Жыл сайын Халықаралық қарттар күні Қостанай өңірінде де тиісті деңгейде аталып өтеді. Биыл да бұл мереке арамызда жүрген ардақты ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарымыздың естерінде қаларлықтай ұйымдастырылды.
Облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінен бастап барлық қалалар мен аудандардың имандылық ордаларында жайылған дастархан басында аға буын өкілдерінің атына жылы лебіздер айтылды.
Атап айтқанда, олардың еліміздің өркендеуіне сіңірген еңбектері мен өскелең ұрпаққа ұлағатты тәрбие берудегі көрсетіп жатқан өнегелері жан-жақты сөз болды. Сый-сияпат жасалды.
Ақсақалдар өз кезегінде имамдарға шынайы алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі