Қасиетті Рамазан айының алдында Сарыкөл аудандық Аққозы мешітінің бас имамы Асылхан Түсіпбек Крылов ауылында болды. Онда ол жергілікті тұрғындармен кездесті.
Дін қайраткері Оразаның ерекшелігін түсіндіре келіп, жиналған қауымға оны ұстау әрбір дені сау азаматқа мұсылмандық парыздың бірі болып табылатындығын тілге тиек етті.
Сондай-ақ басқосуда дін және дәстүр тақырыбында кеңінен уағыз-насихат айтып, қойылған сауалдарға тұшымды жауап берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі