Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол кенті "Маңдай батыр" мешіті

Маңдай батыр мешіті

Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол кенті, «Маңдай батыр» мешіті.

1. Қостанайоблысы, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Калинин көшесі 68-ші үй. Инд. 111100. мешіт телефоны: 8 ( 714-55 ) 2-26-78.

2. Мешіт арнайы салынбаған. Қазіргі мешіт ғимараты 1973-ші жылы салынған 2 қабатты ғимарат. 1998-ші жылы жергілікті халықтың өтініші бойынша осы ғимаратты мешіт қылып пайдалануға рұқсат берді. Алдында паспортный стол болған. 2002-ші жылы Бас имамның өтініші бойынша әкім бастап шаруашылық қожалықтарының жәрдемімен ғимаратқа күмбез ай орнатып толық жөндеу жұмысы жүргізілді. Мешіт жамағатының көбейіне байланысты мешіт ғимаратына қосымша екі зал 2007-ші жылы салынды. Ерлер залы және әйелдер залы.

3. Мешіт жер учаскесінің көлемі – 0, 1266 га. Мешіттің ауласы қоршалған, есік алдына гүл егілген, жарық шамы бар.

4. Мешіт ғимаратының жалпы көлемі – 432 квм, сыйымдылығы: ерлер залы – 100 адамдық орын, әйелдер залы – адамдық орын.

5. Мешіт ғимаратының биіктігі – 10 м, формасының сипаты, қарапайым төртбұрышты 2 қабатты ғимарат. Намаз оқитын ерлер және әйелдер залында қағбаның суретімен пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешіт суреттері ілінген. Кіре берісте бес уақыт намаз оқитын уақыттары сағатпен көрсетілген. Мешіт сырты қызыл кірпішпен қапталған, әр терезенің жоғарғы жағына қызыл кірпішпен күмбез бейнесі қаланған, екі жағында екі мұнара бар. Мешіт іші толық кілемдермен жабдықталған, дауыс күшейткіш апараты бар, сонымен қатар 50 адамдық асхана бар, толық ыдыс-аяқтарымен қамтамасыз етілген, 10 шәкірттік дәрісхана бар, оқуға керекті материалдармен безендірілген.

6. Мешітте күмбез жоқ, екі жағында екі мұнара бар.

Маңдай батыр мешіті

алдыңғы мақала
Қостанай облысы, Қарабалық аудандық "Ғашура ана" мешіті
кейінгі мақала
Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай селосының "Оспанқожа әулие" мешіті

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником