Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
11 10.23

Бас имамның Рудныйға сапары

Қостанай облысының Бас имамы Бақытбек қажы Нұрғабылұлы арнайы іс-сапармен Рудный қаласына келді. Ол жергілікті «Нұр» мешітінде болып, имандылық ордасының жертөле қабатында салынып жатқан асхана құрылысымен танысты.

Содан кейін қаладағы аға буын өкілдері және мешіт қызметкерлерімен кездесіп, «Үлкенге құрмет - кішіге ізет» мәселесі қозғалған семинарға қатысты. Басқосуда мешіттің жанашыр қарияларын өткен қарттар күнімен құттықтап, сый-сияпат жасады.

Сондай-ақ, қазіргі таңдағы өзекті «Зират пен зиярат» тақырыбына байланысты мешіт ұжымы және ақсақалдар алқасымен дөңгелек үстел өткізді. Дін қайраткері онда өз ойын ортаға салып, пікір бөлісті. Қатысушылар сауалдарына нақты жауап алды. Абыз ақсақалдар бата берді.

Бас имам сапарының соңында мешіт маңындағы сауда дүңгіршегіндегі діни кітаптарды сараптаудан өткізді. Иесіне дәстүрлі дінімізді дәріптейтін имам Ағзам Абу Ханифа мазхабының аясындағы кітаптар ғана сатылуға тиіс екендігін, оның бағасын шарықтатпай, жұртшылыққа қол жетімді болуын ескертті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

предыдущая новость
Бас имам Қостанай ауданында болды
следующая новость
Жітіқарадағы рухани-танымдық сайыс

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником