Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Тәжімбет Арқалық қаласына сапары кезінде жергілікті «Мухтасиб Әлмухаммед» мешітіне ат басын бұрып, имандылық ордасының тыныс-тіршілігімен танысты.
Онымен бірге Қостанай қалалық «Марал ишан» және Рудный қалалық «Нұр» мешіттерінің Бас имамдары Бектұрсын Торғайбайұлы мен Сабыржан Есмурзин болды.
Бахытбек Нұрғабылұлы мен Сабыржан Зейнелғабиденұлы Арқалық қалалық УК 161/12 түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен жүздесті.
Жазасын өтеушілер арнайы келіп, мағыналы әңгіме өткізгендері үшін имамдарға ризашылығын жеткізді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі