Костанай облыстык әйел -қыздар секторының ұйымдастыруымен «Дұрыс тамақтанудың пайдалары» деп аталатын семинар өтті. Оны гастроэнтеролог, диетолог маманы Карима Абдулғани жүргізді.
Семинарда ағзаға зиянын тигізетін тағамдар және оларды қандай пайдалы тамақ түрлерімен алмастыруға болатындығы жайлы айтылды.
Сонымен қатар қыз-келіншектердің артық салмақтан арылу жолдары тілге тиек етілді. Жиналған әйел жамағаты өздерін мазалап жүрген сауалдарына нақты жауап алды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі