Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Среда, 09 Июль 2014 00:00

Жаңа имам жұмысқа кірісті

Маңдай батыр мешітіне жаңа бас имам келді. Бас мүфтидің бұйрығы бойынша, бұл қызметке Мұрзақанов Азамат Серікбайұлы кірісті.

Шоқан қажы Әмірхановтың Қостанай қаласында ашылған мешітке ауыстырылуына байланысты, ол Маңдай батыр мешітінің бас имамы қызметінен босатылды. Жаңадан тағайындалған имамды жамағатқа өткен жұмада Қостанай облыстық Марал Ишан мешітінің наиб имамы Дархан Сыздықов таныстырды. Жұртшылық Азамат Серікбайұлының жұмысына сәттілік тілеп, ақсақалдар батасын берді.

Мұрзақанов Азамат Серікбайұлы 1980 жылы 21 шілдеде Қостанай облысы, Қамысты ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Қамысты орта мектебін жақсы бағамен бітіреді.

1999-2000 жылдары Қамысты ауданындағы Сейітжан Бекшентайұлы мешітінде діни сауатын ашып, кейін сол мешітте наиб имамның қызметін атқарды. 2003 жылы Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетіне түсіп, 2007 жылы ойдағыдай аяқтап шығады. Қажылық парызын 2006 жылы өтеп келген. Осы қызметке тағайындалардан бұрын, Алтынсарин аудандық Жанұзақ Алдиярұлы атындағы мешітте бас имам болып жүрді. Аталған орында жеті жылдай еңбек етті.

Жоғары білімді. 2011 жылы сырттай Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінен «экономист» мамандығын алып шықты. Отбасылы, бір ұлы, бір қызы бар.

Қостанай ауданына енді ғана ауысқан бас имам білек түрініп, Рамазан айына дайындықты бастап кетті. Қасиетті айдың ортасына қарай, құранды, батаны жатқа оқушылар арасында жарыс өткізуді жоспарлап отыр.

Асыл ҚАСЫМ
Фотода: Солдан оңға қарай: Дархан Сыздықов және Азамат Мұрзақанов
Среда, 09 Июль 2014 00:00

Ораза қабыл болсын

Барша мұсылман баласының көптен ансап күтіп жүрген қасиетті айы – Рамазан айы басталды. Бұл айда әр мұсылман түндерін намазда күндерін оразада өткізетін ғибадатқа толы ай.

Биылғы жылы ораза басталысымен Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешіті «рамазан айының рахатын сезін» «ораза қабыл болсын» деген үгіттеу банерлерін іліп күллі мұсылман жамағатын ораза ұстауға шақыруда. Әліде жүрегі оразаның парыздылығын қабыл ете алмай жүрген жандарға насихат ретінде «Әй мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды әрине сақсынасындар» деген ұзындығы 12 метір билборд ілінді.

Қасиетті Рамазан айының оразасының алғашқы күнінде мешіт асханасында еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының атынан 200 адамға ауызашар беріліп келесі күні мешіт ұжымының атынан ауызашар ұйымдастырылды.

Ораза кестесі түрлі түсті бүктеме ретінде басылып, рамазан оразасының ниеті, ауызашар дұғасы қоса берілді. Барлық кесте бүктемелер тегін таратылуда.

Еліміздің бас мүфтиінің «Рухани жанарту айы-Рамазан құтты болсын» деген құттықтау хаты аудандық БАҚ беттеріне жарияланды. Бас мүфти Ержан қажы Mалғажыұлының үндеуі ауданымыздағы ең көп адам қатынайтын сауда орталықтарына ілінді.

001

002

SAM 7462

SAM 7464

SAM 7469

SAM 7474

SAM 7497

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
баспасөз қызметі

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ

اَلْحَمْدُ للهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ وَأَمَّا بَعْدُ..

Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен.

Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Отанға деген ыстық сезім, ықылас – жалпы адамзаттық адамгершілік қасиет,адамдар арасында қалыптасқан табиғи сипат.

Ислам діні адам бойында болатын ізгі қасиеттердің барлығын қолдайды. Адамдарды татулыққа, бірлікке, сүйіспеншілік сезімдерін қастерлеуге шақырады. Соның ішінде Отанға деген сүйіспеншіліктің алатын орны ерекше. Отан дегеніміз – адамның туған шаңырағы, ата-анасы, ағайындары, өскен ортасы, туған жері мен елі. Ал, Отанға деген ыстық сезім, ықылас жалпыадамзаттық қасиет, адамдар арасында қалыптасқан табиғи сезім. Жалпы отаншылдық, патриотизм – асыл дініміздің ұстанымымен тығыз ұштасып жатқан ұғымдар.

Бұған қатысты Алла елшісінің (с.а.с.) өмірінен нақты дәлелдер келтіруге болады. Мысалы, Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінің туған шаһары Мекке қаласына айрықша ықыласпен қараған. Мәдина шаһарына қоныс аударып, сонда орнықса да, алғашқы туған қаласын әсте ұмытпаған. Муһажир сахабаларымен бірге Меккені сағынышпен еске алып отырған.

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللهُ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ لِمَكَّةَ: «مَا أَطْيَبَكَ وَأَحَبَّكَ إِلَيَّ وَلَوْلاَ أَنَّ قَوْمَكَ أَخْرَجُونِي مِنْكَ مَا سَكَنْتُ غَيْرَكَ». رَوَاهُ الْحَاكِمُ وَالطَّبَرَانِيُّ وَالْبَيْهَقِيُّ.

Ибн Аббастан (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.а.с.) Меккеге қарап тұрып: «Сен мен үшін сондай қымбатсың, сүйіктісің. Егер де тұрғындарың сенен шығармағанда сенен басқа жерде тұрақтамас едім», – деген[1].

Әрбір адамның табиғаты туған жерімен тығыз байланысты. Сондықтан да оған туған жердің ауасы да, топырағы да дертке дәру.

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهَا أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ كَانَ يَقُولُ فِي الرُّقْيَةِ: «بِاسْمِ اللهِ، تُرْبَةُ أَرْضِنَا، وَرِيقَةُ بَعْضِنَا، يُشْفَى سَقِيمُنَا بِإِذْنِ رَبِّنَا». رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ وَمُسْلِمٌ.

Айша анамыздан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) науқасқа дұға жасағанда:«Алланың атымен. Жеріміздің топырағы, аузымыздың суы. Ауруымыз Раббымыз қалауымен жазылсын», – деп[2], саусағын сілекейімен ылғалдап, туған жердің топырағына тигізіп, науқастың ауырып тұрған жеріне басып, дұға жасаған. Ендеше туған жерге деген махаббат – Пайғамбардың (с.а.с.) сүннеті. Отанды сүю, қастерлеп, қадірлеу, керек болған жағдайда қызғыштай қорғау – әрбір иманды жанның міндеті.

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «عَيْنَانِ لاَ تَمَسُّهُمَا النَّارُ، عَيْنٌ بَكَتْ مِنْ خَشِيَةِ اللهِ، وَعَيْنٌ بَاتَتْ تَحْرُسُ فيِ سَبيِلِ اللهِ». رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ.

Алланың Елшісі (с.а.с.): «Екі көзді тозақ оты шарпымайды: Алладан қорқыныштан жылаған көз бен Алла жолында елін күзеткен көз», – деген[3]. Бұл тұрғыда халық даналығы «Отан үшін отқа түс, күймейсің» дейді. Елін, жерін қызғыштай қорғау, қоғам қауіпсіздігін сақтау – әрбір иманды ердің борышы. «Отанды сүю – иманнан» деген қанатты сөз де бар.

Кез келген мекен мен уақыт сол мекен мен кезеңде жасалған істерге байланысты маңыздылыққа ие болады. Сондықтан ата-бабаларымыз ислам дінін сонау ерте ғасырларда қабылдап, ислам мәдениетіне өзіндік үлестерін қосқан мұсылман қазақ елі мен жері, осы жерде өмір сүрген азаматтар үшін қасиетті де қастерлі болмақ. Шекарасы белгілі, сыртқы жаудан қорғалған, дүние-мүлік, жан, ар-намыс пен ар-ождан бостандығы қамтамасыз етілген ел мұсылманның отаны саналады. Мұндай жерде тұрып жатқан мұсылман баласына сыртқы және ішкі шабуылдардан отанын қорғау парыз болып табылады. Ислам шариғаты бойынша мумин жан дінін, өмірін, ақылын, ар-намысы мен мал-мүлкін қорғауы тиіс. Бұл өз кезегінде мал-жаны қорғалған, еркін түрде өмір сүріп жатқан жері мен елін қорғау арқылы ғана жүзеге асады.

Біздің Отанымыз – Қазақстан, байырғы қазақ жері. Хақ Тағала қазақтың маңдайына нәсіп еткен бұл кең байтақ атамекенді мұсылманшылықтан ешқашан айнымаған ата-бабамыз найзаның ұшымен, білектің күшімен, иманның нұрымен қорғады. Кейінгі ұрпаққа мұра етіп, аманат етіп қалдырды. Енді сол Отанды қорғау – қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты баянды ету – бүгінгі ұрпақтың, мұсылман қазақ баласының азаматтық әрі діни міндеті.

Алла Тағала Отанымыздың тәуелсіздігін баянды етсін! Ел тыныштығы мен тұрақтылығы үшін еңбек етіп жүрген ерлердің ісіне береке берсін!

والله اعلم بالصدق و الصواب

ҚМДБ-ның шариғат, пәтуа бөлімі

[1] Хаким, Табарани, Бәйһақи риуаят еткен.

[2] Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

[3] Термези риуаят еткен.

Бір жыл бұрын Дағыстанға Пайғамбарымыздың (с.а.у.) 20-дан астам қасиетті жәдігерлері табысталған болатын. Сол кезде жүз мыңдаған адам Пайғамбарымыздың (с.а.у.), сахабалардың және оның жанұясының жеке заттарын өз көздерімен көрген болатын. Ал, бұл көрмеге келе алмай қалған жамағат үшін жақында «Дағыстандағы Пайғамбарымыздың (с.а.у.)и жәдігерлері» атты кітап жарық көрді.

Кітаптың тұсаукесері салтанатты түрде өтті. Оған елдегі беделді кісілер, дінтанушы ғалымдар, Араб елінен келген қонақтар қатысты. Кітап «Нурул Иршад» баспа үйінде басылып шыққан. Оны барлық кітап дүкендерінен алуға болады.

islam.kz

Вторник, 01 Июль 2014 17:00

ВИДЕО: Сақал қою мәселесі

 

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником