Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Страницы сайта

Страницы сайта (15)

Суббота, 13 Июнь 2015 00:00

Рамазан айы

Written by
Четверг, 04 Июнь 2015 00:00

Намаз кестесі

Written by

Нұр-Мүбарак  университеті  2015-2016 оқу жылына исламтану және араб тілі факултеттеріне түсем деуші талапкерлерді ағымдағы жылдың 10 қарашасы мен 10 желтоқсан  аралығында  дайындық курсына оқуға қабылдайды.

Оқу мерзімі - кемі 8 ай. Осы мерзімде  Құран Кәрім, араб тілі, ислам фиқһы, ақида пәндері бойынша жүйелі түрде сабақ жүргізіледі. Сондай-ақ Қазақсатан тарихы мен қазақ тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша тест емтихандарына дайындық сабақтары беріледі.

Сабақты Әл-Әзһар университетін  бітіріп келген білікті мамандар  жүргізеді. Дайындық курсына жасы 30-ға толмаған ислам жолымен жүретін тақуа, талапты, қабілетті жастар іріктеліп алынады.

Талапкерлер жатар орынмен, тамақпен қамтамасыз етіледі.

Талап етілетін құжаттар:
    Өтініш;
    Жеке куәлік көшірмесі.
    Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
    3x4 мөлшердегі 6 фотосурет;
    086-У үлгісіндегі медициналық анықтама+ флюрография ;
    Наркологиялық анықтама;
    Психотерапиялық диспансерден анықтама;
    Сотталмағандығы туралы анықтама.

Алматы. әл-Фараби даңғылы 73. «академиялық қалашық» аялдамасы.
тел.:8 (727) 302-09-40, 302-09-42.  Факс: 8 (727) 302-09-30.
Ұялы тел: 8 702 624 98 13
Сайт:  www.nmu.kz
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..

Понедельник, 23 Июнь 2014 00:00

Ерлердің намаз үлгісі

Written by

Таң намазы Сүннеті. Ерлер

Таң намазы. Фарз. Ерлер

Пятница, 30 Май 2014 00:00

Әйелдердің намаз үлгісі

Written by

Таң намазы. Сүннет. Әйелдер

Таң намазы. 2-ракағат фарз. Әйелдер.

Бесін намазы. 4-ракағат Сүннет. Әйелдер

Бесін намазы. Фарз. Әйелдер

Бесін намазы. 2-ракағат сүннет. Әйелдер

Екінті намазы. Фарз. Әйел

Ақшам намазы - Фарз. Әйелдер

Ақшам намазы. 2-ракағат Сүннет. Әйелдер

Құптан намазы. Фарзы. Әйел

Құптан намазы. 2-ракағат Сүннет. Әйел

Үтір уажіп намазы. Әйел

Айт намазы қалай оқылады

Әйелдердің намаз оқу ерекшеліктері

Әйел баласы мен ер кісілердің намаздарының арасында бірнеше өзгешеліктер бар. Атап айтсақ, әйелдер ер кісілер сияқты азан шақырып, қамат түсірмейді. Бет-жүзі мен білезігіне дейінгі денесінің қолынан өзге жері жабық болады. Әйел адам үшін мешіттен гөрі үйде отырып, намаз оқығанның сауабы мол. Әйелдердің намаздағы өзге қимылдары да олардың жаратылысы мен табиғатына сай діннің үкімдерімен үйлесім табатынын айта кету керек.

Әйелдердің киімі ашылып қалмасы үшін әрі дене мүшелерінің киім сыртынан сыртқа теуіп, көзге оттай басылып, өзгелердің назарын аудармауы үшін намаздағы іс-әрекеттерінің барынша жинақы болуы басты назарға алынған. Мысалы, тәкбірде қолды құлақ тұсына дейін көтергенде жеңі сырғып төмен түсетіндіктен білектерінің ашылып қалу қаупі бар. Сондықтан, олар қолдарын көкірек тұсына көтереді. Сонымен қатар, қолдарын көкіректеріне байлау арқылы да омырауларын қосымша көлегейлеген болады. Ендеше, ардақты Алла елшісінің (с.а.у.) «Менің намаз оқығанымдай намаз оқыңдар» деген хадисін негізге алып, әйелдер де дәл еркектер тәрізді намаз оқуы керек, деп, үстірт ұқпауымыз керек.

Исламдағы төрт мәзхаб ғалымдарының басым көпшілігінің берген пәтуасы бойынша әйел баласының намаздағы қимылдарының еркектер сияқты еркін емес, жинақы болуы маңызды. Мәселен, Мәліки мәзһабында әйелдің намаздағы қимылдарының бәрі жинақы болуға тиіс.[1]

Ханбалидағы мәзхабында да дәл солай. Ибн Құдама «әл-Муғни» атты еңбегінде әйелдің намазындағы ерекшелігі жайында былай дейді: «Намаздағы ер кісілерге қатысты үкімдер, негізінде, әйелдерге де қатысты. Бірақ, әйел баласы рукуғта, сәждеде өзін жинақы ұстайды. Ал, отырыста малдас құрып (мүтәраббиға) немесе сол жағына қарай жамбастай отырады».[2]

Шафиғи мәзһабында әйелдің намаз қимылдарында төрт жерде өзгешелігі бар:

1. Рукуғта бір тізесін екінші тізесіне, бір аяғын екінші аяғына тигізе тақайды. Сәждеде де екі тізесі мен екі аяғының арасын ажыратпайды, қарны санына тиіп тұрғаны жөн.

2. Еркектер жария оқитын намазды жария, іштен оқитын намаздарды іштей оқиды. Әйелдер бөгде еркектердің жанында намаз оқитын болса, дауыстары естіл-мейтіндей етіп бәсең оқиды.

3. Намаздарына кедергі келтіретін қандай да бір жағдай туса, ер кісілер «Субханналлаһ» десе, әйел адам оң қолының алақанымен сол қолының сыртынан шапалақ ұрады.

4. Намазда ерлердің әурет жері саналатын кіндік пен екі бұттың арасы, ал, әйелдердің қолы мен бет-жүзінен өзге жері бүркеулі болуы тиіс.[3]

«Әссунәнуль Кубра» атты хадис жинағының авторы хадисші әл-Байһақи әйелдің қимылы жайында: «Әйелдің намаздағы қимылдарындағы өзгешілік жинақылыққа негізделген. Әйел кісі намазда жинақылыққа ең лайық қимылды орындауға бұйырылды», – дейді[4].

Ендеше, Ханафи мәзһабымен қоса өзге үш мәзһабтың үшеуінде де әйел кісінің намаздағы қимылдары жинақылыққа негізделгендігі бірауыздан мақұлданған.

Ханафи мәзһабы бойынша әйелдердің намаз қимыларындағы ерекшеліктер төмендегідей:

ӘЙЕЛДЕРДІҢ ИФТИТАХ ТӘКБІРІ

Әйел адам ифтитах тәкбірін алғанда екі алақанын құбылаға қаратып, саусақтарының ұшын иықтың тұсына дейін көтеріп, «Аллаһу әкбар», дейді.

Имам Бұхари өзінің «Қурратуль ғайнайн» атты еңбегінде Сүләймән ибн Умайрдың мына сөзін риуаят етеді:

» عن عبد ربه بن سليمان بن عمير قال: رَأَيْتُ أُمَّ الدَّرْدَاءِ تَرْفَعُ يَدَيْهَا فِي الصَّلاةِ حَذْوَ مَنْكِبَيْهَا«

Ол: «Мен (сахаба Әбу Дарданың зайыбы) Уммуд Дарданың намазда екі қолын иық тұсына көтергенін көрдім», – дейді.[5]

Ардақты пайғамбарымыз (с.а.у.) Уәйл ибн Хужр есімді сахабасына былай деген: «Уа, Хужрұлы! Намаз бастағанда екі қолыңды құлаққа дейін көтер. Ал, әйелдер кеуде тұсына көтерсін»[6].

Бұл хадис жоғарыдағы Ұмму Дарданың хадисіне қайшы емес. Себебі, әйел кісі қолын кеуде тұсына көтергенде саусақтарының ұшы иық деңгейіне көтеріледі.

Сондай-ақ, осы екі хадистің астарына үңілсек, әйел баласының намаздағы басқа да әрекеттері (рукуғ, сәжде, соңғы отырыста, т.б.) олардың нәзік жаратылысы мен өзге де ерекшелігіне байланысты құлшылық кезінде өзін жинақы ұстаудың қаншалықты маңызды екендігін аңғарамыз.

ӘЙЕЛДІҢ ҚОЛ БАЙЛАУЫ

Әйел кісі көкірек тұсына оң алақанын сол қолының үстіне қояды. Білезіктерін қапсыра ұстамайды. Намаз кезінде өздерін жинақы ұстауы үшін осылай істеген абзал[7].

Табиғин Ата ибн Әби Рабах*: «Әйел кісі қиямда тұрғанда мүмкіндігінше екі қолын жинақы ұстайды», – деген[8].

ӘЙЕЛДІҢ РУКУҒЫ МЕН СӘЖДЕСІ

Әйелдер рукуғқа барғанда саусақтарының арасын ашпастан тізесіне қояды, арқасы мен тізесін сәл бүгеді. Ал, сәждеге барғанда білектерін жерге тигізіп, шын-тақтарын өкпе тұсына тақап ұстайды, қарны қара санына тиуі шарт[9]. Бұл жайында Әбу Шәйба өзінің «Мұсаннаф» атты еңбегінде Әзіреті Әлидің (р.а.) мына сөзін жеткізеді:

عَنِ الْحَارِثِ ، عَنْ عَلِيٍّ ، قَالَ : " إِذَا سَجَدَتِ الْمَرْأَةُ فَلْتَحْتَفِزْ وَلْتَضُمَّ فَخِذَيْهَا ". رواه ابن أبي شيبة

«Әйел баласы сәждеге барғанда ішін санына тірейді және екі санының арасын ашпай, тигізе тақап ұстайды»[10].

Табиғин Ибрахим ибн Язид ән-Нәхәъидің[11] былай дегенін риуаят етеді:

عن إبراهيم قال إذا سَجَدَت المَرأَةُ فَلتَزِق بَطنَها بِفَخِذَيها وَ لا تَرفَعُ عَجيزَتَها وَلا تُجَافي كما يُجَافي الرَجُلُ". رواه ابن شيبة

«Әйел кісі сәжде жасайтын болса, қарнын қара санына тигізе тақап ұстасын, бөксесін көтермесін және ер кісілер сияқты (екі шынтағын арасын) ашпасын»[12].

Тағы бір сөзінде Ибраһим:

عن إبراهيم قال إذا سَجَدَت المَرأَةُ فَلتَضُمّ فَخِذَيهَا وَ لتَضَع بَطنَهَا عَلَيهِمَا. رواه ابن شيبة

«Әйел кісі сәжде жасағанда екі санын бір-біріне тигізе тақап ұстасын және қарнын қара санына тигізсін...», –[13] деген.

Байхақидың «әс-Сүнәнүл-кубра» атты хадис жинағында Ибраһим ән-Нәхаъи былай дейді:

كانت المرأةُ تُؤمُرُ إذا سَجَدَت أن تُلزِقَ بَطنَها بِفَخِذَيها كَيلا تَرتَفِعَ عُجْزَتها ولا تُجَافي كَمَا يُجَافي الرُجُلُ. رواه البيهقي

«Әйелдерге сәжде жасағанда қарнын екі санына тигізе тақап ұстасын деп, әмір етілді. Бұл сәжде жасағанда оның бөксесі көтерілмесін деген мақсатта айтылған. Сәжде жасағанда ер кісілер сияқты екі шынтағының арасын ашпасын (деп те бұйырылды)»[14].

ӘЙЕЛ КІСІНІҢ «ТӘШӘҺҺУД» ОТЫРЫСЫ

Тәшәһһуд отырысында әйел кісі екі аяғын бүгіп, сол жағына қарай жамбастай отырады. Яғни, сол жақ аяғын оң жақ санының астынан өткізіп, бір жамбастай отырады[15]. Мұндай отырыс әйел табиғатына сай келеді әрі жинақы көрінеді. Мұны «тәуәррүк отырысы» дейміз. Бұған төмендегі хадис дәлел:

Абдулла ибн Омар (р.а.) риуаят еткен бір хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.):

عن عبد الله بن عمر قال: قال رسول الله (صلى الله عليه و سلم): "إذا جَلَسَت المَرأةُ في الصّلاَةِ وَضَعَت فَخذَهَا عَلَى فَخذِهَا الأُخرَى وَ إذَا سَجَدَت ألَصَقَت بَطنَهَا فيِ فَخذَيهَا كَأَستَرَ مَا يَكُونُ لًهًا وً انّ اللهَ تَعَالَى يَنظُرُ إلَيهَا وَ يَقُولُ: يَا مَلائِكَتِي أُشهِدُكُم إنِّي قَد غَفَرتُ لَهَا". رواه البَيهَاقِي

«Әйел баласы намазда сол жақ аяғын оң жақ санының астына басып отырады. Ал, сәждеде қарнын қара санына тигізе тақап ұстасын. Әйел осылай еткенде жинақы көрінеді. Алла (осылай отырып оқыған әйелге) қарап періштелеріне: «Уа, періштелерім! Куә болыңдар, мен бұл әйелдің күнәсін кешірдім», – дейді» деп, айтқанын жеткізген болатын[16].

______________________________________

[1] У.Зухайли, Маусуғатул фиқһиль Исләми – 1/769-бет

[2] Ибн Құдама, әл-Мұғни: әл-фарқ бәйнар ражули уәл мар’әти фис сала, 1/599-бет.

[3] У.Зухайли, Маусуғатул фиқһиль Исләми – 1/777-779 бет.

[4] Мұстафа әл-Ғадуи, Жамиғул Ахқамун Ниса – 1/376-бет.

[5] Имам Бұхари «Қурратуль айнайн» №23 хадис.

[6] Хайсәми, Мажмағуз-зауаид -2\222 бет, №2594 хадис.

[7] Тәхәнәуи, Илә’әссүннә – 2/199 бет; әл-Айни, Биная; әл-Шарнабәләли, Нурул изах

* Бұл кісі хазірет Айша, Әбу Хұрайра, Абдулла ибн Аббас сыңды көптеген сахабалардан хадис риуаят еткен кісі. Мекке ғалымы.

[8] Ибн Әби Шәйбә, Мұсаннаф.

[9] Бадайғ – 1/62 бет; Бадруддин Айни, әл-Биная – 2/249-бет.

[10] وتحتفز أي تحمل بطنها على فخذيها Ибн Әби Шәйбә – 1/241 бет, №2777-хадис.

[11] Ибрахим ибн Язид ән-Нәхәғи, Ирак өңірінің ғұлама фиқһшысы әрі хадисте «сиқа/сенімді», оның риуаят еткен хадистерін Нәсәий, Әбу Дәуіт, Даруқутни сынды ғұламалар өз хадис жинақтарына енгізген, ол балалық шағында Айша анамыздың (р.а.) көзін көрген кісі.

[12] Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф, Әйелдің сәжде жасау бабы – 1/242-бет, 2782

[13] Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф, Әйелдің сәжде жасау бабы – 1/242-бет, 2779

[14] Байхақи әс-Сүнәнүл-күбра – 2/314-бет.

[15] А.М.Таһмаз: әл фиқһул ханафи фи саубиһил жәдид, 1- том, 226-бет.

[16] Бәйһақи, әс-сүнәнул кубра, 2/315-бет, №3199 хадис.

Абдусамат Қасым

Пятница, 30 Май 2014 00:00

Ерлердің намаз үлгісі

Written by

Таң намазы Сүннеті. Ерлер

Таң намазы. Фарз. Ерлер

Бесін намазы. Алғашқы сүннет. Ерлер

Бесін намазы. Фарз. Ерлер

Бесін намазы. Соңғы сүннеті. Ерлер

Екінті намазы. Фарзы. Ерлер

Ақшам намазы. Фарз. Ерлер

Ақшам намазы сүннеті. Ерлер

Құптан намазы. Фарз. Ерлер

Құптан намазы. Сүннет. Ерлер

Үтір намазы. Ерлер

Айт намазы қалай оқылады

Намаз оқу үлгісі

Пятница, 30 Май 2014 00:00

Ислам дінін қалай қабылдайды?

Written by

Иман келтіру

Пятница, 30 Май 2014 11:44

Ислам дегеніміз не?

Written by
Четверг, 29 Май 2014 11:47

Мешіт ұжымы

Written by

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨКІЛ ИМАМЫ

bahitbekБектұрсын Торғайбайұлы Уәлиев

1978 жылы 16 мамырдаҚостанай облысы Жанкелдин ауданында дүниеге келген.

1984-1995 оқу жылдарыЫ. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебін тәмадады. Мектепте оқи жүріп, аудандық мешіттен діни сауатын да ашты.

- 1999 жылыАлматы қаласындағы «Ислам институтын» да білім алып, осы жылдың қараша айынан бастап, Қостанай облысы, Б.Майлин аудандық мешітінде бас имамдық қызметіне тағайындалды.

- 2005 жылыАлматы қаласы, «Имамдар Білім жетілдіру институтында» білімін жетілдірді.

- 2007 жылыМекке-Мадина қалаларында болып, қажылық өтеді.

- 2010 және 2011 жж.облыстық өкіл имамның алғыс хаттарымен марапатталды.

- 2012 жылыТүркия елінде «Білім жетілдіру» курсында болды.

- 2012 жылдыңжелтоқсан айынан бастап, Арқалық қаласы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

- 2013 жылыЫ.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында білім алды.

- 2014 жылы«Қостанай қаласы әкімшілігінің дін істері жөніндегі басқарма» атынан алғыс хатымен марапатталды.

- 2014 жылыАрқалық қаласы әкімінің Алғыс хатымен және Арқалық қаласының «Жыл адамы» номинациясымен марапатталды.

- 2015 жылыАлматы қаласы, «Имамдар Білім жетілдіру институтында» білімін жетілдірді.

- 2016 жылыБас мүфтиідің «Қажырлы еңбегі» үшін Алғыс хатын иеленді.

Әр жылы «жұмысқа деген белсенділігі» үшін деген облыстық өкіл имамының алғыс хаттарымен марапатталды.

- 2020-2022 жылдарыРудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы болды.

- 2022-2024 жылдарыҚостанай қалалық «Марал ишан» мешітінің бас имамы болып қызмет атқарды.

-2024 жылдың 26 шілдесінен бастап, Қостанай облысының және «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

Үйленген, екі қыз, екі ұлы бар.

Қостанай облыстық Аймағанбет қажы Спанұлы мешітінің наиб имамы

bakitzhan

Икрам Бақытжан, 1965 жылы 02-қыркүйекте Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Диев совхозында дүниеге келді.

1972-1982 жж. Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Диев совхозының орта мектебін оқып бітірді.

1983-1985 жж. Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеді.

1992-1994 жж. Өзбекстан республикасы, Қоқан қаласында хужрада оқыды.

1994 жылдың 03- қазанынан бастап, Қостанай облыстық мешітте найб имам қызметін атқарады.

1999-2014 жж. Мыржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша сырттай оқып тәмәмдады.

2008 жылы ҚМДБ-ның жолдауымен Пакистан республикасының халықаралық «Дағуа» академиясында 2 ай білімін жетілдірді.

2013 жылы Алматы қаласындағы имамдардың білімін жетілдіру инстиутында 3-ай білімін жетілдірді.

2014-2016 жж. Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін «Дінтану» мамандығы бойынша сырттай оқып тәмәмдады.

2004, 2016 жылдары қажылық парызын өтеді.

Қостанай облыстық Аймағанбет қажы Спанұлы мешітінің наиб имамы

img011980 жылы Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, «Борки» совхозі, Құмтөбе ауылында дүниеге келді.

Білім туралы ақпарат:

1986-1993 - жылдары аралығында Боровской аудандық орта мектебінде оқыды.

1993-1995 - жылдары аралығында Боровской ауданы, «Харьков» ауылының «Сосна» орта мектебін бітірді.

1995-1996 - жылдары аралығында Қостанай облыстық «Ақ мешітінің» сауат ашу курсін тамамдады.

1996-1998 - жылдары аралығында Жамбыл облысы, «Меркі» медресесіне түсіп ойдағыдай аяқтап шықты.

1999-2004 - жылдары аралығында А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетін тамамдап, «қазақ тілі және әдебиет» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша дипломға ие болды.

2013 жылы Түркия мемлекетінде, Бурса қаласының имамдардың білім орталығында 2 айлық курсында білімін жетілдірді.

2015 жылы Алматы қаласындадағы «Имамдардың білімін жетілдіру институтының» екі айлық курсында білімін шыңдаған.

Еңбек өтілі:

1998-2005 - жылдары аралығында Қостанай облыстық «Ақмешітте» азаншы қызметін атқарды.

2005-2017 - жылдары аралығында Қостанай облысы, Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имам қызметін абыроймен атқарды.

2017 жылдың 13 қаңтарынан бастап, Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің найб имамы қызметін атқаруда.

Марапаттаулар:

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл мерекелік медалі

Қазақстан Конституциясына 20 жыл мерекелік медалі

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл мерекелік медалі

Үйленген. Бір ұл мен үш қыздың әкесі.

Қостанай облыстық Аймағанбет қажы Спанұлы мешітінің наиб имамы

darhan2Сыздыков Дархан Манарбекович 1989 жылы 6-шілдеде Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қарамеңді ауылында дүниеге келген.

1996-1999 жылдары аралығында Науырзым ауданы, Шилі ауылының орта мектебінде оқыған.

1999-2001 жылдары Науырзым ауданы, Шолақсай ауылының орта мектебінде оқыды.

2001-2007 жылдары Қостанай облысы, Қостанай қаласындағы «Сырбай Мәуленов» атындағы №24-ші гимназиясында орта білімді оқып тәмәмдаған.

2007-2011 жылдары Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» факультетіне оқуға түсіп, қызыл дипломмен үздікке бітірген.

2011 жылдың маусым айынан бастап, Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде наиб имам қызметін атқаруда.

2014 жылы Алматы қаласындадағы «Имамдардың білімін жетілдіру институтының» екі айлық курсында білімін шыңдаған.

2014 жылы Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында екі апталық имамдардың білімін жетілдіру курсына қатысқан.



Үйленген. Екі ұл мен бір қыздың әкесі.

Қостанай облыстық Аймағанбет қажы Спанұлы мешітінің наиб имамы

darhan2Балахмет Әлішер Ертайұлы 1994 жылы 24- ші қыркүйекте Қостанай облысы, Әулиекөл ауданында дүниеге келді.

2001-2010 жылдары аралығында Қостанай қаласының «Сырбай Мәуленов» атындағы гимназиясында оқыды.

2010-2012 жылдары Қостанай ауданы, Затобол кентінің «Нұржан Наушабай» атындағы орта мектебінде оқып бітірді.

2012-2016 жылдары Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «исламтану» факультетіне оқуға түсіп, қызыл дипломмен үздікке бітірді.

2013-2016 жылдары «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Жастар комитетінің» белсенді мүшесі болды.

2015 жылы құрылған Орта Азиядағы лаңкестікке қарсы құрылған жастар тобының белсенді мүшесі.

2016 жылдың шілде айынан бастап, Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде наиб имам қызметін атқаруда .



Үйленген.

08-наурыз (01-рәжәб)
Қасиетті үш айдың басталуы
02-03-сәуір (26-27-рәжәб)
Миғраж түні (Пайғамбарымыздың (ﷺ) жеті қат аспанға көтерілген түн)
06-сәуір
01-шағбан
19-20-мамыр (14-15-шағбан)
Бараат түні (Күнәдан арылу түні)
06-мамыр (01-рамазан)
Қасиетті Рамазан айының басталуы
01-маусым (27-рамазан)
Қадір түні
04-маусым (01-шәууәл)
Рамазан айты
02-тамыз (01-зульхиджә)
Зульхиджә айының басталуы
10-тамыз (09-зульхиджә)
Арафа күні
11-тамыз (10-зулхиджә)
Құрбан айт мерекесінің 1-күні
31-тамыз (01-мухаррам)
Һиджри жыл санауы бойынша жаңа жыл
09-қыркүйек (10-мухаррам)
Ашура күні
29-қазан
01-рәбиуль-әууәл
08-09-қараша (11-12-рәбиуль-әууәл)
Мәуліт айы (Пайғамбарымыздың (ﷺ) туылған айы)

bahitbekТәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы 1983 жылы 17-мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.

1990-2000 жылдары

аралығында Жаңақорған ауданындағы № 125 С. Сапарбеков атындағы қазақ орта мектебінде білім алған.

2000-2001 жылдары

Түркістан қаласындағы «Хасан Оралтай» атындағы медресесінде тәлім алған.

2001-2002 жылдары

Шымкент қаласындағы «Қамар» атындағы медресесінде оқыған.

2002-2005 жылдары

Алматы қаласындағы «Таугүл» медресесін тамадаған.

2005-2006 жылдары

Стамбул қаласындағы «Стамбул муфтиятында» білім алған.

2006-2014 жылдары

Тараз қаласындағы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің тарих факультетінде оқыған.

2006 жылы

жұмыс тәжірибесін Шымкент қаласындағы «Қамар» медресесінде ұстаздықтан бастаған.

2006 жылы

ОҚО облысы Шаян ауданынындағы медреседе ұстаздық қызмет атқарған.

2007 жылы

Тараз қаласындағы медреседе ұстаздық еткен.

2007-2008 жылдары

Алматы қаласындағы Сайран медресесінде ұстаз болған. 2008 жылы Ақтөбе қалалық мешітінде азаншы қызметін атқарған.

2008 жылы

қыркүйек айынан Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде найб имам қызметін атқарды.

2009-2011 жылдары

Ақтөбе облысы, Шалқар аудандық мешітінде бас имам болған.

2011 жылдан 2015 жылдың

қазан айына дейін Ақтөбе қалалық орталық мешітінде бас имам қызметін атқарды.

2015 жылдың

қараша айының 12-нен бастап, Қостанай облысы бойынша өкіл имам және Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

Үйленген, екі баланың әкесі.

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником