Парыз ораза
Парыз ораза екіге бөлінеді:
Уәжіп ораза
Бұл да екіге бөлінеді. Атау (нәзір) оразасы сияқты. Белгілі бір уақытта тұтамын деп, уақыт белгілеп тұтқан ораза – тағайындалған уәжіп ораза. Нақты уақыт белгілемей кез келген бір күні немесе айда тұтамын деп атаған ораза – тағайындалмаған уәжіп ораза. Нәпіл ораза
Бұл – сүннет, мұстахап, мәндүп болып үшке бөлінеді. Нәпіл оразалар мына күндерде ұсталады:
Күнара тұту
Бұл ең жақсы ораза. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ең сауапты ораза – Дәуідтің (а.с.) ұстаған оразасы. Дәуід бір күн ораза ұстап, бір күн ұстамайтын». Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) «Мен одан да көп ұстай аламын», – деген кезде Аллаһ Елшісі: «Бұдан жақсысы
жоқ», – деп жауап қайтарды (Муслим, Сиам, 192).
Әр айда үш күн ораза ұстау
Әр айдың он үшінші, он төртінші, он бесінші күні ораза ұстау – мұстахап. Әбу Зәрдың (р.а.) риуаяты бойынша, Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді: «Әр айда үш күн ораза ұстағың келсе, айдың 13, 14, 15-ші күндерінде ұста» (Бухари, Әнбия, 377).
Әр аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндері ораза ұстау
Усама ибн Зәйдтің риуаят етуі бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.у.) дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстайтын. Одан «Неге бұл күндері ұстайсыз?» деп сұрағанда: «Адамдардың істері Аллаһқа дүйсенбі мен бейсенбі күндері тапсырылады», – деді. Басқа бір риуаятта «Ұлы Раббыма менің істерімнің ораза ұстаған кезімде ұсынылуын қалаймын», – деген қосымша сөзі бар (Әбу Дәәуд, Саум, 60).
Шәууәл айында алты күн ораза ұстау
Бұл оразаны сол айдың ішінде кез келген күні үзбей бірінен кейін бірін немесе үзіп-үзіп ұстауға болады. Бірақ айттың артынша кезекпен дереу бәрін ұстаған абзал. Қаза, атау, т.б. оразаны осы күндерде ұстаса дәл сол сауапты ала алады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім Рамазанды оразамен өткізіп, бұдан кейінгі шәууәл айында алты күн ораза ұстаса, жыл бойы ораза ұстағанмен бірдей. (Ибн Мажә, Сиам, 33).
Арафа күнінде ораза ұстау
Қажылықта болмаған адамның Зилхижжаның тоғызыншы күнінде ораза ұстауы – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Арафа күні ұсталған оразаның бұрынғы және келешектегі бір жылдық
күнәлардан арылтатыны Аллаһтан үміт етілген. (Ахмед ибн Ханбәл, V, 196).
Мухаррам айының тоғызыншы, оныншы (ашура) және он бірінші күндері ораза ұстау мұстахап немесе сүннет
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мәдинаға келген кезде яһудилердің (еврей) ашура күні ораза ұстағанын көріп, «Бұл қандай ораза?», – деп сұрады. Оған: «Бұл – ұлы күн. Аллаһ бұл күні Мұса мен Исрайл ұрпағын дұшпандардан құтқарған. Сондықтан осы күні Мұса (а.с.) ораза ұстайтын» – деп жауап қайтарды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) сонда: «Мен Мұсаға сендерге қарағанда әлдеқайда жақынмын», – деді де, осы күні ораза ұстауды әмір етті. (Бухари, Саум, 69).
Харам айларда ораза ұстау
Зилқағда, Зилхижжа, Мухаррам және Рәжап айларының бейсенбі, жұма, сенбі күндері ораза ұстау – мәндүп.
Шағбан айында ораза ұстау
Хазіреті Айша былай дейді: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Шағбан айында ұстағандай Рамазаннан басқа ешқандай айда ораза ұстамайтын. Ол Шағбан айының бәрін оразамен өткізетін». (Муслим, Салат, 176).
http://ummet.kz
Қостанай облысы, Қамысты ауданының Бестау аулында 1994 жылы мешіт құрылысының ірге тасы қалынды. 1996 жылдың шілде айында мешіт құрылысы түгелімен бітіп, пайдалануға берілде. Мешіттің жобасын жасаған Алматылық «Қаз ГУ проект». Негізгі жоспар бойынша мешіттің алаңы 1 гектар жерді алып жатыр. Құрылыстың көлемі: 36х36 м, биіктігі 4,5 м. Орталық зал дөңгеленіп келген, диаметрі 20 метр. Төрт мұнарасы бар, әрқайсысының биіктігі 16 метрден. Сырты түгелдей ұлутаспен қоршалған, іші гранит пен мәрмәр тас. Мешіттің ішінде имам мен наиб имамның жұмыс бөлмелері, дәріс алатын бөлме, тазалық бөлмесі, шайхана бар. Мешітті салуға Алматының, Қостанайдың және жергілікті тұрғындар атсалысты. Құрылыс жобасы мен құрылыс ісін жүргізген Бестау жауапкерлігі шектеулі серіктестің басшысы Ибрай Естаев пен құрылыс басшысы Ғилымхан Құлбатыров. Құрылыс жұмысына қаржылай көмек бергендер: Естаев Ибрай – Бестау ЖШС директоры, Ундемесов Темірхан – Свободный ЖШС директоры. Мешітке Марал ишан есімі берілді. Мешіттің бірінші имамы болып Ертай Балахмет тағайындалды.
Қостанай облысы, Рудный қаласы, Комсомольский к-сі, 55.
1. Рудный қалалық "Нұр" мешіті. Мешіт құрылысының басталуы 01.08.2008 ж, аяқталуы 07.06.2009 жыл.
2. Мешіт жерінің жалпы көлемі - 1,2 г. Мешіт аумағы көгалдандырылған (ағаш,гүл, арнайы газон шөбі отырғызылған).
3. Мешіт ғимаратының жалпы көлемі - 1700 ш.м, сыйымдылығы - 1000 адам.
4. Мешіт ғимаратының биіктігі - 19.5 метр, қасиетті Құран-Кәрімнің аяттары
мешіттің торт жағынан керама плиткаға жазылып өрнекпен безендірілген,
қожа Ахмет Яссауи кесенесіне ұқсатылып салынған, мешіттің намаз
оқитын ерлер үшін 2 зал, әйелдер үшін 2 зал, неке залы, балалар оқитын
сынып, имамның, бухгалтердің, күзетшінің арнайы бөлмелері бар.
5. Мешіттің күмбезі мен мұнарасы керама плиткамен қапталған. Мешіт аумағында мешіттен басқа ешқандай ғимарат жоқ.
Таран аудандық мешітінің сипаттамасы:
1. Қостанай облысы Таран ауданы, Таран селосы, Советская көшесі 58 үй. Инд.: 111700 тел.: 8 - 71436 3-64-77.
2. Бұрынғы кинотеатр ғимараты толықтай мешітке сәйкестендіріле қайта жөндеуден өткізіліп, 1999 жылдың қараша айында пайдалануға берілді.
3. Мешіт жерінің жалпы көлемі – 0,2038 га.
4. Мешіт ғимаратының көлемі – 291.0 ш.м. Сыйымдылығы – 300 орындық.
5. Ғимараттың биіктігі – Н-6м 30см. ; Көлемі – V-1658
Сәулеттік сипаты - екі мұнара, бір күмбезді. Мешіт іші қолдан жазылған және дайын түрдегі аяттармен безендірілген.
6. Күмбездің биіктігі – 4м. d- 6м.; Екі мұнараның биіктігі – 6м.
Мешіт ауласында шаруашылық заттар қойылатын шағын үй орналасқан көлемі – 38.9 ш.м. Және отын жабдықтары қойылатын үй-жай бар, көлемі-141.2 ш.м.
«Балықты» мешіті осы облысытың Ұзынкөл ауданында. Оның құрылысы 1992 жылдан бастап салынып, 1996 жылы 12 қантарда ашылды. Құрылысы жұмысын ПМК -6 мекемесі жүргізді. Мешіттің салынуына жалпы аудан халқы мен әкімі Р. Жұмақұлов, ПМК -6 мекемесінің бастығы Н. Жумабаев және өзге де кәсіпкер азаматтар қаражаттай үлес қосты. Мешіт 150 орындық. Жалпы ауданы 24,2х20 метр. Мұнарасының биіктңгі 15 метр.
«Аққозы қажы» мешіті Сарыкөл аудан орталығында 1993 жылы Әнуар Қалиқажыұлының жетек-шілігімен халықтың қаражатына салынған. Оның жобасын Д. Қасенов жасады. Мешіт күйдірілген сары кірпіштен салынған. Күмбезінің биіктігі 12 метр. Намаз залының көлемі 10х10 метр. Сонымен қатар мұнда имам, есепші, жамағатқа арналған бөлмелер де бар.
Намаз залында қасиетті Құран кәрімдегі «Бақар» сүресінің аяттары нақышталып жазылған. Ал михрабтың оң жағында «Аллаһ» ,сол жағында «Мұхаммед» жазулары араб хусни хатпен жазылған. Аталмыш мешітке халық ұсынысымен ҚМДБ төралқа мәжілісінің шешімімен дін қайраткері Аққозы қажының есімі берілді.
Әулиекөл ауданы, Құсмұрын кенті, Матросов көшесі 11 а мекен-жайы бойынша орналасқан. Мешіттің құрылысы 2003 жылдың 24 ақпанында басталып, 2003 жылдың 20 маусымында аяқталған. Мешіт ғимаратының көлемі 79,8 шаршы метр, сарай – 10,4 шаршы метр. Мұнараның биіктігі – 7,8 метр, қабырғаларының биіктігі – 3,8 метр. Мешіт ғимаратының сиымдылығы елу адамға шақталған. Ғимарат өрнектелінбеген, 1 күнбез, 1 михраб бар. Мешіт салушы Гучигов Мұса Алиевич.