Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар
cәлеметсіздер ме? Мен кекеш едім. Бұл жүре пайда болған кесел. Яғни туа бітті емес. Атамда кекеш болған, тұқымқуалаушылы қ қой. Жақында арал жақта алдына 5 оқитын бір емші бала бар деп естігем.ешқанда й құмалақ ашпайды. Көзіне қарап қандай аурумен келгеніңді және оның емін айтып береді екен егер сол балаға барсам бұл дін жолында, шариғат бойынша қалай болады екен дұрыс па, әлде бұрыс па? барсам күнәға батпаймын ба, әлде қарғысқа ұшырамаймын ба? шынымды айтсам өзімнің барғым келеді
Published in Сұрақ-жауап
Жұма күндері мешітке барып тұрамын. Бес уақыт намаз оқымасам да мешітке кіргенде дұғамды жасап, басымды сәждеге тигізіп бар көңіл-ниетіммен Аллаһқа жақындасам деген ойда боламын. Әйелдер бөлмесіне жұма күндері мұсылман апайлар мен қыздар көп жиналады екен. Бірақ сол әйелдердің бір-бірімен орынға таласып, ұрсысып қалатындары бар. Тіпті, сырт киімдері мен аяқ киімдерін кіре беріске тастамай, өзімен (төрге шықса да) қолымен ұстап жанына қоя салатын да апайларымыз бар екен. Сосын мешітке жасанып барудың не қажеті бар? Меніңше, көп әйелдер мешітке Аллаһқа жалбарынайын деп емес, керісінше, киген киімі мен өзін көрсетуге келетін секілді. Жалпы, әйелдерге мешітке барып намаз оқу міндет пе? Мұның жөнін айтсаңыздар екен? Майра, Алматы қаласы.
Published in Сұрақ-жауап
Хижап киюді Исламдағы ағым деп жүр. Осының анық-қанығы қандай?
Published in Сұрақ-жауап
Намазды бастарда қолды қай жерге дейін көтереміз?
Published in Сұрақ-жауап
Неліктен жолаушы намазды қысқартып оқиды? Қысқартып оқымаса болмай ма? Себебі қазіргі таңда бұрынғыдай емес көлік бар. Жол жүрудің қиыншылығы аз емес пе?
Published in Сұрақ-жауап
Намаз оқылуы барысында балалардың кедергі келтіруі намазды бұза ма? (Мейірбек)
Published in Сұрақ-жауап
Пятница, 05 Октябрь 2018 20:47

Қарты бар елдің қазынасы бар

Жақында «Ислам және отбасы» жылы аясында «1-қазан қарттар күні» Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінде мешіт ұжымы қарттарды мерекелерімен құттықтады.

Мерекеге орай ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерімізге арнап дастархан жайылды. Басқосу барысында мешітіміздің найб имамы Руслан Маратұлы барша қауымға уағыз насихат айтып, қарттарды құттықтап, оларға зор денсаулық тіледі.

IMG 4522

Сондай-ақ мешіттің көркеюіне бір адамдай атсалысып жүрген ақсақалдарға бас имамның атынан арнайы Алғыс хаттар табыс етілді. Сонымен қатар оларға сый-сиапат жасалды.

IMG 4529

Мешіт қызметкерлерінің игі істеріне дән риза болған аға буын өкілдері өздерінің алғыстарын білдіріп, ақ баталарын  берді.

IMG 4542

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Пятница, 05 Октябрь 2018 20:45

Қарттарға құрмет көрсетілді

20181001 143927

Жуырда өңірімізде Қарттар күні кеңінен аталып өтілгені белгілі. Ол күні Қостанай облысының өкілі Бахытбек Нұрғабылұлы бастап, қалалық «Жайлаубай ата», Қостанай аудандық «Маңдай батыр» және Рудный қаласының «Нұр» мешіттерінің бас имамдары Шоқан, Асылхан, Азамат қажылар игі іс атқарды.

Жылдағы үрдіс бойынша Рудный шаһарындағы қарттар үйінде болып, олардың тұрмыс-жағдайларымен танысты.

Өмірдің талай асуларынан өткен ардагерлерге лайықты құрмет көрсетіп, сый-сиапат жасады.

773f9481-3a61-4648-9ad9-f1f78b76fcc0

Сонымен қатар Фурманов ауылдық мәдениет бөлімінің қызметкерлері мерекелік концерт ұйымдастырып, әсем әнмен қариялардың көңіл күйін көтерсе, ауыл иамы Бақтыбай Нұрханқажы мерекелік дастархан жайып, қарияларды мерекемен құттықтады.

DSC 0674

Сондай-ақ Қарабалық ауданының «Ғашура ана» және Ұзынкөл ауданының «Балықты» мешіттері де ақ жаулықты аналарымыз бен ақ сақалды қарттарымызға ерекше көңіл бөлді. Мысалы, Қарабалықта 90 жастан асқан Баттал Ақбаев пен Айғанша Сүндетбаева және 87 жасар Рахилә Тілеуқабыловаға жылы лебіздер айтылып, сыйлық тапсырылды.

Ал Ұзынкөл ауданында аудан әкімінің орынбасары Б. Мұхамедияров «Балықты» мешітінде бас қосқан ардагерлерге жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ осы аудандағы Ұлы Отан соғыс ардагері 95 жастағы Әнуар ата бата берді.

IMG 0679

Троебрат ауылының тұрғындары Амангелді Батталұлы мен Палина Льентиевнаға да құрмет көрсетіліп, сый-сиапат жасалды.

Жалпы, өңірдегі барлық аудандар мен қалалардағы мешіттерде қарттар күні тиісті деңгейде аталып өтілді

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

1 қазан саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға-апаларымыздың, қарияларымыздың төл мерекесі.

20181002 121345

Халықаралық қарттар күні меркесіне орай Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіт қызметкерлері қаладағы қарттарды мерекемен құттықтап, мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жасады.

Атап айтар болсақ Михаил Поповтың отбасын мерекемен құттықтап, үй шарушылығына көмектессе, төсек тартып қалған Мұхамбетжанов Мейрам ақсақалдың көңілін сұрап, үй ішінде қозғалып жүріп-тұруы үшін, балдақ алып берді. Ал, мүмкіндігі шектеулі Қаншайым Елеусізқызына «мүгедектер арбасы» тарту етілді. Сондай-ақ күнделікті тұтынатын азық-түліктер берілді.

20181002 112738

Сонымен қатар Фурманов ауылдық мәдениет бөлімінің қызметкерлері мерекелік концерт ұйымдастырып, әсем әнмен қариялардың көңіл күйін көтерсе, ауыл иамы Бақтыбай Нұрханқажы мерекелік дастархан жайып, қарияларды мерекемен құттықтады.

20181002 122247

Саналы ғұмырларын ел өркендеуіне арнап, ты­ным­сыз еңбектенген қарияларымыздың өмір жолдары бүгінгі ұр­пақ біздерге таусылмас қазына, үлгі-өнеге. Бас мүфти Серікбайқажы Сатыбалдыұлы хазрет имамдарға әрқашан қайырымдылық шараларды жиі өткізуді тапсырған болатын.

Ардақты да аяулы қарттарымыздың мерекесін жыл сайын лайық­ты түрде атап өту перзенттік те азаматтық бір борышымыз деп санаймын. Егемен еліміздің өсіп-өркендеуіне, бейбіт те тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептеймін, – дейді қарттарға қамқорлық көрсеткен мешіт имамы Бектұрсын Торғайбайұлы.

20181002 122209

Жаны жабырқаған жандардың жанына жылу сыйлап, көңілдеріне демеу болған мешіт қызметкерлеріне қариялар шынайы алғыстарын білдіріп, жүрекжарды тілектерін айтты.

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті

Published in Жаңалықтар
Вторник, 02 Октябрь 2018 20:21

Алла Тағаланың берекеті жауған күн

Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарының 90 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтілді. Бұл маңызды шараға Астана мен Алматыдан және өңірден көптеген қонақтар қатысты.

SImQW66pjzs

Облыстағы Амангелді ауданының «Сатыбалды ишан» мешітіне сонау Меккеден қасиетті қара тасты жауып тұратын «кисуа» сыйға тартылды.

Оны «Нұр Қазақстан» қажылық компаниясының президенті Амангелді қажы Еренғайыпұлы салтанатты түрде табыс етті. Осындағы жұма намазына арнайы қатысқан облыстың бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы барша қауымға ең ізгі тілегін білдіріп, әсерлі уағыз айтты.

IMG 20180928 140313 HDR

Сонымен қатар Жангелдин ауданының «Оспан қожа әулие» мешітіне Қайрат Дильханов, Ғабит Мұқанов, Асылболат Мырзағалиев т.б. жомарт жанды демеушілердің қолдауымен жаңа жеңіл автокөлікті табыс етті.

img01

Осылайша торғайлық ағайындар қос мереке кезінде ерекше қуанышқа бөленді. Демеуші болған бауырларымызға тек Алланың нұры жауа берсін.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником