Жақында Федоров аудандық «Жиентай қажы» мешітінің Бас имамы Руслан Маратұлы жергілікті Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушыларымен кездесті.
Онда әрбір өскелең ұрпақ жастық шақты тек оқу және тынымсыз ізденіспен өткізулері қажет екендігі, қамшының сабындай қысқа өмірде парақорлық, нашақорлық, жемқорлық секілді тағы да басқа абырой әпермейтін жат әдеттерден аулақ болулары жөнінде жан-жақты айтылды.
Басқосуда ислам дінінде біреудің ақысын жеу үлкен күнәлардың бірі болып табылатындығы, адал еңбек қана адам баласын бақыт пен көздеген мақсатына жеткізетіндігі хақында тілге тиек етілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі