Жақында Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Нұрхан Асанұлының ұйымдастыруымен есте қаларлықтай оқиға болды.
Онда еліміздегі «Ел үлесі - пәтерге»жобасы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қостанай облыстық өкілдігінің қолдауымен әлеуметтік жағдайы төмен, үш баланың анасы Гүлжан Жұмағалиқызына 585-ші пәтердің кілті тапсырылды.
Аталмыш қайырымдылық шарасына қала әкімі Әмірхан Біркенұлы қатысып, қуанышқа кенелген отбасына теледидар тарту етті. Сонымен қатар шаһардағы мешіттің атынан үлкен кілем берілді.
Пәтерге ие болған аяулы ана жомарттық танытқан барша азаматтарға шын жүректен шықққан шынайы алғысын жеткізді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі