Марал баба мешіті
Қостанай облысы, Қамысты ауданының Бестау аулында 1994 жылы мешіт құрылысының ірге тасы қалынды. 1996 жылдың шілде айында мешіт құрылысы түгелімен бітіп, пайдалануға берілде. Мешіттің жобасын жасаған Алматылық «Қаз ГУ проект». Негізгі жоспар бойынша мешіттің алаңы 1 гектар жерді алып жатыр. Құрылыстың көлемі: 36х36 м, биіктігі 4,5 м. Орталық зал дөңгеленіп келген, диаметрі 20 метр. Төрт мұнарасы бар, әрқайсысының биіктігі 16 метрден. Сырты түгелдей ұлутаспен қоршалған, іші гранит пен мәрмәр тас. Мешіттің ішінде имам мен наиб имамның жұмыс бөлмелері, дәріс алатын бөлме, тазалық бөлмесі, шайхана бар. Мешітті салуға Алматының, Қостанайдың және жергілікті тұрғындар атсалысты. Құрылыс жобасы мен құрылыс ісін жүргізген Бестау жауапкерлігі шектеулі серіктестің басшысы Ибрай Естаев пен құрылыс басшысы Ғилымхан Құлбатыров. Құрылыс жұмысына қаржылай көмек бергендер: Естаев Ибрай – Бестау ЖШС директоры, Ундемесов Темірхан – Свободный ЖШС директоры. Мешітке Марал ишан есімі берілді. Мешіттің бірінші имамы болып Ертай Балахмет тағайындалды.