Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Super User

Super User

Мухтасиф Әлмұхаммед молла мешіті

«Мухтасиф Әлмұхаммед молла» мешіті 1997 жылы Арқалық қаласы Шақшақ Жәнібек көшесіндегі бұрынғы балалар бақшасының екі қабатты ғимаратын мешітке айналдыру ұйғарылды.

2001жылы қаңтардан мамыр айына дейін қала мекемелерінің және мешітке жиналған фітір садақасы көмегімен мешіттің ішкі құрылысы толық жөндеуден өткізілді. Жоғарғы қабаттағы шағын бөлмелерді кеңейтіп ерлер мен әйелдер намаз оқитын орынды ыңғайға келтірді. Мешітте жалпы бір мезгілде 400 адам намазға жығыла алады. Сатып алынған 40 кілем әр бөлмеге жарық беретін люстра шамдар мен көз тартатын әсем гүлдер мешітті көріктендірді. Елу адамдық оқу залы мен 150 адамдық асхана жөндеуден өтті. 2003жылы көктемнен бастап қала әкімі Ж. Түбекбаевтың бастауымен мешіттің сыртқы құрылысы толық жөндеуден өтті. Оған мекеме басшылары, қаладағы барлық кәсіпорын иелері,жеке кәсіпкерлер, шаруашылық иелері, қалталы азаматтар, қала халқы бір кісідей ұйымдасып, шамасына қарай өз үлестерін қосты. Нәтижесінде 4 млн 300 мыңға жуық қаражат жиналды. Осы қаржыға құрылыс материалдары сатып алынды. Мешіттің сыртқы көрінісі көз тартатындай көрікті болып шығуына әкімшіліктің құрылыс бөлімінің бастығы Балғабек Жүсіпбеков, орынбасары Рафаэль Мәжитов, Бас сәулетші Рашит Қошпанов, сәулетші Әбдікұлы Қажымұрат жанашырлық жасап басы-қасында болды. «Аллюминқұрылыс» және «Каскад» құрылыс мекемелерінің басшылары Мұқанов Абай мен Попов Аркадий Гаврилович құрылысшыларымен және құрылыс материалдарымен көмектесті. Сыртқы бүкіл қабырғасын оюмен өрнектеп табиғи таспен қалаған шебер Чехакридзе Борис те көп еңбек етті. Мешіт төбесінің шатыры жаңартылып, басқа үлгіде қайта жабдықталды. Терезелерге сырттан қарағанда көгілдір түске боялып тұратын айна секілді шынылар салынды. Мешіттің алдыңғы жағындағы екі бұрыштағы биіктігі 15 метрлік екі мұнара ғибадат үйіне ерекше сән біріп тұр. Түнде осы екі мұнараның ішінен көгілдір түспен жарық шашатын шамдар мен алдыңғы аулаға орнатылған он лампа самаладай жарқырап тұр. Ғимараттың алдыңғы көше жақ ауласының 200 шаршы метр жері асфальтталып, арнаулы қалдырылған орынға гүл дестелері отырғызылды. Екі қабаттағы барлық бөлмелер жылу жүйесіне қосылған.

Мухтасиф Әлмұхаммед молла мешіті

Мухтасиф Әлмұхаммед молла мешіті

Мухтасиф Әлмұхаммед молла мешіті

Мухтасиф Әлмұхаммед молла мешіті

Жұмаш мешіті

1. Мешіттің толық мекен –жайы.

Қостанай облысы, Арқалық қаласы. Молодежный ауылы «Жұмаш» зәбия мешіті. Молодежная көшесі №7. индекс 110311.

2. Мешіт құрылысының басталуы мен біткен мерізімі.

Мешіт 2006 жылдың 1 мамырынан басталып, 2006 жылдың 15 тамызында аяқталды.

3. Мешіт жерінің жалпы көлемі:

А) Сипаты-1 жобалы серия.

Б) Қабат саны-бір қабатты.

В) Құрылыс салу алаңы-144 кв.м.

Г) Ғимараттың көлемі-432 куб.

Ғ) Жалпы алаңы-127,2 кв.м.

Д) Балкон жоқ.

Е) Тұрғын алаңы-116,8 кв.м.

Ж) Қабырға материалы-кірпіш.

4. Мешіт ғимаратының жалпы көлемі, сиымдылығы. Мешіттің биіктігі 4 метр,ені 12 метр. Алаңы 144м2 . 100 адамдық, мұнараның биіктігі 10 метр.

5. Мешіт ғимаратының биіктігі, формасы, өрнекпен безендірілуі, мешіттің жабдықталуын жалпы баяндау. Мешіттің биіктігі 4 метр. Формасы-бір күмбезді, бір мұнарлы. Кірпішпен өрнектелген, азия үлгісінде безендірілген.

Мешіттің іші кілеммен жабдықталған.

6. Мешіттің күмбезі мен мұнарасы және аумағындағы қосалқы ғимараттардың сипаты. Алдынан қарағанда мешіттің ауласы темір қоршаумен қоршалған, ұзындығы 45 м. ,ені 40 м. Бояумен безендірілген мұнарасы көрініп тұр, мұнара биіктігі 10 метр. Оң жақтан қарағанда сырты селикатный кірпішпен салынған, күмбезі көрініп тұр. Сол жақтан қарағанда бір терезе , күмбез және мұнараның үсті көрініп тұр. Артынан қарағанда қоршалған шарбақ, екі терезе және күмбез, мұнарасы көрінеді.

Алдыңғы беті 1 дана

Оң жағы 1 дана

Сол жағы 1 дана

Арты 1 дана

Күмбезі 1 дана

Жұмаш мешіті

Жұмаш мешіті

Жұмаш мешіті

Жұмаш мешіті

Файзолла қари мешіті

Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Ашутасты ауылы, «Файзолла қари» мешіті. Бұрынғы ауылдық клуб ғимараты. 2003 жылы мешітке айналдырылған. Мешіт жерінің жалпы көлемі 300 м 2. Ғимараттың жалпы көлемі 70 м2. Сиымдылығы 50 адам. Мешіттің биіктігі 3 метр. 2 мұнара, 1 күмбезі бар.

Тәубе мешіті

Қостанай облысы, Арқалық қаласы. Фурманов ауылы «Тәубе» зәбия мешіті. Ленин көшесі № 9/1. Жаңа құрылыс 2008 жылдың мамыр айында басталды. 2008 жылдың желтоқсанда аяқталды. Жалпы құрылыс көлемі -0,140кв.м. Қабат саны-.Жалпы көлемі алаңымен 0,164 кв.м. Мешіт ғимаратының көлемі -374м2 Сыйымдылығы-170 адам. Мешіт ғимараты сары кірпіштен салынған. Сырты қарапайым жасалған мешіт іші көк турецттік паласпен жабдықталған. Мешіттің күмбезі жоқ. Мешіт мұнарасы біреу,биіктігі -9м. Қосалқы ғимарат жоқ.

Тәубе мешіті

Лисаков мешіті

Лисаков қаласындағы мешіт орналасқан ғимарат 1991 жылы салынған.Оны осындағы «Қоржынкөл» Рудный құрылыс ұжымы тұрғызды. Мұнда бұрын аула клубы,компьютерлер орталығы және тұрмыстық қызмет үйі болғанды. Ғимарат 1999 жылы сатып алынып, күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Үстіне күмбез және екі мұнара орнатылды. Сөйтіп мешіт 2000 жылдың 24 мамырында қала мұсылмандарына есігін айқара ашты. Мешіт 200 орындық.

Лисаков мешіті

Лисаков мешіті

Сейітжан Бекшентайұлы мешіті

«Сейтжан Бекшентайұлы» мешіті Қамысты ауданының орталығы Қамысты кентінде. Аудандық мешіт қызметін атқарған ғибадатхана облыстағы өзге мешіттерге қарағанда өзіндік сәулет өнері үлгісімен ерекшеленеді. Мешіт құрылысы 1992 жылы басталғанмен, 1998 жылғы ғана бітті. 100 адамға арналған мешіт төрт мұнаралы. Алдыңғы екеуінің биіктігі 17, артқы екеуі 11 метр. Күмбезінің биіктігі 9 метр. Мешіт 5200 шаршы метр аумақты алып жатыр. Мешіт силикат сұрғылттау кірпіштен, ал мұнаралары қызғылт, аркалы үлгімен салынған терезелері көз тартарлық. Төрт мұнарасымен күмбезінің ұшар басындағы ай да жұрт назарын аударып, алыстан мен-мұндалайды.

Қызылорда, Қостанай өңіріне танымал ақын, дін білімпазы Сейітжан Бекшентайұлы (1875-1938) атымен аталатын Алланың үйі ашылғаннан бастап халықты имандылыққа ұйытып, діни-руханият саласы бойынша бірқатар игілікті іс-шаралар атқарды.

Сейітжан Бекшентайұлы мешіті

Сейітжан Бекшентайұлы мешіті

Қарабатыр мешіті

Қарабатыр мешіті, Қамысты ауданы, Қарабатыр ауылында орналасқан. 1993 жылы пайдалануға берілді. Содан бері үздіксіз жұмыс жасап келеді. Мешіт кең және жарық. Орталық жылу жүйесімен жылытылады. Сыйымдылығы – 50 адам. Қабылдау бөлмесі, намазхана, дәрісхана, дәретхана бөлмелерінен тұрады. Мешіттің жыл сайынғы жөндеу жұмысы агрофирманың директоры Ж.К. Құдайқұловтың демеушілігімен жүзеге асады.

Мешітте күнделікті бес уақыт намаз, жұма намаздарынан басқа құрбан айт, ораза айт, неке қию рәсімі, нәрестеге азан шақырып, ат қою т.б. діни рәсімдердің барлығы өтеді.

Қарабатыр мешіті

Қарабатыр мешіті

Қарабатыр мешіті

Қарабатыр мешіті

Қарабатыр мешіті

Қарабатыр мешіті

Қарасу аудандық мешіті

Қарасу аудандық мешітін салу жөніндегі мұсылман кауымының бастамасы 1991 жылдың сәуірінде қолға алынды. Оны аудандық әкімшілік те қолдап, жиын өткізіп, мешіт құрылысына жәрдем беру туралы аудандық комитет құрылды. Комитет өз есеп-шотын ашып, халықтан мешіт құрылысына арнаған қаражат жиналды.

Құрылысы сол жылы-ақ басталғанымен, кейін қаражат тапшылығынан уақытша тоқтап, 1995жылы Әзімхан Тұрсынов басқаратын Қарасу жылжымалы механикаландырылған қолонна құрылысшыларының қажырлы еңбегі арқасында 1995 жылы салынып бітті. Осы жылдың 10 -қарашасында аудан ұсылмандарының көзайымына айналған бұл 200кісі сиятын, биіктігі 11 метр мұнарасы ары-бері өткендердің назарын аударатын осы бір киелі орынның салтанатты ашылуы болып өтті.

Қарасу аудандық мешіті

Қарасу аудандық мешіті

Қарасу аудандық мешіті

Қарасу аудандық мешіті

Қарасу аудандық мешіті

Қарасу аудандық мешіті

Әмит ишан мешіті

«Әмит ишан» мешіті облыс орталығы Қостанай қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан. Киелі орынның құрылысы 1989 маусымда басталып, 1990 жылы қыркүйек айында пайдалануға берілді. Мешіт Әулиекөл, Науырзым және Қарасу аудандары халқының жинаған қаржысына салынды. Мешіттің салынуына Ташмұханбет Сүлейменов пен прораб Бейсен Жүсіпов айтарлықтай еңбек сіңірді.

Мешіттің іргетасы бетон, қабырғасы шлакоблоктан қаланды. Ал сырты селикат кірпішпен қапталды. Ғимараттың ені 12, ұзындығы 18 метр, күмбезінің биіктігі 2,5 метр. Мешітте 14 терезе, екі есік бар. Ол келушілерге өте ыңғайлы. Мұндағы намаз оқиын залға 130 еркін сияды. Михрабы мен мінбері бар. Парасат ордасында касиетті Құран кәрімнің аяттары жазылып ілінген. Мешіттің жалпы жер көлемі 0,1987 гектар.

Әмит ишан мешіті

Әмит ишан мешіті

Әмит ишан мешіті

Нүркей қажы мешіті

«Нүркей қажы» мешіті Амангелді ауданының Байғабыл ауылында. Мешіт арнайы салынбаған 1997 жылы мешітке берілген. Бұрынғы аптека. Мешіт жерінің жалпы көлемі 120м 2. Ғимараттың жалпы көлемі 100 м2. Сиымдылығы 30-40 адам. Мешіттің биіктігі 2,5, қарапайым түрде салынған. Мешітте күмбезі жоқ, мұнарасының биіктігі 4 метр

«198199200201202203204205206207»
Страница 203 из 213

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником