Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Новости Костанайской областной мечети Марал Ишан
Вторник, 10 Октябрь 2023 13:19

Бас имам Қостанай ауданында болды

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет арнайы іс-сапармен Қостанай ауданында болды. Ол алдымен, Тобыл қаласындағы «Маңдай батыр» мешітіне атбасын бұрып, киелі орындағы құрылыс және жұмыс жайымен танысты.

Содан кейін аталмыш ауданға қарасты Алтынсарин ауылындағы «Әлжан» мешітіне келіп, жүргізіліп жатқан құрылыстың барысын көзбен көріп, жергілікті ақсақалдармен кездесті.

Бұл имандылық ордасы осы жылдағы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында пайдалануға берілмек. Соған орай Бас имам облыстық мешіттің жанындағы Зекет және қайырымдылық қорының атынан ашылатын асханаға қажетті орындықтар мен басқа да керекті жабдықтар берілетіндігін тілге тиек етті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 09 Октябрь 2023 21:33

30 отбасына қайырымдылық жасалды

Жуырда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде Мәуліт мерекесінің құрметіне 30 отбасыға қайырымдылық жасалды.

Олардың әрқайсысына 2 қаптан картоп, 8 келіден ет таратылды. Имандылық ордасының шарапатына бөленген шаңырақ иелері Шоқан қажы Әмірханов басқаратын мешіт қызметкерлері мен демеушілерге дән ризашылықтарын білдірді.

Жаны жомарт азаматтардың Мәуліт айындағы игі ниеттері мен тілектерін Алла тағала қабыл етсін.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 09 Октябрь 2023 21:28

«Ажар» мешітінің 10 жылдығына арналды

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кентіндегі «Ажар» мешітінің 10 жылдығына орай жамағаттар арасында футболдан жарыс өткізілді.

Бұл сайысқа өңіріміздегі Қостанай, Рудный қалаларынан, Әйет пен Тобылдан 4 команда қатысып, бақтарын сынады.

Ойынның қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Мәселен, 1 орынды Тобыл кентінің, 2 орынды Әйет селосының, 3 және 4 орындарды Рудный мен Қостанай шаһарларының командалары иеленді.

Жүлдегерлерге арнайы мадақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 09 Октябрь 2023 21:24

Тағылымы мол рухани кеш

Мәуліт мерекесіне орай Қостанай облыстық «Аймағамбет қажы Спанұлы» мешітінде әйел-қыздар секторы «Сағындық сені, ия Расулулла!» атты рухани кеш ұйымдастырды.

Бұл мазмұны терең іс-шараға облысқа қарасты аудан-қалалардан қыз-келіншектер, әйел жамағаты қатысты.

Мейрамның беташары қасиетті Құран оқумен басталды. Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Жансая ұстаз «Мәуліт қандай мереке» тақырыбын жан-жақты түсіндірді.

Содан кейін «КВИЗ» интеллектуалды ойыны өткізілді. Жеңімпаздарға демеушілер атынан сыйлықтар табыс етілді.

Дастарханның берекелі де мол жайылуына «Muslima» кафесі мен «Mali.dessert» ұжымдары ұйытқы болды.

Аталмыш басқосу алғаш рет кең көлемде ұйымдастырылып отырғанына қарамастан жастарға ерекше ықпал етті.

Қалалық «Марал ишан» мешітінің ұстазы Гүлдана Жаңабайқызы және «Жайлаубай ата» мешітінің ұстазы Сәуле Мәжитқызы жоғарыда кештің жоғары деңгейде өткізілуіне белсене атсалысып, қатысқан демеушілік жасаған қыз-келіншектерге алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 09 Октябрь 2023 19:40

Ұзынкөл: Мешіттегі «Ізгі қоғам» бұрышы

Жақында еліміздегі айтулы Республика күніне орай Ұзынкөл аудандық «Балықты» мешітіңде отбасы құндылықтарын дәріптейтін «Ізгі қоғам» бұрышы ашылды.

Онда жастарға тәлімдік жағы мол «Ата – ананы құрметтеу», «Үлкенге құрмет - кішіге ізет» атты уағыз-насихаттар айтылды. Сондай-ақ, 5-10 жастағы балалардың ой-өрістерін дамытуға септігін тигізетін жексенбілік дәрістер өткізіліп, дойбы мен шахмат ойындары ұйымдастырылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 09 Октябрь 2023 09:01

Денисов: Мәуліт қасидалары оқылды

Денисов аудандық «Жұма» мешітінде Мәуліт қасидалары оқылды. Сондай-ақ, жиналған жамағатқа Мұхаммед Пайғамбарымыздың мағыналы ғұмыры жөнінде уағыз айтылды.

Жұма намазынан кейін мереке құрметіне дастархан жайылып, кейінгі жастарға ғибрат боларлық пікірлер мен ойлар айтылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Пятница, 06 Октябрь 2023 21:05

Құмарлық ойындардың зияны жөнінде

Қазіргі таңда елімізде белең алған құмарлық ойынынан жастарды сақтандыру және оның алдын алу мақсатында түрлі деңгейдегі басқосулар өткізіліп жатқаны белгілі.

Бұл орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай өңіріндегі өкіл имамы Бахытбек қажы Тәжімбет те облыстық мешітте өскелең ұрпаққа тағылым боларлық жиынның ұйымдастырылуына ұйытқы болды. Дін қайраткері кездесуде жастардың құмарлық ойындар мен букмекерлік кеңселерден аулақ жүру керектігі, оның тигізер зияны мен зардабы жөнінде насихат айтты.

Сондай-ақ осы жүздесуде тренер – оқытушы Залим Кувамбаев қозғалып отырған мәселеге байланысты өмірден нақты мысалдар келтірді. Ел болашағы жеткіншектерді ондай пайдасы жоқ әдеттерден бойларын аулақ ұстап, денсаулық кепілі спортқа ден қоюға шақырды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Пятница, 06 Октябрь 2023 21:02

Торғайда: Мешіттегі рухани кеш

Таяуда ұлы Мұхаммед Пайғамбарымыздың туған күніне орай Жангелдин аудандық "Оспанқожа әулие" мешітінде жиналған халықтың алдында Мәуліт шариф оқылды.

Онда аталмыш мешіттің Бас имамы Аян Хасенов пен Шақшақ Жәнібек намазханасының имамы Айдос Абдысалықов Пайғамбарымыздың асыл қасиеттері, дінге деген шынайылығын сөз етті.

Сондай-ақ олар қайталанбас тұлғаның мың жылдық азық болар қырларын насихаттады. Рухани кештен соң жамағатқа ақ дастарқан жайылып, сый - сияпат көрсетілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Четверг, 05 Октябрь 2023 15:36

Бабалар рухына құран бағышталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы "Қамқор шарапат" мекемесінің тапсырмасы бойынша еліміздегі әулиелер мен діни қайраткерлердін кесенелерінде зиярат ережесін ретке келтіруге баса назар аударылып жатқаны белгілі.

Ұзынкөл аудандық «Балықты» мешітінің бас имамы Есенгелді қажы Әжімахантегі бұл орайда өзгелерге тағылым боларлық игі істер атқаруда. Осы сөзіміздің нақты айғағы ретінде жуырда Қалдарұлы Аспантай абыз - әулие мен Есмырза ауылындағы зиратқа тақтайша орнатылды.

Имандылық ордасының жамағаттарына «Зират пен зияраттың ережесі» түсіндіріліп, бабалар рухына құран бағышталды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Четверг, 05 Октябрь 2023 15:32

Мешітте салауат оқылды

Қостанай қаласындағы “Жайлаубай ата” мешітінде сүйікті Пайғамбарымыздың туған күніне орай Мәуліт мерекесі өткізілді. Жиналған жамағат ғибратты кештен ұмытылмас тағылым алды.

Онда ұстаз Әлібек Құран қари басқосудың маңызына ерекше тоқталып, шәкірттерімен бірге кештің мазмұнды болуына айрықша үлестерін қосты. Салауат оқылды.

Мешітке жиналған қауым жан дүниелерін рухани жағынан байытып, Мұхаммед Пайғамбарымыздың ғұмыры жайлы көп мағлұмат алды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
«46474849505152535455»
Страница 51 из 213

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником