Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің қызметкерлері де жаз айындағы «Имани жаз» деп аталатын сауат ашу курсын тиісті деңгейде ұйымдастырып, жас жеткіншектерге жан-жақты жағдай туғызды.
Әсіресе, мұнда шәкірттерге берілетін білім сапасына айрықша назар аударылды. Сол өткен мерзімде 11 ер бала мен 6 қыз бала иман және әдеп пәндерінен дәріс алып, таным көкжиектерін кеңейтті.
Сабақ аяқталған соң оларға салтанатты түрде арнайы сертификат тапсырылып, алдағы уақытта да жетістіктерге жете берулеріне тілектестіктерін білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі