«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Әулиекөл ауданына арнайы іс-сапармен барды.
Ол алдымен аудандық «Әмит ишан» мешітіне ат басын бұрып, жергілікті жамағатпен жүздесті. Онда қазіргі таңдағы өзекті мәселелер жөнінде мағыналы да мәнді уағыз-насихат айтты.
Содан кейін аудан әкімі Ерлан Олжабайұлымен кездесіп, өңірдегі діни ахуал туралы әңгіме өрбітті. Бас имам сапарының соңында республикалық трассаның бойында орналасқан «Қазақойл» жанар май құю бекетіндегі намаз оқитың бөлменің жай-жапсарымен танысты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі