Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Super User

Super User

Пятница, 29 Июль 2022 15:50

Зекет және қайырымдылық

Ислам қаржысы жөніндегі сарапшы маманы Қайырғалиев Мақсатбек Қостанай облысының «Зекет және қайырымдылық қоры» бойынша облыс аймағындағы имамдармен және дін мамандарымен семинар өткізді.

Шараның негізгі тақырыбы «Астық өнімдерінен зекет жинаудың ерекшеліктері» аясында болды.

Маман Қостанай өңірі егінді алқап болғандықтан оның үшірін қалай шығару керектігі туралы жан-жақты тоқталды.

Өз кезегінде өңірдің мамандары да осы тақырып аясында жан жақты сұрақтарын қойып тұшымды жауабын алды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 29 Июль 2022 14:57

РАНТ мүшесі Қостанайда

Қостанайға РАНТ мүшесі әрі «Зекет және қайырымдылық қоры» бойынша Ислам қаржысы жөніндегі сарапшы маманы Қайырғалиев Мақсатбек жұмыс сапарымен арнай келді.

Оның осы сапарында жан-жақты кездесулер өткізуіне облыстық мешіт және Қостанай облыстық Діни мәселелерді зерттеу орталығы барлық жағдай жасаған.

Бірінші ол облыстық мешітте облыстығы жат ағыммен жұмыс жасайтын мамандармен кездесу өткізді. Ал шалғай өңірдегі сала мамандары онлайн қатысты.

Ол өз сөзінде жат ағым мүшелері мен діннен адасушылар туралы жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар ондай адамдармен қалай пікірлесу жолдары туралы ұсынысын ортаға салды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қостанай облыстық мешітінің жанындағы «Зекет және қайырымдылық қоры» қызметкерлері өткен шілде айында да тыңғылықты жұмыс істеп, көмекке мұқтаж жанұялардың ризашылығына бөленді.

Нақты деректер мен дәйектерге сүйенетін болсақ, аталған кезеңде 60 іс-шара ұйымдастырылды. Онда 2 636 отбасы қамтылып, бұл мақсатқа 29 млн 562 мың 900 теңге жұмсалды.

Өңірдегі жомарт жандардың демеушілігінің арқасында әлеуметтік жағынан аз қамтылған шаңырақтар қамқорлыққа бөленіп, өздерінің ыстық ықыластарын білдірді. Мұндай сауабы мол, игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жангелдин ауданы Шеген ауылының тұрғындары 2021 жылы «Туған жерге тағзым» жобасы аясында игілікті істің жаршысы болып, намазхана ашу үшін қаржы жинап, құрылыс жұмыстарын бастаған болатын.

Оның басы-қасында болып, бас демеушілік еткен Бақытжан Міркемелұлы. Осыған дейін аталмыш азамат елді мекен сыртындағы қорымдардың қоршауына мұрындық болып, халықтың ыстық ықыласына бөленген.

Осылайша көптен күткен «Мұхамедғали Қожаұлы» (Кәтен Дәмолда) атындағы намазхананың салтанатты ашылуы болып өтті. Оған жер-жерден аудан-қалалардан дін өкілдері мен басқа да қнақтар арнайы келді.

Алғаш сөз алған дін қайраткері Бектұрсын Торғайбайұлы Қостанай облысының бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбеттің ыстық сәлемін жеткізіп, игі тілегін айтты. Аталмыш намазхананың бой көтеруіне бірден-бір ұйытқы болған Бақытжан Міркемелұлына облыс имамының Алғыс хатын табыс етті.

Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарына қол ұшын берген ауыл тұрғындарына да құрмет көрсетілді. Аудан әкімінің орынбасары Айдаралы Талпақов аудан басшысының атынан жиналғандарды үлкен қуаныштарымен құттықтап, естелік сыйлықты тапсырды.

Алаштың ақиық ақыны, айтыстың ақтаңгері Айбек Қалиев арнау айтты. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қанатбек Ерғалиев, ауыл әкімі Елдос Едіресов намазхананың салынуына атсалысқан барша бауырларымызға шынайы алғысын жеткізіп, олардың иықтарына шапан жапты.

Намазхананың лентасы қиылған соң бесін намазы оқылып, ақ шаңқай киіз үйлерде ас берілді.

Имандылық ордасының ашылу құрметіне спорттың күрес түрінен жарыс ұйымдастырылды. Онда 50-65 келі салмақ бойынша палуандар боз кілемде белдесті. «Түйе палуан» атағын арқалықтық Айбат Сейтенов жеңіп алды. Оған «Умра» қажылығына жолдама табысталды.

Сондай-ақ, гір көтеру, арқан тартыс, қой көтеру сынды ұлттық спорт түрлеріненде жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінде маусым айында 9-16 жас аралығындағы балаларға арналған сауат ашу курсы жұмыс істеді.

Онда шәкірттер Құран әліппесін оқып, оны жаттады. Сондай-ақ, «Исламдағы 100 сұрақ», «Ислам ғибадаты» секілді дәрістер тиісті деңгейде ұйымдастырылып, талапкерлер жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Оқып жатқан жеткіншектерге жұма сайын ас берілді. Жаңа мешіт құрылысымен таныстырылды. Курс аяқталған соң оларға сертификаттар тапсырылып, дастархан жайылды.


Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Үстіміздегі жылы Науырзым ауданына қарасты Дәмді ауылында «Имани жаз» жазғы діни сауат ашу курсы ойдағыдай ұйымдастырылды.Оған Астана медресесінен арнайы ұстаз шақырылып, ол бір ай бойы дәріс жүргізді.

Курста 30 бала білім алды. Оның 12-сі Құранды оқи алатын дәрежеге жетті. Аталмыш ауылдың жанашыр азаматтары шәкірттерді табиғат аясында демалдырып,дастархан жайды.

Ал, аудандық «Түркебай ата» мешітінде де осындай діни сауат ашу курсы жұмысын жалғастырды. Мұнда 22 бала тиянақты білім алды. Балалар да өздерінің оқуға деген зеректігін көрсетті.

Мысалы, Ерасыл Кокошов көршілес Көкшетау қаласындағы қарилар дайындайтын курста, Арай Мұхтарқызы елордамыз Астанадағы қыз балалардың медресесінде білімдерін жетілдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 18 Июль 2022 12:21

Балалар үйінде болды

Жуырда облыс орталығындағы «Жайлаубай ата» және Қостанай аудандық «Мандай батыр» мешіттерінің ұжымы бірлесіп, Рудный қаласындағы балалар үйінде болды.

Олар аталған мекемеде тәрбиеленіп жатқан балдырғандарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, сый-сыяпаттарын табыс етті. Балалар шат-шадыман қуанышқа бөленіп, тәрбиешілер алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 18 Июль 2022 11:54

Қажылық сапары: Зәм-зәм тәбәрік

Таяуда белгілі дін қайраткері, Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің бас имамы Шоқан қажы Әмірханов өзінің мұсылмандық парызының бірі қажылықты өтеп жатқан болатын.

Ол осы сапары барысында қасиетті «Зәм-зәм» суы шығаратын мекеменің басшысы Айман Сүлейменұлының қабылдауында болды. Ол өз кезегінде Шоқан қажыға естелік куәлік табыс етті.

Сондай-ақ, шын жүректен шыққан жылы лебізін білдіріп, елімізден барған қажыларға зәм-зәм суынан тәбәрік ұсынды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 18 Июль 2022 11:52

«Жомарт жұма»

Өткен жұмада Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» және «Рудный қасының Нұр» мешіттерінде қасиетті Жұма намаздан соң қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Осы «Жомарт жұма» атауымен өткізілген жиында арнайы аспаздың ерекше дәмді палауы дайындалып, көпшілікке таратылды.

Қасиетті күн жұртшылықтың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жуырда Науырзым ауданының ақсақалдары Арқалық қаласына сапармен келді. Олар, алдымен, Бас мүфтидің бастамасымен қолға алынған «Дархан дала», яғни еліміздегі аты алты алашқа мәшһүр болған батырлар мен әулие, ишандардың басына зиярат жасау жобасы аясында «Кейкі батыр» кесенесіне ат басын бұрды. Онда Кейкі батырдың рухына бағышталып Құран оқылды.

Аға буын өкілдерін Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов бастаған азаматтармен ел ардақтылары № 4 Кейкі батыр қазақ мектебінде салтанатты түрде қарсы алды.

Алыстан ат терлетіп келген қарияларға дастарқан жайылды. Мәртебелі қонақтар содан кейін «Домбыра күніне» арнайы ұйымдастырылған іс-шараға қатысты.

Сондай-ақ, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойының құрметіне ашылған саябақты аралап, Арқалық шаһарында қайта бой көтерген «Тері өндеу» зауытында болып, жасалып жатқан игі істермен танысты.
Әлемдік «Гиннес рекордтар» кітабына еңген «1000 домбыра» жобасы аталған қалада өз жалғасын тапты. Бір күндік сапар науырзымдық қариялардың көңілдерінен шықты. Осы іс-шараға мұрындық болған шаһар басшысыӘмірхан Асановқа, қадірменді ақсақал Тумырза Қоржынбаевқа шынайы алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«93949596979899100101102»
Страница 98 из 213

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником