Науырзым ауданының әкімі Қайрат Әбішев «Түркебай ата» мешітіне арнайы келіп, жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтады. Жиналған қауымға шын жүректен шыққан шынайы лебізін жеткізді.
Сондай-ақ әйелдер жамағаты имандылық ордасына келушілерге дастарқан жайып, айт шайын ұсынды. Ғұмырлары көпке тағылымды қариялар ізгі-тілектерін білдіріп, баталарын берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы Ораза айт күні жұма намазынан кейін жамағатқа палау таратып, жиналғандардың ризашылығына бөленді.
Сонымен қатар, мерекенің құрметіне ежелден келе жатқан ұлттық ойындар - арқан тарту, асық ойнау, қол тірестен жарыс өткізілді. Онда жеңімпаздарға лайықты құрмет көрсетілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облыстық «Айтмаганбет қажы Спанұлы» мешітінің жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қоры Рамазан айында қайырымдылық акцияларын ұйымшылдықпен өткізіп, көмекке зәру жандардың ризашылығына бөленген-ді.
Бақытжан қажы Икрам басқаратын қор қызметкерлері Ораза айттың бірінші күні де жұмыстарын барынша жандандырып, әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға қолдау көрсетті. Мәселен, олар 30 отбасыға күнделікті тұтынатын азық-түлікті таратты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Міне, қасиетті Рамазан айы аяқталып, Ораза айт мерекесі облысымыздағы аудандар мен қалалардағы мешіттерде аталып өтті.
Лисаков қалалық "Әбдіхаим Саламатұлы" мешітінің Бас имамы Әкімбек Асанов осы имандылық ордасына келген бүлдіршіндерді, ата-аналарды осынау айтулы мейраммен құттықтап, тағылымы мол уағыз айтты.
Сондай-ақ аталмыш мешіт ұжымының ұйымдастыруы және жергілікті жүрегі жомарт жандардың қолдауымен Ораза айт мерекесінің құрметіне 20 балаға «Айт қоржыны» таратылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Облыс орталығынан шалғайда жатқан Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінде де қасиетті Рамазан айы ұйымшылдықпен өтті. Осы таяуда ғана «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Онда көмекке мұқтаж 100 отбасына азық-түлік салынған себеттер таратылды. Қамқорлыққа бөленген шаңырақ иелері мешіт қызметкерлеріне өздерінің дән ризашылықтарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жақында Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Нұрхан Асанұлы шаһардағы УК-161/12 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан 80 мұсылман бауырларымызға ауызашар беріп, сәресі қоржынын таратты.
Жазасын өтеп жатқандар мешіт қызметкерлеріне осындай ізгі істеріне шынайы алғыстарын айтты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұжымы әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға «Рамазан сыйы» атты акциясын өткізді.
Осынау жиын барысында Бас имам Нұрхан Асанұлы сөз сөйлеп, жұртшылыққа ең ізгі лебізін білдірді. Ілтипатқа бөленген көп балалы және жалғыз басты аналар имандылық ордасының қызметкерлеріне шынайы алғысын жеткізді.
Аталған іс-шараға демеушілердің қолдауымен 200 мың теңге көлемінде қаржы жұмсалды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Таяуда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің жамағаты және жанашыр жандардың қолдауымен өңірдегі Федоров ауданынан көмек сұраған ананың тілегі қанағаттандырылды.
Оның тәрбиелеп отырған 3 баласына 45 мың теңгенің киім-кешегі алып берілді. Олардың қуанышында шек болған жоқ. Мешіт қызметкерлері мен демеушілерге шынайы алғысын жеткізді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Мешітке жеңіл көлік сыйлады болсын Өңірімізге есімдері белгілі тұлғалар Ұзақбай Садықұлы мен Кенесары Омарұлының бастамасы және Ұзынкөлдегі іскер азаматтардың тікелей қолдауымен «Балықты» мешітіне қасиетті Қадір түні қарсаңында «MITSUBISHI ASX» маркалы жеңіл көлік тарту етілді.
Бұл орайда Бас имам Есенкелді қажы Сақтағанұлының 30 жылдық абыройлы да адал қызметі, оның ауданның дамуына қосқан қомақты үлесі ескерілді.
Бас имамға көліктің кілті жиналған қауымның алдында тапсырылды. Мешіт қызметкерлерінің жүріп-тұруына қолайлы жағдай туғызған барша жүрегі жомарт кісілердің тілектері қабыл болсын.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі