Жуырда Сарыкөл аудандық «Аққозы қажы» мешітінде салауат оқудан сайыс ұйымдастырылды. Оған жергілікті қыз-келіншектер қатысып, бақтарын сынады.
Сайыстың тиісті деңгейде өткізілуіне мешіттің ұстазы Фатима Асанова ұйытқы болды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, сайыстың қорытындысында Гүлмира есімді талапкер тыңғылықты білім көрсетіп, жеңімпаз атанды. Ол 19 800 салауат оқыды.
Содан кейін қыз-келіншектерге арнайы дастархан жайылып, салауаттың маңыздылығы мен ерекшелігі жайлы уағыз айтылды. Жарысқа жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі