Қасиетті Рамазан айы өңірімізде тиісті деңгейде өткізіліп жатыр. Облыстық мешіттегі «Зекет және қайырымдылық» қорының тындырған жұмыстары ауыз толтырып айтарлықтай.
Мысалы, Оразаның екінші он күндігінде облыста 158 іс-шара өткізіліп, 20 010 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Осы мақсатқа 44 194 402 теңге жұмсалды.
Онда «Рамазан қоржыны», «Ауызашар», «Рамазан тәттісі», «Рамазан себеті», «Қолдан -қолға», «Тегін нан тарату» сияқты аталымдар бойынша акциялар ұйымдастырылып, жұртшылықтың шынайы алғысына ие болды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі