Бейімбет Майлин ауданы Бас имамы Хамзин Ислам «Сапар Ерғалиев» атындағы қазақ орта мектебінде оқушылардың ата-аналарымен кездесті.
Ол оқу жылы да аяқталуға жақындығын. Сол себепті балалардың жазғы демалыстарын мазмұнды да мағыналы өткізу сөз болды. Түрлі келеңсіздіктердің алдын-алу, атап айтқанда шомылғанда абай болуы, интернетте не болса соны қарауына жол бермеу, секілді маңызды жайттар туралы айтып өтті.
Ата-аналар оқушылардың тек материалдық жағына көңіл бөліп қана қоймай, рухани жан дүниелеріне де жан-жақты назар аудару керектігі тілге тиек етілді.
Біздің басты мақсатымыз тәуелсіз еліміздің тірегі болар білімді де білікті, отансүйгіш азаматтар тәрбиелеу. Жиналғандар өз ойларын ортаға салып, көкейтесті де өзекті тақырыпты әңгіме еткен Бас имамға алғыстарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Осыдан бұрын біз оқырмандарды Алтынсарин ауданындағы Щербаков елді-мекенінде «Тойғанша ана» мешітінің пайдалануға берілгені жайлы хабардар еткен едік.
Жуырда аталған мешіттің имамы Медет Өтепқалиев халықпен кездесіп, алдағы уақытта жүзеге асырылар маңызды міндеттер мен мақсаттарға тоқталды.
Онда Ислам - ынтымақ пен бейбітшілік діні жайлы айта келіп, мешіттің мұсылмандардың өмірінде алатын орны, жұма және бес уақыт намазын жүйелі және түрлі діни рәсімдерді талапқа сай өткізу жайлы толық мағлұмат берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Бейімбет Майлин атындағы ауданда іс-сапармен болды. Ол Әйет ауылына атбасын бұрып, жергілікті Сапар Ерғалиев атындағы орта мектептің кітапханасында мұғалімдермен кездесті.
Жүздесу дөңгелек үстел басында өткізілді. Онда рухани байлықтың қайнар көзі болып табылатын «Кітап оқудың қоғамға пайдасы» деген тақырып қозғалды.
Тілге тиек етілген өзекті мәселе кімді болсын толғандырмай қоймайды. Өйткені, ғаламтор мен ұялы телефондар кітаптың орнын ешқашан да толтыра алмасы ақиқат.
Кездесуде ұстаздар көкейде жүрген сауалдарын қойды. Бас имам әңгіме барысында өзіндік ой-пікірлерін күнделікті өмірмен тығыз байланыстыра нақты жауап берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жуырда Тобыл қаласындағы «Астана» спорт кешенінде Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің жастар ісі секторы «Отбасы күні» аясында жамағаттар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырды.
Оған аудандық мешіт, Қостомар, Алтын дала және Жамбыл ауылындағы имандылық ордаларының командалары қатысты. Ойын өте тартысты өтті. Жарыс барысында барша азаматтар белсендік танытып, спортқа деген талпыныстарын көрсетті.
Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Дархан Сыздықов жиналғандарға басты мақсат - салауатты өмір салтын жандандыру, барлық мешіт жамағаттарының арасындағы сыйластық пен ауыз бірлікті барынша нығайту екендігіне тоқталды.
Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды Қостомар елді-мекенінің, ІІ орынды аудандық «Маңдай батыр» мешітінің, ІІІ орынды Алтын дала ауылының командалары иеленді.
Жүлделі орын алғандарға грамота, медаль және кубоктар табыс етілді. Содан кейін аудандық мешіттің асханасында дастархан жайылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті ұжымының бастамасы әрі осы имандылық ордасы жанынан құрылған қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен 15мамыр –отбасы күніне орай көмекке мұқтаж жанұяларға азық-түлік қоржындары табыс етілді.
Осы мақсатқа біраз қаражат жұмсалып, азық-түлік қоржыны жасақталды. Онда күнделікті тұтынатын ас сулармен бірге қойдың еті де мұтаж отбасыларына таратылды.
Қамқорлыққа бөленген шаңырақ иелері бас имам Нұрхан Асанұлы басқаратын мешіт қызметкерлеріне дән ризашылықтарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Еліміз тәуелсіз алғалы бері Қостанай өңірінде де имандылық ордаларының қатары көбейіп, мұсылман бауырларымыздың ислам дініне деген ынта-ықыластары артып келеді.
Енді міне Алтынсарин ауданындағы Мәриям Хакімжанова селолық округіне қарасты Шербаков елді мекенінде жаңадан «Тойғанша ана» мешіті салтанатты түрде ашылды.
Оған еліміздің жер жеріне көптеген қонақтар жиналды. Салтанатты жиынға Қостанай облысының әкімі Архимед Бегежанұлы, облыстың Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы жаңа әрі заманға сай үлгіде салынған мешттің ашылуымен құттықтады.
Салтанатты шарада жиналған қауымға ас тартылып ақсақалдар батасын берді.
Онан соң ат үстіндегі аударыспақ, теңге алу, жамбы ату сайысары өткізілді. Онан соң және көкпар тартылып жеңімпаздар марапатталды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Шоқанов іс-сапармен Қостанай облысына келді.
Белгілі дін қайраткері осы сапар барысында Алтынсарин ауданындағы Мәриям Хакімжанова селолық округіне қарасты Шербаков елді мекеніндегі «Тойғанша ана» мешітінің салтанатты ашылуына қатысуы жоспарланған.
Алайда Қазақстанға белгілі дін саласында ұстаздық қызмет жасап жүрген Бауыржан Әлиұлының кенеттен дүниеден өтуіне байланысты қайа жолға шығуына тура келді.
Бірақ осындай жағдай да Сансызбай қажы облыстық мешітте жамағатпен кездесіп «Ғибратты өмір» туралы уағыз айтып, Бауыржан ұстаз туралы тебірене сөйледі.
Уағыздың толық нұсқасы https://www.youtube.com/watch?v=hoUflFmIwhg
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Бүгінгі күні қоғамдық проблемалар қатарында дін жолында адасушылар да өз алдына бір топты құрап отыр. Дінге үлкен сеніммен келгенмен үйретушісі дұрыс болмаса, ол адамның жалпы дін жолынан, сонымен қатар Қазақстан мұсылмандарына тән жолдан ауытқып кетуі өте оңай.
Қазақстан мұсылмандары сунниттік, оның ішінде Ханафи мәзһабын, Матуриди ақидасын ұстануымен және жергілікті ғұрыпқа да көңіл бөлуі мен ерекшеленеді. Қазақ жерінде ислам ұлттық мәдениетіміздің қалыптасуында өзіндік зор үлес қосып, халықтың күнделікті әдет-ғұрып, салт-дәстүріне терең сіңіп кетті.
Деструктивті сипаттағы теріс діни ағымдарға ерген жастар аят-хадистерде айтылған жайттардың астарындағы даналыққа үңілмеді, діни мәтіндерге үстірт қарады, тарихты оқымады, мәдениетті елемеді, келте діни түсінікпен ата-ана, туыс-туған, дос- жарандарынан безінді, дәстүріне қарсы шықты, қабірлерді қиратты, мемлекеттік билігіне қару алып қарсы тұрып, кейбір зайырлы білім пәндерін қабылдамады, қоғамнан оқшауланып, өздерінен басқалардыда адасушы деп түсінді, біржақтылыққа ұрынды. Діни экстремизм бабымен істі болып, лаңкестігі үшін түрмеге қамалды. Бұның бәрі де діни сауаттың төмендігімен болып отыр.
Діни сауаты төмен адам дінде айтылған әрбір сөзге тез иланады, сындарлы ойламайды, мәліметтің ақ-қарасын ажыратпайды, бәрін талғамай қабылдайды. Сондықтан бұл тұрғыда кез-келген мәліметті екшейтін ішкі сүзгі болуы керектігін айтамыз.
Дін жолында адаспау, орны толмас қателіктерге ұрынбас үшін білім алу, ізденіс өте маңызды. Исламда ең алғашқы бұйрықтың өзі «Оқы!» деп келгендіктен, ардақты Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың игілі мен сәлемі болсын) «Білім іздену әрбірі мұсылман ерге де, әйелге де парыз» екендігін айтқан болатын.
Сол себепті Меккеден Мәдинаға қоныс аударған уақытта әуелгі кезекті мешітпен қатар Суффа мектебі деп аталған ілім ошағының негізі қаланған. Ол жердегі сахабалар күндіз түні тек қана іліммен шұғылданған. Сол жерден бастау ала отырып, ислам дінінің әр саласында ғалымдар шоғыры қалыптасты.
Ардақты пайғамбар дінді үйретуге әр аймаққа ғалым сахабаларды жіберді. Дін жолы әрдайым ғылыммен қатар жүріп отырды. Мұсылман ғалымдар тек дінді ұстанып, ғылымнан қол үзіп кеткен жоқ. Екеуін де қатар алып жүруге тырысты.
«Айтшы, білетіндер мен білмейтіндер тең бе?!» (Зумар сүресі, 9 аят), «Алладан шынайы түрде тек ғалымдар қорқады» (Фатир сүресі, 28-аят) деген аяттар білімді болудың артықшылықтарын насихаттады. Хадисте «Ғалым мен қарапайым құлдың арасы менімен сендердің ең төмендегілеріңнің арасы секілді» (Тирмизи жеткізген) делінді. Баршамызға мәлім, әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Халдун, Идриси, әл-Бируни, әл-Хорезми, Ибн Батут, әл-Баттани, Джабир ибн Афләх, әр-Рази, әл-Ғазали, Ибн Рушд сияқты т.б. көптеген ғалымдар мұсылмандардың дін мен ғылымды қатар алып жүргендігіне дәлел.
Қазіргі уақытта діни білім алам деушілерге елімізде бірқатар жағдайлар жасалған. Тіпті Нұр-Мүбәрак ислам мәдениеті секілді жоғарғы оқу орны, тоғыз медресе, мешіттердің жанында сауат ашу курстары жұмыс істеуде. Одан бөлек, дінтану, исламтану мамандықтары да еліміздегі бірқатар жоғарғы оқу орындарында гранттық негізде оқытылады.
Сондықтан барлық сала секілді дін саласы да білімділік пен біліктілікті қажет етеді. ХХІ ғасырда шалалыққа, шалт басуға орынболмауы тиіс.
Отбасы үлкен жауапкершілікке құрылады. Әке – отбасыға жауапты бірінші тұлға. «Бәрің де бақташысыңдар! Елбасы еліне жауапты, отағасы отбасына жауапты, әрбірің қарамағыңдағыларға жауаптысыңдар» деген хадис осы шындықты білдіруде. Діни сауаттылықты бала мектепте де үйренеді. Ата-ана да балаға осы бағытта дұрыс тәлім бере білуі тиіс, оны қадағалауы керек. Айталық, мешіттердегі діни сауат ашу курсына бала ата-анасының рұқсатымен баруы тиіс. Бала кімдерді тыңдап жүр, қандай діни кітаптар оқуда, діни танымы дұрыс қалыптасуда ма деген сауалдарға ата-ана да мән беріп отырғаны жөн.
Ал ата-ана діннен хабарсыз болса, ол баласын қалай қадағалай алмақ? Немесе «дінге жолама» деген сөз баланың дінге деген қызығушылығын баса алама? Бала бәрібір өзіне керекті мәліметтерін интернеттен іздеуге мәжбүр болады. Ал интернет не әлеуметтік желілерді көп жағдайда деструктивті діни ағым өкілдері тиімді пайдаланып кетіп жатады.
Яғни ондағы мәліметтерді бақылап отыру қиын. Осы себепті ата-ана бар жауапкершілікті тек мектепке я ұстаздарға ысыра салмай, баланың болашағы дұрыс қалыптасуында өздері де жауапты екенін сезінуі тиіс.
Айтпағымыз, дін туралы дұрыс ақпарат балаға қайжақтан да дұрыс жетсе, сонда ғана ол дұрыс танымға қол жеткізетін болады.
Біз жоғарыда сөз еткендей ұстаздар қауымы не ата-ананың діннен шошуы, соның нәтижесінде баласына «дінге жолама» деп шектеу қоюы мәселенің алдын ала алмайды. «Бала тыйым салынғанға өш» дегендей, ол бәрібір рухани қажеттіліктерін іздейді. Соның кесірінен бала теріс діни мәліметтер өзіне сіңіріп алуы мүмкін. Сол үшін діннен қорықпау керек.
Ислам біздің ата-бабамыз таңдаған дәстүрлі дініміз. Кеңестік кезде де дәстүрлі дінінен қол үзбеген халқымыз алдағы уақытта да одан алыстап кетпесі анық. Тарихқа қарасақ, қазақ зиялылары медреселерде алғаш сауаташқан, дінисауаты мол болған. Олар дінге қауіпдеп қарамады, керісінше руханияттан күш ала отырып, қоғамға қызмететті. Сондықтан діннен қорқып, баланы оған жолатпауға әрекет жасағаннан гөрі баланың дұрыс діни танымы қалыптасуына көңіл бөлген дұрыс. Өскелең жастарымыз үшін дәстүрін дәріптейтін, өзге сенім иелеріне толерантты діни сана қалыптастыру аса маңызды.
Қорыта айтқанда, дін саласындағы келеңсіздіктердің алдын алуда, діни экстремизм мен терроризммен күресуде діни сауатсыздыққа жол бермеу, қайта діни сауаттылыққа күш салу аса маңызды. Дәстүрлі дініміздіоқып- үйрену мүмкіндіктерін молайтып, жалпы діни сауаттылықты отбасы, мектеп, қоғам болып қолға алу, діннен қорықпай, жасөспірімдерге дұрыс діни таным қалыптастыру мемлекетіміздің қауіпсіздігі тұрғысынан уақыт ұттырмайтын қажеттілік.
Денисов ауданы «Жұма» мешітінің Бас имамы Руслан Маратұлы
Биылғы қасиетті Рамазан айы өз деңгейінде өткеніне халық куә. Шарапаты мол айда өңір бойынша қайырымдылық мақсатына жете көңіл бөлінді. Барлығы 434 шара ұйымдастырылды. Онда 60 330 отбасы қамтылды. Осы игі іске 121 млн. 487 819 теңге жұмсалды.
Зекет және қайырымдылық қорының жетекшісі, найб имам Бақытжан қажы Икрамның мәліметіне сүйеніп, оны таратып айтатын болсақ, қыруар жұмыстар атқарылғанына көзіміз айқын жетеді.
Қасиетті Оразадағы 30 күннің ішінде бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды. Мысалы, «Ел үлесі - пәтерге» жобасы бойынша бір отбасыға 1 млн. теңге табыс етілді.
«Қолдан – қолға» шарасында көмекке зәру бір кісіге емделу үшін 76 мың теңге тапсырылды. Ал, «Өмірге үміт сыйла» жобасында мүмкіндігі шектеулі жанға 70 мың теңгенің мүгедектер арбасы тарту етілді.
Сонымен қатар, «Алтын құрсақты батыр анаға тосын сый» шарасында көп балалы анаға 45 500 теңгенің көмегі көрсетілді.
Алматыдағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Қостанайдан білім алып жатқан екі шәкіртке оқу ақысы үшін 864400 теңге төленді. Киім-кешекпен қолдауға зәру 62 отбасына 348000 теңге жұмсалды.
«Рамазан тәттісі» атауымен кішкентай 33 балаға 36 000 теңге бөлінді. Осы айда 2 145 отбасына 23 млн. 820 919 теңгенің азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны» үлестірілді.
Сондай-ақ, 334 адамға 227000 теңгенің «Ауызашар себеті» тапсырылды. Облыстағы мешіттердің жанында 57 750 адамға 95 млн. теңгенің ауызашары берілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі