Еліміздегі айтулы мереке Тәуелсіздік күні қарсаңында өңіріміздегі бірақатар мешіттерде танымдық - тағылымық жағы мол жиындар болып өтті.
Мәселең, Лисаков қалалық "Әбдіхаим Саламатұлы" мешітінің ұжымы Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырған «Тәуелсіздік тәңір берген тәтті сый» атты басқосу қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.
Жиын барысында мешіттің Бас имамы Әкімбек Нұрханұлы және қалалық "Жастар ресурстық орталығының" басшысы Ділдә Хайратқызы сөз алып, Тәуелсіздік, Отан, мемлекет туралы өз ойларын ортаға салды.
Сондай-ақ Арқалық қалалық «Мұхтасиф Әл-Мұхаммед» мешітінде де ел өмірінде ерекше орын алатын мерекеге байланысты іс-шара ұйымдастырылды. Онда егемендік жөнінде насихаттар айтылып, ақида, фиқһ, намаз пәндері жөнінде сұрақтар қойылды. Жеңімпаздарға сертификаттар тапсырылды.
Сонымен қатар Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінде өткізілген жамағат арасындағы "Тәуелсіз ел бақытты" деп аталатын интелектуалды сайыстың да тәрбиелік мәні өте жоғары болды.
Аталған сайыстың әділқазылар құрамына ауданға қарасты ауылдардың имамдары енді. Олар әрбір қатысушыға әділ бағасын берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі