан айт күндері ораза ұстауға тыйым салатын» делінген.

Ораза айт – мереке. Сондықтан мейрам күні ата-анамызға, отбасымызға, балаларға, тума-туыстарға сыйлық үлестіру – сауапты әрі игі іске жатады. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер, араларыңда сүйіспеншіліктерің артады» – деп өсиет еткен.

Ораза айт – кешірім жасайтын күн. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әрбір жүрегі пәк – тілі шыншыл адам», – деді. Сахабалар: «Тілі шыншыл деген түсінікті, жүрегі пәк дегенді қалай түсінеміз» деп сұрағанда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жүрегі пәк дегеніміз тақуа, таза, ыза және көре алмаушылықтан ада адам», – деді.

Ораза айт – мұқтаждарға көмектесетін күн. Құран Кәрімде: «Аллаға құлшылық етіңдер, Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық жасаңдар», – делінген («Ниса» сүресі, 36-аят).

Жаратқан Алла әрбіріміздің ораза айт күні жасаған ізгі істерімізді, дұға-тілектерімізді қабыл етіп, жылдан жылға, айдан айға аман-есен жетуді нәсіп еткей!

Четверг, 21 Май 2020 16:23

Әулиекөл: Рамазан шуағы

Еліміздегі қалыптасқан жағдайға байланысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қайырымдылық шарасын ұйымдастыру жөніндегі үндеуі аясында Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінде тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды. 

Төтенше жағдай кезінде көпшілік орындарда бұрынғыдай ауызашар берілмеуіне байланысты сауапты істер жүзеге асырылуда. Мешітте осы күнге дейін есепшотқа түскен қаражаттан көмекке мұқтаж 30 отбаына арнайы азық-түлік қоржыны таратылды. «Рамазан шуағы» қайырымдылық акциясы бұдан әрі жалғасын табуда.

Аудандық мешіттің Бас имамы Нұрлан қажы Сейілханұлы осы қызметке тағайындалғалы бергі атқарған жұмыстарына жергілікті халық дән риза.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жақында Меңдіқара аудандық "Зұлқарнайұлы Мұса қажы" мешіті аудандық мәдениет үйімен бірлесіп Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойы аясында келелі шара өткізді. Ол осынау Ұлы отан соғысының 75 жылдығына орайластырылып "Аталар айтқан ақ бата"сайысы онлайн түрінде өткізілді.

Осы шараға аудандағы 60 жастан асқан 8 ақсақал қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша әділ қазылардың шешімімен І, ІІ және ІІІ орынға ие болған жүлдегерлерді аудандық мешіттің имамы Еркебұлан Қошан Жаңбырбайұлы құттықтап, бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Ал қалған 5 қатысушыда марапатсыз қалған жоқ. Оларды ынталандыру мақсатында мақтау қағаздары берілді. Аудандық "Зұлқарнайұлы Мұса қажы" мешітінің имамы барша сайысқа қатысушылармен «Юбилейный» мәдениет үйінің қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қасиетті Рамазан айының соңғы күндері игі сауапты істерді қолдаушы азаматтардың қатары көбеюде. Осы орайда «Зерновая индустрия» агрохоллдингі жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымының көрсеткен өнегесі баршаға үлгі.

Мәселен, олар Қадыр түні қарсаңында бір ірі қара сойып, 40 отбасыға үлестірді. Сонымен қатар оған қосымша азық-түлік қржыны да таратылды. Рамазан басталғалы 80 шаңыраққа қайырымдылық көмек жасалып, көпшіліктің алғысына бөленді.

Жалпы, Қарабалық аудандық «Ғашура ана» мешітінің Бас имамы Серік қажы халыққа мемлекетіміздегі ұстанған карантин жағдайына қарай «қасиетті түнді» үйде қарсы алуды айтып өтті. Қазіргі қалыптасып отырған жағдайға байланысты мұсылман ағайындар бәріне де түсіністікпен қарады. Сауабы мол күнге орай Құран хатым оқылып бағышталды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником