Таяуда Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің жанындағы әйел-қыздар секторының жетекшісі Жансая Салауатқызының ұйымдастыруымен Адамзаттың асылы Мұхаммед Пайғамбарымызға (Алланың оған сәлемі болсын) арналған Мәуліт кеші өткізілді.
Рухани басқосудың тағылымдық-тәрбиелік мәні жоғары болу үшін бағдарлама жасалды. Онда шақырылған әйел қауымының дүниетанымын кеңейтіп, жан сарайын байыту мақсатында викториналық ойындар жүргізіліп, ұмытылмас әсер қалдырды.
Осы кеште облыстың Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев жүрегі нәзік жандармен кездесіп, уағыз-насихат айтты. Барлық қатысушыларға Мәуліт мерекесінің құрметіне сыйлықтар табыс етіліп, дастархан жайылды.
Қостанай олыстық мешітінің баспасөз қызметі