Жуырда Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітінде келелі мәселені қозғаған мәжіліс болып өтті. Мұнда жиналған ақылдастар алқасының мүшелері имандылық ордасының ішкі тәртібі, тазалығы, күнделікті атқарылатын нақты жұмыстарды талқылады.
Басқосуда Бас имам Бектұрсын Уәлиев жыл бойы жүзеге асырылатын міндеттерге тоқталды. Биылғы бекітілген «Ислам және дәстүр құндылықтары» тақырыбының маңызын халыққа жан-жақты жеткізу қажеттігін баяндады.
Болашақта бір бөлмені «таһаратхана» жасап, онда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ, алдағы Рамазан айына дайындық жайы сөз болып, орталықтағы бір асханада ауызашарды өткізуге ұйғарым жасалды.
Жиында алқа мүшелері күн тәртібіндегі кезек күттірмес жұмыстар бойынша ой-пікірлерімен бөлісті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі