Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Нұрхан Асанұлыжергілікті медицина колледжінде болып, студенттермен кездесті.
Онда «Дін-тәрбиенің рухани тірегі» деген тақырып әңгіме арқауына айналды. Жастар айтылған уағыз – насихатты ұйып тыңдады. Жүздесу барысында бас имам теріс діни ағымдардан бойларын аулақ ұстаулары қажет екендігін еске салды.
Сонымен қатар дінге байланысты сауал туындаған жағдайда мешіт қызметкерлерінің көмегіне сүйеніп, ақыл-кеңес алулары керектігін тілге тиек етті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі